Ғылыми стиль жанрларын оқудың түрлері:
1. Ізденімдік оқу - ізденушінің езін қызықтыратын хабарды, деректі,
сілтемені мәтіннен іздеп тауып, пайдалана білуі. Кез келген ғылыми
шығарманың кіріспесі және қорытындысы болатыны белгілі, сондықтан
ізденімдікоқудымеңгеруғылымимәтінніңкомпозициялықерекшеліктеріне
байланысты.
2. Танымдық оқу - кез келген қызықты, танымдық мәні бар мақала,
кітап, пікір, газет-журнал т.б. оқу. Ерекшелігі: арнайы ізденушілік, сол
материалды зерттейін деген мақсатбола бермейді. Ақпаратты зерттеуден
гөрі жалпы өмірден хабардар болу үшін жүргізіледі.
3. Зерделік оқуда ізденуші берілген мәтінді не материалды басынан
аяғына дейін түсініп оқуы керек. Зерделік оқу барысын екі кезеңге белуге
болады:
1-кезең. Дайындық кезеңі. Мұнда мәтіндегі ақпараттьі толық, нақты
ұғу үшін грамматикалық, лексикалық дағдыларды меңгертуді мақсат етіп
қояды.
2-кезең. Мәтіннен ақпаратты алуға тікелей бағытталады. Ғылыми
стильжанрларындағы ғылыми мәтіндердіңмазмұнынашатынлексикалық
ерекшеліктер:
1)
негіздеу;
2)
түсіндіру;
3)
дефиниция;
4)
бақылау;
5)
сипаттау;
6)
эксперименттің еткізілуі
7)
тексеру;
8)
салыстыру;
9)
топтастыру;
10) дәлелдеу;
11) пікірлесу, баға беру;
12) жарияланым.
Бұл ерекшеліктердің бәрі бір мәтіннен көрініс табуы мүмкін емес.
Достарыңызбен бөлісу: