Маркшейдерлік жұмыстар кешені
бет 3/5 Дата 16.05.2023 өлшемі 0,98 Mb. #93961 түрі Диплом
Байланысты:
Отчёт. Бөкейхан Ақбар 1905-2 Маркшейдерл ік жұмыстар кешені:
гироскопиялық бағыттағы жерасты тірек маркшейдерлік желісін құру ;
биіктік белгісін тік шахталық оқпандар арқылы және көлденең қазбалар арқылы беру;
СИ-5 станциясының тік шахталық оқпандарының қабырғалары мен өткізгіштерін бейіндік түсіру;
көтергіш қондырғылар жабдықтарының геометриялық байланысын маркшейдерлік тексеру;
өнеркәсіп алаңдарын, көмір қоймалары мен үйінділерді түсіру;
шахта оқпандарының осьтік бекеттерін салу және қалпына келтіру ;
тау-кен жұмыстарының әсеріне ұшыраған жер бетінің, ғимараттар мен құрылыстардың жылжуын аспаптық бақылау өндірісі, сондай-ақ карьерлердің кемерлері мен ернеулерінің жай-күйін бақылау;
Топографиялық-геодезиялық жұмыстар кешені
мемлекеттік және жергілікті геодезиялық желілерді жиілету ;
карьерлер мен көмір тіліктерінде тірек геодезиялық негіздеме жасау;
1: 5 000-1: 500 масштабтағы топографиялық түсірілім, оның ішінде ұшқышсыз ұшу аппаратын (ҰсызҰА) қолдану;
теміржол және автомобиль жолдарын түсіру және нивелирлеу;
кран жолдарын пайдалану кезіндегі геодезиялық жұмыстар;
желілік құрылымдардың трассаларын бөлу ;
жерасты және жерүсті құрылыстарын (коммуникацияларды) түсіру және нивелирлеу.
Камеральдық жұмыстар
геодезиялық бекеттердің, геологиялық ұңғымалардың координаттарын қайта есептеу және т.б;
ҰсызҰА деректері бойынша топокарталар мен жоспарлар құру;
рельефтің үш өлшемді моделін құру.
Жұмыстарды орындау үшін филиалдың келесідей техникалық жабдықтары бар:
геодезиялық жабдықтар: GPS-қабылдағыштар , электрондық тахеометрлер, цифрлық және оптикалық нивелирлер, жарықты алыстан өлшегіштер, трасса іздегіштер , GPS-навигаторлар, теодолиттер;
компьютерлік техника: дербес компьютерлер, ноутбуктер, үлкен форматты сканерлер және плоттерлер ;
«Leicageosystems» AG шығарған цифрлы фотограмметрияға арналған графикалық станциялар; * бағдарламалық жасақтама: ArcGIS 9.1, Microstation, MapInfo Professional, AutoCad;
арнайы мақсаттағы автокөлік ;
СИ -5 тік шахталық оқпандарының өткізгіштерін автоматты профильдеу станциясы;
маркшейдерлік МВТ-2 гирокомпасы.
Филиал ҚР негізгі ірі тау-кен өндіруші кәсіпорындарымен көп жылдар бойы бірге қызмет етіп келеді
«Казхром» трансұлттық компаниясы» АҚ
«Казахмыс» Корпорациясы» ЖШС
«ССКӨБ» АҚ
«Қазақалтын ТКМК» АҚ
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ
Достарыңызбен бөлісу: