Ішкі электр схемасының жобасы
Ішкі электр схемасы жүктемелердің орналасу типі бойынша жобаланады. Кабельдер арнайы эстака бойынша тартылады. Кабельдің аппаратураларға қосылуы мен ажыратылуы техникалық қауіпсіздік және өртке қарсы қауіпсіздік (ПТБ,ПТЭ және ППБ) ережелерін қатаң сақтаумен , нормаларына сәйкес жасалынады [16].
3.2 АРЫСҚҰМ КЕН ОРНЫНЫҢ БҰРҒЫЛАУ ҚОНДЫРҒЫЛАРЫНЫҢ ЭЛЕКТРЛІК СХЕМАСЫ
Арысқұм кен орнының бұрғылау қондырғыларының электрлік схемасын мына төмендегіше сипаттауға болады. Бір сым жүргізу резервтік станциядан 35/6 кВ 6 кВ желі арқылы жүреді. КТПН қондырғыларынан желі трансформаторға қосылады.
3.1-3.3- суреттерде Құмкөл (Арысқұм) өндірістік бұргылау аймағының электрленген желілерінің жүйесі көрсетілген.
Ол жерден шинамен жүргізу автоматы арқылы , РУ-0,4 кВ бөліп таратқыш қондырғымен қосылады . Бөліп таратқыш қондырғы ретінде жабық атқарудағы КРУ-15 қолданылады. Онда А3700 типіндегі автоматтар қосу/ажырату операциясын орындайды.
Екі секция өзара ажыратылған автомат арқылы қосылған. АвтоматАВР қондырғысымен жабдықталған. Станцияның қалған жүктемелері автоматтар арқылы секцияға қосылады. Автоматтар қашықтықтан басқарылады және толық автоматталған болып келеді. Қорғанудың барлық түрлері қарастырылған [17].
Сурет 1. Арысқұм бұрғылау стансасының электрленген жүйесі
Сурет 2. Құмкол Арысқұм өндірістік бұрғылау аймағының электрлендірген схемасы
Сурет 3. Арысқұм бұрғылау аймағының жобасы
3.3 ҚЫСҚА ТҰЙЫҚТАЛУ ТОГЫН ЕСЕПТЕУ
Айқас тұйықталу тогы тұйықталу кезіндегі электрлік схеманың кез келген жерінде көрінеді. Бұл жағдайда токтың мәні он еседей артып, және электр жабдықтарының істен шығуына алып келеді. Сондықтан да, біз осы токтың мәнін білу үшін есеп жүргіземіз. Есептеуде біз айқас тұйықталу тогының мерзімдік, және соғу күшін анықтаймыз. Сондай-ақ, электр жабдықтарының осы токтың термиялық әсерін динамикалық мықтылығын анықтаймыз. Есептеу мына төмендегіше жүргізіледі:
Электрлік схеманың барлық жабдықтарын анықтаймыз (генератор, трансформатор, кабельдер мен сымдар, аппараттар және т.б.).
Электрлік схеманы алмастырамыз. Бұл схемада жабдықтардың қоректену көздері мен барлық кедергі есептелінеді.
Ом заңын пайдалана отырып, схеманың әрбір нүктесіндегі айқас тұйықталуды , осы нүктедегі жалпы кедергі мен қоректену арқылы анықтаймыз.
Айқас тұйықталу тогын анықтай отырып, біз аппаратураны , кабельдерді, сымдарды таңдаймыз.
Айқас тұйықталу деп электр жабдықтарының жұмыс істеп тұрған кезінде, тізбектегі фазааралық тұйықталудан ток күшінің бірнеше есе арту құбылысын айтамыз.
Бұл кезде электр жабдықтарының тізбегі арқылы айқас тұйықталу тогы жүреді.
Кернеудің мәні төмендейді. Айқас тұйықталу тогы бірнеше түрге бөлінеді. Мысалы: мерзімдік, соғу және мерзімдік айқас тұйықталу тогы. Олардың мәні мен әсер ету ұзақтығы әртүрлі болып келеді. Электр жабдықтары үшін ең ауыр зардапты, айқас тұйықталудың соғу және мерзімдік токтары тигізеді. Сондықтан да, электр жабдықтарын таңдамастан бұрын , айқас тұйықталу тогын есептейміз, және оларды техникалық мәліметтермен салыстыра отырып жабдықтарды таңдаймыз.
Айқас тұйықталу тогы арнайы әдістермен есептелінеді. Өйткені, токтың артуымен және кернеудің төмендеуінен тізбекте өтпелі кезең құрылады. Осыдан келіп айқас тұйықталу орнында доға пайда болады. Ал доға өтпелі қарсыласуды құрады. Егерде оны есепке алмаса , ол айқас тұйықталу тогына өте үлкен мән береді. Бұл әдіс есептеуді жеңілдетеді.
Өйткені айқас тұйықталу тогын есептеу кезінде мына төмендегілерді есепке алмаймыз:
Сыйымдылығы есептеуге жатпайды. Сондықтан да кабельдегі сыйымдылық тогын есептемейміз.
Үш фазалы тізбекті симметриялық деп есептейміз. Барлық фазалардың қарсыласуы бірдей болады.
Электр машиналарымен токты жұтып қоюға болмайды.
Трансформатордағы токтың магниттелуі есепке алынбайды.
Трансформатордың коэффициентінің ықпалы есепке алынбайды.
Айқас тұйықталу орнында пайда болатын кедергі есепке алынбайды.
Осы параметрлердің барлығы айқас тұйықталу тогының мағынасын 10%-ке ұлғайта алады. Электр жабдықтарын анықтай отырып, біз олардың кедергісін табуымыз қажет. Ол кезде электр жабдықтарының элементтері олардың кедергісімен орын ауыстырады. Ол кезде электрлік схема орын ауыстыратын схемаға айналадырады. Сондай-ақ тізбектегі белсенді элементтердің параметрлерін анықтаймыз. Орнын ауыстырушы схеманы есептеу схемасы деп те атайды. Есептеуді жеңілдету үшін , әрбір деңгейдегі кернеудің мәні анықталады. Айқас тұйықталу тогын есептеу үшін реактивтік кедергінің мәнін табу қажет. Мәліметтерді есептеу схемасына енгізе отырып, кернеудің әрбір деңгейіндегі айқас тұйықталу тогының мәнін анықтаймыз. Кедергілер мен кернеу бойынша барлық мәліметтерді жинай отырып, Ом заңын пайдаланумен айқас тұйықталу тогын анықтаймыз[18].
Алдымен, тізбектегі барлық белгілі бір параметрлерді есептеу схемасына енгіземіз.
Жобадағы ең басты электрлік схема
Есептеу схемасындағы трансформатордың кедергісінің мәнін табамыз. Кабельдің кедергісінің мәнін нолге тең етіп аламыз, өйткені кабельдің ұзындығы онша үлкен емес. РУ-6 кВ айқас тұйықталу қуаты 15 МВА-ға тең.
Трансформатордың жоғарғы жағындағы айқас тұйықталу тогын есептеу
Біздің жобамыздағы электрлік схемадағы айқас тұйықталу тогын есептеу схемасын құрудан басталады. Есептеу схемасы бойынша электр жабдықтарының белсенді элементтерінің кедергісі анықталады.
Есептеу салыстыру әдісімен жүргізіледі.
Кабельдің кедергісі мына төмендегідей формуламен анықталады.
(3.1)
2. Трансформатордың кедергісін мына төмендегі формуламен анықтаймыз:
, (3.2)
= 4,3 + 3,0354 = 4,335.
3. К нүктесіндегі айқас тұйықталу тогын табамыз :
Осы нүктедегі базистік токты табамыз.
, (3.3)
, (3.4)
Соқпа ток
(3.5)
К нүктесіндегі айқас тұйықталу тогын табамыз.
Осы нүктедегі базистік токты табамыз.
(3.6)
Бұл кезде айқас тұйықталу тогы
(3.7)
Соқпа ток
(3.8)
3.4 ЭЛЕКТР АППАРАТУРАСЫ МЕН ЖАБДЫҚТАРЫН ТАҢДАУ
Электрмен жабдықтау жүйесі қалыпты және апатты жағдайда бірқалыпты жұмыс істеуі қажет. Электр аппараттарына мынадай талаптар қойылады:
-қалыпты қысымға сәйкес келу;
-қондырғылар типіне сәйкес келу;
-қалыпты жұмыс режимінде қызып кетпеуі тиіс; -айқас тұйықталу кезіндегі электр динамикалық және термиялық төзімділік;
-қондырғының қарапайымдылығы және қолданудың ыңғайлығы, қауіпсіздік және төмен құндылығы.
-Біздің жобамызда жоғары кернеуге майланған айырғыш орнатылады. Оның жұмысы түрлі режимдегі тізбекті қосу және ажырату болып табылады.
Оның параметрлері 17-кестеде көрсетілген.
Есептеу мәліметтері :
Iп = айқас тұйықталу тогының тұрақты мәні
Iу = айқас тұйықталу тогының соқпа мәні
Sк = айқас тұйықталу тогының қуаты
IЕС = екінші қайтара оралған ток
Тп = tmіn +tCB қорғанудың ең төмен мәнінің уақыты
Оның мәні ПУЭ сәйкес 0,02 с болады.
Бұл кезде Тп = 0,02 + 0,08 = 0,1 с.
Айырғышты ұзақ ток күшіне тексеру:
Динамикалық тұрақтылыққа тексеру:
I=160,78Термиялық тұрақтылыққа тексеру:
I = 19,65< I=31,15 (kA).
(I²/t) (3.11)
=I²·(t+Ta=13,04²·( 0,41 + 0,02) = 73,12 (kA² · c) (3.12)
Та мерзімді токтың өшу уақыты
I²·t=31,5²·3=2976,75(kA²·c) (3.13)
ВМП – 10 типіндегі айырғыш барлық параметрлерге дұрыс келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |