«Қазгеодезия» РМҚК «Орталықмаркшейдерия» филиалының құрылу тарихы 1940 жылғы 20 шілдеде құрылған «Союзмаркштрест» тресіне оралады. 1978 ж. № 308 экспедиция партиясының негізінде (Челябі қ.) Қарағанды қ. № 309 «Союзмаркстрест» экспедициясы құрылды. 1989 ж. қазанда - № 309 Экспедиция «Юговостокмаркшейдерия» топографиялық-маркшейдерлік кәсіпорны, 1996 ж. – «Қарағандымаркшейдерия» болып қайта ұйымдастырылды.
2000 жылғы 25 мамырдан бастап кәсіпорын Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің «Центрмаркшейдерия» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (РМҚК) болып қайта құрылды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 30.06.2010 ж. № 668 қаулысымен филиалдары бар «Қазгеодезия» РМҚК құрылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 08.09.2020 ж. № 559 қаулысымен «Қазгеодезия» РМҚК филиалдары бар «Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы» ШЖҚ РМК болып қайта құрылды. Қазіргі уақытта ұйым Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Геодезия және картография комитетінің «Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы» ШЖҚ РМК филиалы болып табылады.
Мемлекеттік тапсырыс бойынша орындалатын жұмыс түрлері
триангуляция бекеттерін тексеру, нивелирлік белгілерді тексеру және қалпына келтіру, бекеттердің координаттары мен биіктіктерін анықтау;
1: 2 000 М салынған және салынбаған аймақтарды дешифрлеу;
I, II сыныпты нивелирлеу;
1:25 000 М карталарды жаңарту кезіндегі дала жұмыстары;
1:25 000, 1:50 000, 1:100 000 М цифрлы топографиялық карталарын жасау және жаңарту бойынша камералдық жұмыстар;
1:25 000 – 1:100 000 М мемлекеттік және орыс тілдерінде цифрлы топографиялық карталар жасау;