«Динамика негіздері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау Тапсырмалар Суретте оңға қарай кетіп бара жатқан вагон ішіндегі адамның қозғалысы бейнеленген.
(a) Суретте қандай құбылыс бейнеленген?
(b) Суреттегі адам қозғалысын сипаттаңыз.
Жеңіл автокөліктің массасы 1,4 тонна. Егер оның доңғалағы мен асфальттың арасындағы үйкеліс күшін елеусіз аз десек, жеңіл автокөлік 0,025 м/с2 үдеу алу үшін, адам қандай күш түсіруі қажет?
Тарту күші 15 кН болатын жүк көлігінің артындағы тіркемеге 0,3 м/с2 үдеу береді. Егер сол тіркемеге келесі бір жүк көлігі 60 кН болатын тарту күшін түсірсе, тіркеменің алатын үдеуін анықтаңыз.
Дене 6 с ішінде 5 Н күш әсер етеді. Күштің әсер етуі нәтижесінде жылдамдықтың өзгеруі 36 км/сағ-ты құраса, дененің массасын анықтаңдар?
Әрқайсысының массасы 3000т екі кеме бір-бірінен 2км қашықтықта тұр. Олардың арасындағы тартылыс күші