Дінніњ ќ±рылымы мен функциялары. Ќазаќстанныњ діни жаѓдайы



бет1/6
Дата07.12.2022
өлшемі0,54 Mb.
#55540
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Дін. философия 2

Тақырыбы: «Діннің құрылымының элементтері. Діннің шығу тегінің мәселелері». Орындаған: Мейрамғалиқызы Альфия группа: 21-001-02к

Жоспар:

  • 1. Діннің құрылымының элементтері.
  • 2.Алғашқы қоғамдық қауымның діни сенімдерінің түрлері.
  • 3. Діни ұйымдардың түрлері.
  • Дін дегеніміз - әлемді танудың ерекше формасы, жоғарғы күштерге сену арқылы моральдық нормалар мен әр түрлі культтық дәстүрлерге бағыну.

Дін қоғамдық үлкен жүйенің бір бөлігі болып табылады. Діннің жүйелік құрылымы өте күрделі. Ол негізінен үш түрлі элементтерден тұрады.

  • Дін қоғамдық үлкен жүйенің бір бөлігі болып табылады. Діннің жүйелік құрылымы өте күрделі. Ол негізінен үш түрлі элементтерден тұрады.
  • 1. Діни санадан;
  • 2.Діни мінәжаттан;
  • 3. Діни ұйымдардан.
  • Діни сана діннің негізгі элементтерінің бірі. Діни сана қоғамдық сананың ежелгі формаларының бірі. Діни сана екі деңгейден тұрады.
  • Бірінші деңгейі-діни идеология. Діни идеология дегеніміз-белгілі бір тәртіпке, жүйеге келтірілген діни ойлардың жиынтығы. Діни идеология діни ғұламалардың, діни қайраткерлердің жасаған идеясының жүйесі.
  • Екінші деңгейі-діни психология. Діни психология дегеніміз белгілі бір дінге байланысты адамдардың сезімдерінің, көңіл-күйлерінің, мінез-құлықтарының жиынтығы.

Діни құрылымның келесі элементі “діни мінәжат” болып табылады. Діни мінәжат діндер өмірінде, дінді ұстанушылар өмірінде және қоғам өмірінде үлкен орын алады. Діни мінәжат дегеніміз-белгілі бір объектіге ықпал етуге бағытталған адамдардың жалбарыну сөздері мен практикалық дене қимылдарының жиынтығы. Мысалы, әлем діндерінің бірі-ислам дінінде намаз оқумен қатар, ораза тұту, құрбандық шалу, дін ғұрыптарын ұстану, діни салттарды орындау сияқты ғибадат етудің көптеген түрлері бар.

  • Дін құрылымының үшінші негізгі элементі діни ұйымдар. Діни ұйымдарға ең алдымен шіркеулер, мешіттер, ғибадатханалар жатады. Сонымен қатар діни оқу мекемелері, діни мүліктер, діни қозғалыстар жатады. Шіркеулер, мешіттер діндердің біршама дербестігі бар институттары, мекемелері. Шіркеу мен мешіттер белгілі бір дінді ұстанатын адамдардың мінәжаттарын ұйымдастыруға көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет