Диплом жұмыcы 5В010200 «Бacтayыш оқытy пeдaгогикacы мeн әдіcтeмecі»



бет26/30
Дата09.05.2022
өлшемі1,51 Mb.
#33365
түріДиплом
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Бөдене құсы туралы деректер

Бөдененің қалыпты дене қызуы қырық екі гра­дус­ болғандықтан, оның сальмонелез, құс тұмауы сияқты жұқпалы дерттерге қар­сы тұру қабілеті күшті. Сол себепті оның жұмыртқасын шикідей жұту өте пай­далы. Жапония мен Қытайда бір­не­ше ғасырдан бері оның еті мен жұмырт­қа­сын­ халық медицинасында пайдаланып келе­ді. Тіпті Жапонияда мектеп оқушысының таңер­тең­­гі ас мәзіріне бө­де­­ненің екі жұмыртқасы мін­детті түрде енгі­зіледі екен. Бұл балаларды­ бөртпе мен диа­тезден құт­қарады. Сондай-ақ баланың ой­лау­ қа­бі­летін арттырады. Жалпы, бөдене жұ­мырт­қасы анемияға, бас ауруына, демікпе мен туберкулезге, қан қысымының көте­ріліп және түсіп кетуін реттеуге, сал­қын тиген мен тұ­мауға, асқазан, ішек ауру­ла­­­рына, әсіресе ас­қазан жарасы мен гастрит­ке таптырмас ем. Тіпті жапондықтар бө­де­не жұ­мырт­қасын тұрақты тұтынған науқастың қатер­лі ісіктің өзінен айығатынын дәлелдеген көрі­не­ді.

Жұмыртқаның адам ағзасына берер пайдасы мол екенін бұрыннан-ақ белгілі. Оны пайдалану Ежелгі Үнді жерінде бастау алған деген дерек бар. Ертеде қыз-келіншектер әжімнің көзін жою үшін немесе шаштары қатты болу үшін жұмыртқаны пайдаланған. Ал ер азаматтар жорыққа не шайқасқа шықпас бұрын, жұмыртқамен ауқаттанған. Сондай-ақ, өз жарақаттарын жұмыртқа басу арқылы жазған екен.

Ал жұмыртқаны шектен тыс пайдалану сүйекті ақауларына алып келеді...


Дауысқа, шашқа, тiптi бүкiл ағзаға пайдасы зор деген сенiммен жұмыртқаны шикiдей сiмiретiндердiң ендi бұдан былай ол әдеттен арылғандары дұрыс. Себебi дүниежүзiлiк медицина бүгiнде пiспеген жұмыртқаның пайдасынан гөрi зияны көптiгiн анықтап отыр. Бiрiншiден, жұмыртқаның дауысқа пайдасы бары ғылыми дәлелденбеген. Екiншiден, кез келген шикi аста кездесетiн секiлдi жұмыртқада да көптеген аурудың қоздырғыш вирустары жүредi. Солардың ең бiрiншiсi – құс тұмауы. Көпшiлiгiмiз қолданар алдында жұмыртқаның сыртын жууды бiлмеймiз де. Ал барлық вирус сол сыртқы қабыршығында болады екен. Сонымен қатар сальмонеллез атты адам ағзасына аса қауiптi инфекция шикi жұмыртқада жиi ұшырасады. Жұмыртқаны пiсiрiп жегеннiң өзiнде де оның белгiлi бiр мөлшерiнен артығы ағзаға зиян дейдi дәрiгерлер. Гарвард әскери-медициналық мектебiнiң мамандары аптасына алты жұмыртқадан артық жеген адамдардың өмiр сүру ұзақтығы 23 пайызға қысқаратынын анықтапты. Әсiресе, жас шамасы 40-тан асқандар, қант диабетiмен ауыратындар мен жүрек, бауыр ауруы бар адамдардың жұмыртқаны аса сақтықпен жегендерi жөн.

Тауыққа қарағанда, бөдененің дене қызуы 2 градусқа жоғары. Сондықтан, оның жұмыртқасын ұдайы тұтынған адамның қан айналымы өте жақсы жұмыс істейді. Бұдан басқа, бөдене жұмыртқасы адамның иммунитетін көтеретін қасиетке ие. Жалпы аурудың басым бөлігі қан айналымының дұрыс болмауынан туындайтынын ескерсек, бөдене жұмыртқасын тұтыну адам денсаулығына қаншалықты пайдалы екенін байқауға болады. Біздер бөдене жұмыртқасына тәжірибе жүргізгенімізде, оның дәрумендік құрамы тауық жұмыртқасына қарағанда 3-4 есе жоғары екеніне көз жеткіздік. Кезінде АҚШ Жапонияға атом бомбасын тастап, үлкен экологиялық апатқа ұшыратқаннан кейін, жапондықтар бөдененің адам бойындағы радиацияны ыдырататынын біліп, міндетті тамақ рационына енгізген. Сол кезде әрбір жапон баласы таңертең міндетті түрде бөдене жұмыртқасын шикідей ішетін болған. Осының арқасында жапон халқы денсаулығын түзеп, ойлау қабілетін дамытты. Бүгінде жоғары деңгейде дамыған мемлекеттердің көшін бастап келеді. Бөдене жапон халқын құтқарып қалды десек те болады. Кезінде Шыңғыс ханның өзі жаралы жауынгерлеріне бөдененің жұмыртқасын ішкізіп, аяққа тұрғызғанын тарихи кітаптардан оқығаным бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет