Диплом жұмысының тақырыбына қойылатын талаптар 7. Диплом жұмыстарының (жоба) тақырыптары өзекті, ғылым, техника, өнер менмәдениеттің заманауи күйі мен даму перспективасына сәйкес болып, мазмұны бойынша тармақта көрсетілген талаптарға сай болуы керек; Дипломдық жұмыстардың (жобалардың) тақырыптарын анықтау кезінде өндіріс, білім, ғылым, өнер мен мәдениеттің нақты мәселелерін есепке алу ұсынылады;
8.Диплом жұмыстарының (жоба) тақырыптары мамандықтарға және маман дайындауыныңсалаларына сәйкес болуы керек;
9.Диплом жұмыстарының (жоба) тақырыптары бітіруші кафедраларда анықталып,факультеттің ғылыми кеңесінде қарастырылып, академияның ғылыми кеңесінде бекітіледі;
10. Диплом жұмыстарының (жоба) жалпы тізімі жыл сайын кемінде 30%-ға жаңартылыпотыруы тиіс;
11.Өнер мамандықтары үшін дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбы факультетдеканы ұсыныс жасаған жағдайда ғана ректордың рұқсатымен алмастырылады. Мұндайжағдайда, дипломдық жұмыс ғылыми-зерттеушілік сипатта болуы тиіс;
12.Студент диплом жұмысының (жобаның) тақырыбын бекітілген тақырыптардантаңдайды.Студентке бекітілген тақырыптардан тыс тақырыпқа диплом жұмысын (жобаны) орындау құқығы беріледі. Мұндай жағдайда студент таңдаған тақырыбының негіздерідәлелденген тұжырымдамасын немесе осы тақырыпқа тапсырыс берген мекеменің хатын кафедраға тапсыруы керек; Қашықтан оқытылатын бөлімде оқушыға диплом жұмысын (жобаны) өндірістік қажеттілігіне сәйкес таңдап алуына рұқсат беріледі;
13. Студентке диплом жұмысының (жобаның) тақырыбы сол оқу жылының басындаанықталып, ректордың бұйрығымен бекітіледі. Диплом алдындағы тәжірибе аяқталғанда диплом жұмысының (жобаның) тақырыбы қажетболған жағдайда кафедраның ұсынысы бойынша өзгертілуі, нақтылануы, түзетілуі мүмкін.Диплом жұмысының (жобаның) жазылу ережелеріне қойылатын талаптар
14. Диплом жұмысын (жобасын) жазу үшін әрбір студентке кафедраның ұсынуымен ғылыми жетекші тағайындалады;
15. Диплом жұмысының (жобаның) ғылыми жетекшісі болып академияның профессорлары, доценттері, тәжірибелі оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері немесе ғылыми зерттеулері мен ғылыми жарияланымдары студенттің мамандығына сәйкес келетін басқа ұйымдардың ғылыми қызметкелері мен жоғары білікті мамандары тағайындалады.
16.Диплом жұмысының (жобаның) ғылыми жетекшісі:
1) дипломдық жұмысты(жобаны) орындауға тапсырма береді;
2) студентке диплом жұмысының (жобаның) орындалуының толық барлық кезеңіне күнтізбелік кесте құрастыруға көмектеседі;
3) студентке керекті негізгі әдебиеттерді, анықтама және мұрағаттық материалдарды, типтік жобалар мен тақырып бойынша басқа да дерек көздерін ұсынады;
4) студенттің күнтізбелі кестесінің орындалуын бақылап отыру үшін кеңес беру кестесін анықтайды;
5) диплом жұмысының (тараудың) барлық тарауларының көлемін анықтап, диплом жазушы мен кеңес берушінің жұмысын үйлестіріп отырады;
17.Диплом жұмысына (жоба) тапсырма студенттердің дайындаған бастапқы материалдары мен дерек көздерінің сипаттамаларынан, сұрақтар тізімінен, ұсынылатын әдебиеттертізімінен, кестелік материалдардың тізімінен (кесте, диаграмма, үлгі), диплом жұмысының(жоба) күнтізбелік кестесінен тұрады.Диплом жұмысының (жоба) тапсырмасын кафедра меңгерушісі аяқталу мерзімін көрсете отырып бекітеді;
18.Әр тараудың орындалу кезеңдері көрсетілген жұмыстың күнтізбелік кестесі толық мерзімге құрастырылып, ғылыми жетекшімен келісіледі;
19.Керек болған жағдайда диплом жұмысының (жобаның) ғылыми жетекшісінің ұсынуымен кафедра дипломдық жұмыстың (жобаның) жеке тараулары бойынша ғылыми жетекшілікке бөлінген уақыт есебінен кеңесшілерді шақыруына болады;
20. Кеңесші болып профессорлар, доценттер, тәжірибелі оқытушылар мен академияның ғылыми қызметкерлері, сондай-ақ, басқа ұйымдардың ғылыми қызметкерлері тағайындалуы мүмкін. Кеңесшілер өздеріне белгіленген тарауларын тексеріп, қол қояды;
21. Бітіруші кафедралар дипломдық жұмысты (жобаны) орындауды бастағанға дейін мемлекеттік білім стандартына сәйкес дипломдық жұмысқа (жобаға) қойылатын талаптар белгіленетін әдістемелік нұсқауларды әзірлеп студенттерді қамтамасыз етуі тиіс.
22. Кафедра меңгерушісі дипломдық жұмыстың (жобаның) орындалуы бойынша есеп беру уақытын белгілейді. Осы уақытта студент ғылыми жетекші мен кафедра меңгерушісі алдында жауап береді. Олар дипломдық жұмыстың (жобаның) дайындық дәрежесін анықтап, ол туралы факультет деканына мағлұмат береді.
23. Диплом жұмысы (жоба) мамандық бойынша негізгі әдебиеттерді (оқулықтарды, оқу құралдары, монографияларды, дәріс курстарын, журналдарды, соның ішінде шетел тіліндегі, нормативтік әдебиеттерді және т.б.). терең оқып, зерттеу арқылы орындалады;
24.Әрбір дипломдық жұмыстың(жоба) тапсырмалары жеке және перспективті теориялық, практикалық сұрақтарды дайындау тапсырмаларымен сәйкес болуы қажет;
25.Дипломдық жұмыстың (жобаның) негізгі мәтіні шығармашылық ойын, зерттеу әдістерінің негіздемесін, есептеу әдістері мен компьютерлік технологиялар арқылы алынған есептеулерді, жүргізілген тәжірибелердің сипаттамаларын, оларды талдау мен қорытындыларын, нұсқаулардың техникалық-экономикалық салыстыруын толық ашып, иллюстрациялар, графиктер, эскиздер, диаграммалар, схемалар және т.б. өңделуі керек.
26.Диплом жұмысын (жоба) студент академияда, мекемелерде (театрларда), өндірісте, ұйымдарда, ғылыми, жобалық -конструкторлық және т.б ұйымдарда орындалуы мүмкін.