Диплом жұмысы 9-сынып қазақ тілінің стилистикасын оқытудың әдіс-тәсілдері


Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі



бет3/21
Дата21.09.2023
өлшемі388,5 Kb.
#109480
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
Дип.-9-сынып-қазақ-тілінің-стилистикасын-оқытудың-әдіс-тәсілдері

Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі: Мектеп оқушыларының сөйлеу тіліне көбіне мәтіннің стильдік бірыңғайлығын сақтамау, тілдің бейнелеу құралдарын орнымен пайдалана білмеу, синонимдік қорының жұтаңдығы, сөйлеудің көбінесе штампқа құрылуы, шығарманы жалаң лепірме потетикаға құрып жазу сияқты т.б. қателер тән болып келеді.
Мұндай қателер тілдік құралдардың стилистикалық реңктерін білмеуден туады.
Сондықтан оқушыларды стилистикалық дағды мен стилистикалық түйсікті тәрбиелеудің қажеттігі зор.
Тілдік пән ретіндегі стилистиканың пәні, міндеттері, сипаты көлемі мен мазмұны, оның басқа ғылым салаларымен қарым-қатынасы әртүрлі түсіндіріліп жүр. Оның негізгі қарастыратын мәселелерінің қатарына әдеби тілдің стильдік тармақтары, тілдің бейнелегіш, мәнерлегіш құралдары, синонимдер т.б. жатқызылғанымен, олардың өзін түсіндіруде әртүрлі көзқарастар болып келді. Стилистика ғылымы дамыған сайын жаңа мәселелер туындап отырады.
Ал оның түрлерін анықтауда ғалымдар арасында онша көп алшақтықтары жоқ. В.В. Виноградов стилистиканың өзара бір-бірімен байланысты, бірақ өзіндік мәселелері, өзінің міндеттері, өлшемдері мен категориялары бар 3 түрін бөліп көрсетеді. Олар: 1. «жүйелердің жүйесі ретіндегі» тілдің стилистикасы немесе құрылымдық стилистика, ол тілдің функционалды стилдерін зерттейді;
2. сөйлеу стилистикасы, ол ауызша және жазбаша сөздің қоғамдық шартталған түрлері мен жанрлары арасындағы мағыналық және экспрессивтік — стилистикалық сипаттағы айырмашылықтарды зерттейді. (мысалы, лекция, пікірталас, баяндама, әңгімелесу, мақала, ғылыми пікір, құлтықтау, хат т.б.);
3. көркем әдебиет стилистикасы, ол көркем шығарманың, жазушының стилін құрайтын барлық элементтерді зерттейді. [1, 20].
М.Н. Кожина стилистиканың төрт бағытын немесе аспектісін көрсетеді:
1. Тілдің стилистикалық байлығын зерттейтін бағыт, бұл сипаттама стилистикаға жатады. Өйткені ол тілдегі барлық бояулы құралдарды, сөздер мен тілдік тұлғалардың, құрылымдардың бейнелеуіш қасиеттерін мағыналық - функционалдық мүмкіндіктерін зерттейді. Бұл бағыттың негізгі бір нысанына тілдің стилистикалық синонимиясы жатады.
2. Функционалды стилистика. Ол функционалды стильдерді зерттейді.
3. Көркем әдебиет стилдері туралы ғылым.
4. Практикалық стилистика. [2]. Осыған байланысты В.В. Виноградов:
«Тілдік құралдардың әсер ету сапаларын зерттей отырып, сөздік құрамдағы, сөз таптарындағы, синтаксистік құрылымдардағы синонимдік эквиваленттерді, варианттарды айқындай отырып, стилистика тілді зерттеудің өзіндік бір биік шыңы, ұлттық тілдік мәдениетті арттырудың теориялық негізі болып табылады», -дейді. [3].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет