Тұтынушыны «қақпанға түсіретін» тәсілдердің тағы бірі - жеңілдіктер.
Алдымен, бағаны жасанды түрде 3 есеге кетереді. Өнім сұранысқа ие
болмағаннан кейін оны «30% жеңілдікпен» сатуға кешеді. Нәтижесінде
сұраныс ұсыныстан асып түседі. Ап шындығында, адамдар тауарларды
200% үстеме бағамен сатып алып жатқанын білмей де қалады. Олар
дүкеннен тауарды арзанға сатып алдық деп қуанып қайтады.
Сұранысты әрдайым жоғары деңгейде ұстау үшін бүкіл сала жұмыс
істейді. Тұрмыстық химиялық заттарды өндіруді қолға алыңыз: шаштың
ұқыпты көрінуі үшін сусабын қажет. Сіз сусабын сатып алдыңыз делік.
Қажеттілік қанағаттандырылғанға ұқсайды. Шашыңыз жұп-жұмсақ болып
жақсы таралу үшін кондиционер алдыңыз ба? Шашты нәрлендіруге
арналған бальзам ше? Нәтижесінде тұтынушы бір сусабынмен бірге
шашқа арналған тағы екі бөтелке затты қосып алды. Есесіне, кәсіпкерлер
байыған үстіне байып жатыр. Тұтынушы да риза.
Міне, көріп отырғандарыңыздай, тұтынушылардың қалтасынан ақша
шығару - өнер. Мықты маркетинг үшін қиялыңызды ұштау керек. Мұндай
креативтермен компанияның бүкіл шығармашылық бөлімі айналысады.
Сату үшін нарыққа сауатты жарнама жіберіп, тұтынушының психологиясын
жақсы білу қажет.
Сонымен сіз қандай тұтынушысыз? Жоғарыдағы кеңестерден не
түйдіңіз? Қызметтүрін таңдағанда, тауар алғанда маркетингтіктәсілдердің
қақпанына түсіп қалудан сақтаныңыз. Бізге, тұтынушыларға, қырағылықты
жоғалтпай, ақшамызды қайта-қайта есептеп, тым аңқау болмағанымыз
дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: