Діни мазмұнды шығармалардың тақырыбы мен идеясын саралаңыз, оларды зерттеген ғалымдар шығармаларына шолу жасаңыз


Қазақ жыраулары шығармаларындағы Ясауи бейнесін зерделеңіз, қоғамда алатын орнын анықтаңыз



бет38/67
Дата07.01.2022
өлшемі171,84 Kb.
#19580
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   67
Байланысты:
Діни мотив

Қазақ жыраулары шығармаларындағы Ясауи бейнесін зерделеңіз, қоғамда алатын орнын анықтаңыз.

Қожа Ахмет Иассауи – сопылық əдебиеттің ірі өкілі , əйгілі ақын , есімі ислам əлеміне мəшһүр болған ойшыл қайраткер. Ахмет Яссауи кезінде «жахрия»(экстаз) немесе «Яссауия» деп аталып кеткен сопылық – мистикалық ағымның негізін қалады. Ахмет Яссауи Испиджаб (Сайрам) қаласында туылған. «Диуани хикмат» («Даналық кітабы»)- түркі халықтарының ХІІ ғасырдан сақталған əдеби ескерткіші. Даналық кітабы оғыз- қыпшақ тілінде өмірге келген əдеби туынды.Ахмет Яссауи өлеңдер жинағының ең толық нұсқасы Қазан (1887 жəне 1901) басылымы болып табылады. Түрік ғалымы М. Ф.Кепрюлю- заде , белгілі орыс ғалымдары А.К.Самойлович, Е.Э.Бертельс, А.К.Боровков , Г.Ф.Благова, т.б Ахмет Яссауи жырларын зерттей келіп , кезінде оны жоғары бағалады, əрі ақынның өзінен кейінгі сөз зергерлеріне тигізген əсері зор болғанын ерекше атап көрсетті. «Диуани хикмат» - исламның дін- шариғат жолдарын дидактикалық мазмұнда поэзия тілімен бейнелеген жыр жинағы. Даналық кітабы адамзатты туыстыққа , бауырмалдыққа, ізгілікке, имандылыққа шақырып, мұсылман дінінің қағида, шарттарын, Алланы танудың жолдарын баяндайды. Диуани хикматтағы сопылық ағымның философиялық ой- пікірлері: əділдік жолына түсу, ақиқатты іздеп табу, адамның рухани өмірінің таза болуы, т.б.

М.Ф. Кепрюлю – заде: «Ахмет Яссауи хикматтарының жазылу тарихын, поэтикасын, әлеуметтік бағыт- бағдарын тұңғыш рет әдебиеттану ғылымы тұрғысынан жан- жақты зерттеген ғалым.»

Қожа Ахмет Йасауи ілімі – дін, мҽзһаб аясына сыймайтын шексіз махаббат жолы. Қожа Ахмет Йасауи дҥниетанымында «дертті адам», «топырақ адам», «кемел адам», сондай-ақ, «ғарип адам» тҧлғалары да дҽріптеледі. Ғарип адамды кемелдік мҽртебесіне жеткізіп, пайғамбардың қоғамдағы өкілі, ізбасары ретінде бағалайды. Қожа Ахмет Йасауи ҿзін де ғарип ретінде көрсетеді: «Ғариппін ешкімім жоқ, бейшарамын hҽм пақыр, Сенен басқа кімім бар, рақым ет Аллах таң сҽріде» – деп рақымды тек Аллахтан ғана кҥтеді. Өйткені оны Аллахтан басқа шын ҧғатын, қолдайтын ешкім жоқ. Оны ғарип қылып, жалғыздыққа итермелейтін кҥш оның дҥниеге деген кҿзқарасы, илаhи ашық – Хақ жолына деген ҧмтылысы мен махаббаты. Ғариптік – адамның өз-өзімен іштей кҥресіп, санасын сансыратқан мәселелердің шешімін табу жолында рухымен тілдесу, өз ҽлімен ғана ләззат алу сияқты көңіл-күйді білдіретін психологиялық хал. Сондықтан да Қожа Ахмет Йасауи «Қай жерде ғарип көрсең һем дем болғыл»,- дейді. Яғни оларға дем бер, қолдау көрсет, қасынан табыл, құрметте дегені еді.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет