Динаева б. Б., Сапина с. М



Pdf көрінісі
бет61/119
Дата27.09.2022
өлшемі5,44 Mb.
#40470
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   119
Байланысты:
Динаева-Б.Б.Сапина-С.М.-Академиялық-сауаттылықтың-теориялық-және-практикалық-негіздері

Конспектінің маңызы
Конспект адамның ақпаратты қысқа мерзімді жадынан өте ұзақ уақыт 
сақталатын ұзақ мерзімді жадына ауыстыру үшін керек. Біз білім алу 
үшін оқимыз ғой... Алған білімнің жадымызда ұзақ уақыт сақталуы үшін 
оны пайымдап қорыта білуіміз қажет. Міне, конспект осыған көмектеседі.
Жоғарыда атап өткеніміздей, конспект - тақырыпты қысқаша 
мазмұндау. Тақырыпты қысқаша берудің жолын конспектіден көре 
аламыз, себебі конспектіде тек негізгі ақпарат қана беріледі. Конспект 
көлемі жағынан түпнұсқа мәтіннен екі есе аз болуы керек деп есептеледі.
Конспектілеу көмегімен емтиханға дайындалу жеңіл болады. Егер 
сіздің езіңізге конспект жазуға тура келсе, сіз материалдармен мұқият 
жұмыс істейсіз, яғни ақпаратты қорыта отырып, басты ақпараттан қосымша 
ақпаратты бөлуді үйренесіз. Сонда конспектілеу дегеніміз қандай да бір 
бақылау жұмыстарына немесе емтиханға дайындалу болып табылады 
екен, Материалды конспектілегеннен кейін ол сіздің есіңізде ұзақ уақыт 
сақталады.
Конспект бойынша материалды қайталау - өте оңай. Тақырыпты 
есімізге түсірудің ең оңтайлы жолы - ол конспектіні оқу, себебі онда 
тақырып бойынша негізгі терминдер, тірек сөздер, ең басты қағидалар
ережелер мен нормалар жазылады. Егер сіз конспектіні езіңіз жазсаңыз 
(дәрісте ұйықтап отырғандықтан немесе сабаққа келмегендіктен, 
топтағы студенттен көшіріп алмай), қайталау жеңіл, конспектіні оқи 
отырып, осы тақырыпқа байланысты оқытушының дәрісін еске түсіресіз. 
Егер сіз семинарға немесе емтиханға өзіңіз жазған конспект бойынша 
дайындалсаңыз, ақпарат оңай қорытылады. Мұндай жағдайда сіз өзіңіз 
жұмыс істеген материалдарды да еске түсіресіз.
Конспектінің түрлері
Конспект-жоспар. Тақырыпты ашуға қажетті басты мәселелер 
санамаланатын жоспар негізінде жасалады. Қағазда бұлайша мазмұндау 
түрі материалдың алдын ала құрылған жоспарының негізінде жасалады, 
белгілі бір тармақтар (тақырыптарымен бірге) және тармақшалардан
102


түрады. Әр тақырып конспектілеу барысында ашылады, қысқа мәтінмен 
толықтырылады, соңында дұрыс құрылған конспект-жоспар шығады. 
Осындай нұсқадағы конспект түрі кепшілік алдына немесе семинарға 
шығу үшін тез арада дайындалуға көмектеседі. Әрине, жоспар жүйелі 
жасалса (оның тармақтары барынша мазмұнды болуы керек), сіздің 
баяндамаңыз да мазмұнды әрі толық болып шығады. Мамандар жоспар 
түріндегі конспектіні сіздің қолданған барлық дереккөздеріңіз көрсетілетін 
белгілермен толықтыруды ұсынады, ейткені уақыт өте келе оларды еске 
түсіру қиынға соғады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет