Мысықтар тұқымдасы.
Мысықтар орман, тау, шөл аймақтары мен өзен бойларында кездеседі. Қорегі – ет, негізінен тастақты қуыстарды, өте сирек інде тіршілік етеді. Қазақстанда тұқымдастың 3 туысына (мысықтар, барыстар, қабыландар) жататын 8 түрі кездеседі.
Мысықтар туысынан терісі бағалы және сол үшін пайдалы аңдарға жататындары:
1) Шұбар мысық немесе дала мысығы – Felis libys Forster, 1788.
Шөлді аймақтарды мекендеуге бейімделген – жабайы мысық. Осы аймақтардағы өзендердің бойындағы тораңғы, жиде, жыңғыл, шеңгел, қарасора өскен ну тоғайларда тіршілік етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |