Диплом жұмысы Ғылыми жетекшісі : ф.ғ. к аға оқытушы С. С.Үсенбаева



бет4/8
Дата06.01.2022
өлшемі0,6 Mb.
#14643
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
диплом жумысы №1

«Ғылыми шығармашылық мұрасы» деп аталатын екінші тарауда «Тіл

туралы туындылары» тақырыбы аясында ғалымның қазақ тіл білімі са-

ласында жасаған еңбегі, ағартушы-әдіскердің оқулықтарының қазақ

ұлттық ғылымының негізгі бастау болғандығы, кешегі Кеңес үкіметі

тұсындағы кеңестік таныммен қатар, бүгінгі тәуелсіздік ғылымның та-

лабы тұрғысынан талданды. «...Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры,

жұмсайтын қаруының бірі. Біздің заманымыз – жазу заманы, жазу мен

сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман» деген ғалымның

тіл саласындағы әрбір ғылыми еңбегінің тарихилығы, маңызы тілтанушы

ғалымдардың зерттеулері негізінде талданып, таратылды.

Жалпы, өмір сынағы көрсеткендей, әрбір қоғамның замана илеуіне

қарай, електен өтетін ұлттық төлбасы – дара туындылары болады.

Ата-бабалардан мирас болған ауыз әдебиетінің жаңа бір саласы жазба

әдебиетінің темірқазығын қағу бақыты Абай Құнанбайұлының маңдайына

бұйырса, ұлт тілі мен әдебиетінің теориясын жазу «төл әдебиеті

бар жұрт қана төрден орын алады» деген қағиданы ұстанған Ахмет

Байтұрсынұлының еншісіне тиді. «Әдебиет әлеміндегі әфсаналары» деген



тараушада ұлттық әдебиеттану ғылымының алтын қорына енген төл туын-

дыларына әдебиеттанушы ғалымдардың зерттемелері негізінде сараптама-

лар жасалды. Ахметтің бойындағы ұлтына деген шексіз сүйіспеншіліктің

өлең болып өріліп, көкірегі ояу саналыларды қарақан бастың қамынан

гөрі, ұлыстың өрісін ойлайтын өреге жеткізгені зерттеуші-ғалымдардың

талдаулары арқылы таратылды. Теоретик-реформатор, ақын-аудармашы,

ғалым-әдіскер, ұлағатты ұстаз мұрасы туралы жазылған ахметтанушы-

ғалымдардың зерттемелері негізге алынды.

Үшінші тараудың «Еленбеген еңбектері» деп аталуының себептері

бар. Тарихи тұлғаның есімі ақталғаннан кейін, оның туындыларын

қайта бастыру жұмыстары жедел қолға алынды. Шығармалардың қысқа

мерзім ішінде жылдам басылғаны соншалық, кейбір туындылары жинастырылып үлгермеді. Ал кейбірі жабық қорларда тіркелгендіктен, рес-

ми мекемелердің келісімдері керек болды. Әрі, төте жазуды танитындар

аз болғандықтан, оны танып-оқуға, зерделеуге уақыт керек еді. Алаш

мұрасына ден қойған зерттеушілердің БАҚ-та мақалалары жарияланса

да, ғылыми ортада бұл деректер бірде еленсе, бірде еленбей тасада қалып

қойды. Деректердің еленбеуінің себебі, сілтеменің дұрыс көрсетілмеуінде

еді. Сілтемелердің ала-құлалығы, бұл туындыларды сараптап-саралауда,

оның ғылыми айналымға түсуіне біршама кедергілер әкелді. Сонымен

Ғасыр саңлағы: Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық ғұмырбаяны 9

қатар, «Байқаушы» бүркеншік есімін әдебиетші ғалымдар мен тарих

зерттеушілері бірде «Міржақыптыкі» десе, енді бірде «Ахметтікі», не

«Әлихандыкі» деген болжамдар ұсынды. Таласты болжам салыстырылып,

сарапталу барысында «бүркеншік есімнің» тек «Ахмет Байтұрсынұлына»

тән екендігі анықталды. Тарау «Ахаңның асыл әндері» деген тақырыппен

басталып, онда тұлғаның ән-күй әлеміндегі иірімдері, осы музыка

өнері саласына қосқан үлесі сөз болады. Оның шығарған ән-күйлерінің

«халықтыкі» деп телінуінің себептері, кейбір туындыларының төл авто-

рына қайтарылғаны туралы талдаулармен қатар, оның әуез өнеріндегі жаңа

қыры, композиторлығына танымдық сараптаулар жасалды. «Табылған

тың туындылары» тараушасында әдебиеттанудағы ұжымдық зерттеулер

мен жекелеген монографияларға арқау болған тұлғаның бүркеншік атпен

жазылған өлеңдері, көсемсөз, тіл туралы мақалалары, ресми мәлімдемелері

топтастырылды. Тарауішілік «Хаттар тағы да хаттар» аясында замандасы



Әлихан Бөкейханмен екеуара хаттары, тағдыр тәлкегінің ауыр сынында

жүргенде жерлесі Міржақып Дулатұлына жазған хаттары, Архангелде ай-

дауда жүргенде өзімен бірге отырған тұтқын арқылы жеткен «Елге сәлем»

атты өлең-хатының мәтіні берілді.

Монография жазу барысында пайдаланылған әдебиеттер мен мұрағат

деректеріне әрбір тарау соңында сілтеме жасалды.

Қосымшада ғалым мұрасы, оның шығармашылығына қатысты

жазылған материалдар хронологиялық тәртіп бойынша Библиографиялық

көрсеткіште: «Ғалымның жарық көрген еңбектері», «Ғалымның бастыруымен,мақұлдауымен жарық көрген кітаптар», «Мерзімді басы-



лымдарда жарияланған мақалалары» тізімі ұсынылды. «1989-2009-шы

жылдары қайта басылған туындылары», «Ғалым туралы ғылыми зерттеу-

лер» тақырыбымен ғұламаның шығармашылық мұрасы, қоғамдық және

мемлекеттік қайраткерлігі туралы қорғалған кандидаттық, докторлық дис-

сертациялар, «Ғылыми конференция материалдары», «Ғалымның өмірі

мен еңбектері туралы әдебиеттер» тізімі жеке-жеке жүйеленіп берілді.

Тұлғанының «Уголовный кодекс РСФСР», «Мәдениет тарихы»,

«Қазақ тілінің теориясы» атты кітаптарының баспаға дайындалып,

өндіріске кеткендігі жөнінде деректер болғанымен, бұл еңбектердің

қолжазбалары табылмады. Әлбетте, Ахаң еңбектерінің ту-үу мұхит асып,

шетел ғалымдарының зерттеулеріне де арқау болғанын енді біліп жүрміз.

Еліміздің мұрағаттарынан табылмаған туындыларды, шет мемлекеттер-

ден іздеп табу – ұрпақ парызы. Бүгінгі жаһандану заманында үш тұғырлы

тіл саясатын ұстанған жастарға артар үмітіміз зор. Өйткені, Колумбия,

Оксфорд университеттерінің жетекшілігімен, Орта Азия зиялылары

туралы ағылшын тіліндегі зерттеулерді талдап-сараптау – «Болашақ»

бағдарламасы аясында шетелдерде білім алушы мамандардың еншісіндегі

жауапкершілігі мол, күрделі жұмыстардың бірі деп білеміз.

Бұл күні тарихи тұлғаның шығармашылық мұрасын тікелей зерттеп, кемеңгердің кемел білім-ілімін келешек ұрпаққа таныту мақсатында

жасалған жұмыстардың легі өсуде. Атап айтсақ, тілші-ғалым Р.Сыздықова

(Ахмет Байтұрсынов. 1990.-52 б.), Ахаңның немере інісі С.Кәкішев (Ахаң

туралы ақиқат. 1992.-112 б.), өзбек ғалымы М.Джусупов (Фонемография

Ахмета Байтурсынова и фонология сингормонизма. 1995.-176 б.), физик-

ғалым М.-Х.Сулейманов (Яркий носитель духа человечности. 1997.-18

с.), филолог-ғалым Ж.Байтелесова Негасимая звезда в пляде казахской

интеллигенции. 1998.-78 с., Публицистика Ахмет Байтурсынова. 1998.-78

с.), әдіскер-ғалым А.Қыдыршаев (Ахмет Байтұрсынұлының әдістемелік

мұрасы. 1998.-132 б.), жазушы Б.Ілияс (Алтын бесік. 1998.-260 б.), ақын-

журналист Н.Бектемісұлы (Ахмет ұшқан ұя. 2001.-128 б.), әдебиеттанушы-

ғалым А.Ісімақова (Возвращение плеяды. 2002.-294 с.), жазушы

Қ.Сәрсекеев (Ұлт ұстазы немесе Алаштың Ахметі жайлы ой-түйін. 2003.-

80 б.), журналист-ғалым С.Оспанұлы (Ахмет өскен ақындық орта. 2004.-

204 б.), әдебиеттанушы-ғалым Ө.Әбдиманұлы («Қазақ» газеті. 1993.-168

б., Ахмет Байтұрсынұлы: зерттеу-эссе. 2007.-296 б.), әдебиеттанушы

Ұ.Еркінбаев («Әдебиет танытқыштың» теориялық негізі. 2008.-136 б.)

т.б., да тарихшы ғалымдардың көлемді тақырыпта қарастырған ғылыми

зерттемелері бір төбе. Бұдан бөлек академик-ғалымдар: М.Қозыбаев,

К.Нұрпейіс, З.Ахметов, З.Қабдолав, Р.Нұрғали, С.Қирабаев, Т.Кәкішев,

К.Сағадиев, М.Жұрынов т.б. талдаған ғылыми зерттеу мақалалар қаншама

десеңізші.

Ахметтану тақырыбы аясында жазылған түрлі саладағы зерттеулердің

барлығының да маңызы зор. Осы еңбектердің кейбіріндегі іздену бары-

сында жаңсақ пікірлер мен қате қағидалар тұжырымдауларының себеп-

салдарлары шама-шарқынша зерттеп-зерделенді. Қазақта «адасқанның

алды – жол, арты – соқпақ» деген қанатты сөз бар. Бүгінгі тәуелсіздік

кезеңнің ғылымында қалыптасқан ұлттық ғылымның алтын ғасыры – ах-

меттану саласында соқпақ бола алсақ, бұл зерттеудің зая кетпегені.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет