Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғам
ҒҰМАРБЕК ДАУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Электроэнергетика және электротехника институты
Мазмұны
1.Кіріспе..............................................................................................................3
2.Өндірістік практиканы өту мақсаты.............................................................3
3.Негізгі бөлім....................................................................................................4-8
4.Қорытынды......................................................................................................9
5.Пайдаланған әдебиеттер тізімі.......................................................................10
Кіріспе Өндірістік практика – білім беру процесінің маңызды құрамдас бөлігі. Практика кезінде біліктілік сипаттамасына сәйкес оқушылардың негізгі кәсіби біліктері мен дағдыларын қалыптастыру жүзеге асырылады, ұйымның (кәсіпорынның) жұмысын зерделеу негізінде білімдері кеңейтіледі, тереңдетіледі және жүйеленеді, заманауи жабдықтар мен тетіктер игеріледі, бастапқы кәсіби тәжірибе жинақталады.
Өндірістік практикасынан өту оқыту мен даярлаудың маңызды кезеңі болып табылады және оқу процесінде алынған білім мен практикалық дағдыларды жетілдіру, меңгеру, жаңа жабдықтармен, озық технологиялармен, еңбекті ұйымдастырумен, өндіріс экономикасымен танысу, цехтың (қызметтің) орта буын басшысының міндеттерін зерделеу, таңдалған мамандық бойынша ұйымдастырушылық жұмыстарды меңгеру міндетіне ие.
Өндірістік практикасы жұмыс орны бойынша жүргізіледі. Оқу барысында оқушы ұйымда өндірістік процестер мен заманауи жабдықтарды игеруі, арнайы пәндерді оқу кезінде алған білімдерін бекітуі, мамандық бойынша іскерліктер мен дағдыларды игеруі, оқу практикасы кезінде алған жұмысшы мамандығы бойынша іскерліктерін жетілдіруі тиіс.
Өндірістік практика өту мақсаты Өндірістік практика оқу жұмысының маңызды түрлерінің бірі бола отырып, болашақ мамандарды практикалық жұмысқа дайындауға, олардың кәсіби дайындық деңгейін арттыруға және еңбек ұжымдарында жұмыс дағдыларын игеруді қамтамасыз етуге арналған.
Практиканың мақсаты – қазіргі заманғы өнеркәсіптік кәсіпорынның немесе қалалық электр желілері кәсіпорнының өндірістік-шаруашылық қызметін және басқару құрылымын, бас энергетиктің, электр цехының және электр зертханасының, жобалау-конструкторлық институттар мен бөлімдердің құрылымы мен функцияларын, электр энергиясын берудің, таратудың және тұтынудың технологиялық процестерін, жүйе жабдықтарының құрылғысы мен пайдаланылуын зерделеу болып табылады өнеркәсіптік кәсіпорындарды, қалаларды және ауыл шаруашылығын электрмен жабдықтауды, кәсіпорындарды электрмен жабдықтау жүйелерін жобалау технологиясын, негізгі құралдарды пайдалану бойынша практикалық дағдыларды кәсіпорындар мен қалаларды электрмен жабдықтау жүйелерінің электр жабдықтары, электрмен жабдықтау жүйелерін жобалау, теориялық пәндер бойынша білімдерін бекіту, тереңдету және кеңейту.