Диплом ж±мысыныњ көкейтестілігі. Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға көшкендігін ірі өркениетті елдер мойындай бастады.



бет11/12
Дата25.06.2022
өлшемі232 Kb.
#37293
түріДиплом
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
. Бастауыш мектеп оқушыларына құлық тәрбиесін беруде Абай шығармаларының алатын ролі

2. Текспен таныстыру.
Шылдауық шегіртке,
Ыршып жүріп ән салған.
Көгалды куып гөлайттап,
Қызықтап жүріп жазды алған.
Жазды күнгі жапырақтың,
Бірінде-тамақ, бірінде - үй.
Жапырақ кетті, жаз кетті,
Күз болған соң, кетті күй.
Жылы жаз жоқ, тамақ жоқ,
Өкінгенмен не пайда?
Суықќа тоңған, қарны ашқан,
Ойын ќайда, ән қайда?
Оныменен тұрмады,
Қар көрінді, қыс болды.
Сауықшыл сорлы бүкшиді,
Тым-ақ қиын іс болды.
Секіру қайда, сүрініп,
Қабағын қайғы жабады.
Сабандажатып дән жиған,
Құмырсқаны іздеп табады.
Селкілдеп келіп жығылды,
Аяғна бас ұра: —
Қарағым, жылыт, тамақ бер,
Жаз шықкднша, асыра.
Жаз өтерін білмеп пе ең
Жаның үшін еш шаруа,
Ала жаздай қылмап ең? Мен өзіњдей шаруашыл, Жұмсақ илеу үйлі ме? Көгалды қуып, ән салып,
Өлеңнен қолым тиді ме?

—Қайтсін, қолы тимепті, Өлеңші, әнші, есіл ер.


Ала жаздай ән салсаң,
Селкілде де, билей бер.
Абай бұл аудармасында құмырсқа мен шегірткені салыстыра отырып, өмірін бостан босќа өткізбей, өзіне пайдалы еңбектенуге шақырады.

3. Сөздік дәптермен ж±мыс.


Осы мысалда кезедсетін мағынасы таныс емес сөздерді теріп дәптерімізге жазайық.
Көгал - көк шөп.
Гөлайттап - қыдыру, сайраңдау.
4. Мысалды рµлдерге бөліп оќу.
3 окушы оқиды. Бірі автор сөзін, бірі құмырсқаның, бірі шегірткенің сөздерін бөліп-бөліп оқиды.
5. Алған білімдерін тексеру.
Оқушыларға карточкалар таратып, жаңа сабақ бойынша түсінгендерін байќау.


Қорытынды


Егемендігін алған елімізде жаңа ғасыр алдында оқытудың жаңа жүйесі қалыптасуда, ертеңгі күнге бағытталған рухани жаңарудың ірге тасы қалануда. Осындай жаңалықтар оқушылардың ақыл-ойын шығармашылығын дамыту мәселелерін шешеді. Білімнің сапасын көтереді.
Балалардың ой санасын дамытуға, мінез-құлқын қалыптастыруға, дүниетанымын кеңейтуге, көркем әдебиет шығармаларындағы кейіпкерлердің өмірі мен іс-әрекеттері үлкен әсер етеді. Әсіресе орта сыныптардың оқушы жастардың жас шамаларына қарай, аңыз-әңгімелерді, батырлар туралы шығармаларды сүйсініп оқиды. Ондағы басты кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне еліктейді, тәтті қиялдарға сезімді, өзінше қорытынды жасауға тырысады.
Қорыта айтқанда, Қазақстан мектептерінде басқа пәндермен қатар ана тілін оқу пәнінің, оны беретін мұғалімнің оқушыларды жан-жақты тәрбиелеуде атқаратын мақсаттары мен міндеттерін анықтадық. Оќушылар єділеттілік , борыш, ұят, адалдық, ерлік, намыс сияқты моральдік категорияларға ерекше көңіл бөлінеді. Олар үлкендермен қарым-ќатынас жасауды, өзін-өзі тәрбиелеуді қажет етеді. Жас өспірімдік шақтағы балалардың ерекшеліктерін еске алып, олардың әр-түрлі іс-әрекеттеріндегі еріктілігіне, бастамаларына мүмкіндік беру керек.
Сондыќтан әдет баланың тәртібінің, мінез құлқының тәрбиелік өлшеміне айналуы керек.
Ұсынылып отырған жұмысымызда көтерген мәселелерге сай мекетептерде әлі де болса кемеліне келмей жатқан адамгершілік, мінез-құлыњ тәрбиенің бір саласы әдебиетті оқу пәнінен сабақ берудегі жетістіктерімен кемшіліктерін айта келіп, оның болашағына мынадай ұсыныстар жасап отырмыз.

  1. Орыс мектептерінің оқу бағдарламаларына Абай шығармаларын енгізу.

  2. Қазақстан да өмір сүргендігінен, білім алғандықтан біздің балаларымыз қазақ жазушыларының, ақындарының, соның ішінде Абай өлеңдерін білу тиіс.

Орта мектептің орыс сынып оқушыларының бағдарламасына сәйкес «Қыс», «Күз» өлеңдерін және «Желсіз түнде жарық ай» әнін енгізу. Жұмыстағы айтылған ойлар, келтірілген тұжырымдамалар мектептің орыс сыныптарының бағдарламасына енгізілсе деген ұсыныс жасаймыз. Осы Абай шығармаларын оқып, танып өскен баланың болашағынан мол үмітпен қарауға болады. Ол үшін оқулыктарға кішкене болса да Абай шығармалары енгізілсе деген қажеттілік туындап отыр.
Егер біздің жұмысымыз оқырмандарға осындай қажеттіліктерді туғызып жатса, алға қойған мақсаттардың орындалғаны, ұлы ғұлама Абайдың шығармаларының негізінде орта сынып оқушыларының құлық тәрбиесінің дамығаны деп есептеуге ғылыми негіз бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет