Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің
Филология факультеті
5В020700 – “Аударма ісі” кафедрасы
4 курс студенті
Хунанбай Жансаяның
Диплом алды іс-тәжиірбе бойынша
ЕСЕБІ
Мен, Хунанбай Жансая 29.03.2021 ж. және 01.05.2021 аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің филология факультеті, “Аударма ісі” кафедрасында диплом алды іс-тәжиірбеден өттім.
Диплом алды іс – тәжиірбенің мақсаты - теория жүзінде алынған білім және дағдыларды жүзеге асыру, оқу үдерісі барысында алынған немесе таңдалынған ғылыми мәселе бойынша зерттеулерді практика тексеруден өткізу, дипломдық жұмыстың қорытындысын шығару.
Диплом алды іс – көптеген теориялық бөлімді жетілдіру, және бекіту, зерттеу жұмысының нәтижелерін тәжиірбеде қолдану, дипломдық жұмысты орындауға қажетті инструктивтік-әдістемелерді материалдарды оқу, оқу жылында қарастырылған ғылыми материалдарды зерттеу
Зерттеу жұмысының нәтижелері аударматану бойынша оқулықтар, оқу құралдары, әдістемелік нұсқаулықтарды жазу кезінде, «аударматану», «Абайтану» т.б. арнайы курстарда өтілетін дәрістер мен семинар сабақтарында пайдалануға болады.
Диссертацияның нәтижелері, онда тұжырымдалған ғылыми пікірлер абайтану саласында, Абай шығармаларының орыс, ағылшын, туыстас халықтардың тілдеріне тәржімалануы мәселелері туралы еңбектерде, кӛркем аударманың теориясы мен практикасы туралы зерттеу жұмыстарын жүргізуде пайдалы бола алады. Сонымен қатар жоғары оқу орындарында жүргізілетін кӛркем аударма курстарын оқу барысында пайдалануға болады. Зерттеу барысында алынған нәтижелер аударма теориясы мен практикасын оқыту саласында, Қазақстанның жоғары оқу орындарының оқу бағдарламаларының мазмұнына кіретін элективті аударма пәндерін қалыптастыру кезінде, аударматану мен аударма тәжірибесіндегі әдіснамалық жұмыстар үшін пайдаланылуы мүмкін.
Аударма теориясы мен практикасы тұрғысынан зерттеу жасайтын бұл жұмыс барысында алынған ғылыми нәтижелер, алдымен Абайдың мағыналық поэтикалық новацияларын мен оның ассоциативті өрісін зерттеуде отандық әдебиеттанудағы троптардың поэтологиясына, метафораның аудармашылық интерпретациясын қарастыру поэтикалық аударма теориясына, поэтикалық жүйедегі функционалды маңызды элементтердің аудармада берілудің теоретикалық мәселелерін зерттеу аударматану, Абайтану, әдеби компаративистиканың дамуына үлкен үлес қосады
Достарыңызбен бөлісу: |