Аң терісін алу кезеңінде оның тиімді жағын қарастырған жөн. Сондықтан да аң аулау кезеңін білу керек, ал аулап алынған аңның терісін міндетті түрде алғашқы өндеуден өткізу қажет. Аулап алынған аңның терісі алғашқы өңдеуден жөнді өткізілмесе, онда терінің тауарлық құндылығы төмендеп, жүн талшықтарының жидіп түсуіне ықпал етеді. Сондықтан да аң терісін алғашқы өндеуден дұрыс өткізу керек, ал жөнді өткізілмеген теріні илеген кезде оның тауарлық құндылығын төмендетіп, тіпті жарамай қалуына да себеп болады. Сол себепті алғашқы өндеуді дұрыс жолға қоя білген жөн. Ал, дұрыс жолға қоя білсек, онда аң терісінің тауарлық құндылығы мен сапалық қасиеті өте жоғары деңгейде болады.
Аң терісінің табиғи бағалы қасиеттерінің жақсы сақталуы көбінесе оларды дер кезінде ұстауға, алғашқы өндеу мен тұздауға және оның иленуіне байланысты. Сондықтан әр әдісін дер кезінде орындаған жөн. Аң терісін сыпырып алған соң, алынған теріні көп жатқызуға болмайды. Өйткені шіріткіш бактериялар бүлдіріп, жүнінің түсіп қалу қаупін туғызады. Осындайдың салдарынан аң терілерін илегенде 20-30 пайызға дейін жүні жидіп түседі. Сондықтан оларды дер кезінде тұздап, кептіріп қойған жөн. Сонда ғана аң терісінің табиғи бағалы қасиеттерін сақтауға болады.
Аң терісін тұздағандағы мақсат - терідегі бактериялық процестердің тежелуіне, тоқтауына, теріні іріп-шіруден сақтауға, әрі илеуге дейін сақтағанда терінің сапалық құндылығы жойылмайтындай жағдай жасау. Тұздың басты қасиеті - теріні ширатады, жүн талшықтарының бекуін жақсартып, илегенде жүмсартадьі.