Дипломдық ЖҰмыс 05011300 «Биология»


Cүретқоректілер класына жалпы сипаттама



бет5/83
Дата07.02.2022
өлшемі2 Mb.
#24990
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83
Байланысты:
Камила диплом (1)

Cүретқоректілер класына жалпы сипаттама:

Сүтқоректілер – омыртқалы жануарлар дамуының ең жоғары сатыдағы класы. Олардың дене мөлшері де әр алуан. Ең кішкентай көп тісті жер тесердің дене тұрқы 38-45 мм, салмағы 1,2-1,7 г болса, ең ірі хайуанат – көк киттің денесінің ұзындығы 33 м, салмағы 12 тоннаға дейін жетеді. Сүтқоректілердің формасы да әр түрлі. Су жануарлары – киттер балық формасында болса, ұшуға бейімделген жарқанаттардың алдыңғы аяқтары ұшу жарғағына арналғандықтан құстар сияқты самғайды. Десе де, көптеген аңдар денесінің негізгі формасы – салмағы төрт аяқтарына түсетін денесі жер бетінен көтеріңкі. Денесі жүнді терімен жабылған. Кейбір түрлерінде терідегі жүн инеге, қабыршаққа немесе қылтанаққа айналған. Терілері әр түрлі бездерге (сүт, тері, май және т.б.) бай. Әсіресе, жалпы сүтқректілерге тән ерекшелік балаларын қоректендіруге арналған сүт бөлетін бездерінің болуы.

Сүтқоректілердің көпшілігі (тек кейбір қарапайым топтарынан басқалары) жылы қанды денелерінің температурасы тұрақты, қанайналысы араласпаған (артерия қаны вена қанына қосылмайды). Барлығы да іштей ұрықтанады. әрі балаларын тірі туады. Анасының жатырындағы ұрпақ планента арқылы қоректі қаннан алады.

Қазір де сүтқоректілер жер шарының барлық бөліктерінде таралған. Сонау ерте дәуірден бастап адам өмірінде бұл хайуанаттар маңызды орын алады. Олардың көптеген түрлері кәсіптік және әуесқойлық жолмен ауланатын бағалы аңдар. Жоспарлы түрде аулау арқылы олардың дәмді етін, «жұмсақ алтын» аталып кеткен қүнды терілерін, дәрі-дәрмектік шикі заттарын және тағы да басқа өнімдерін халық шаруашылығына пайдалана аламыз. Аса бағалы аң түрлерін елімізде жерсіндіру немесе арнаулы аң фермаларында өсіру кең етек алып келеді. Кейбір ұсақ сүтқоректілер ғылыми жұмыстар жүргізу үшін «лабораториялық жануарлар» есебінде де пайдаланылады. Тіпті насеком қоректілер және жыртқыш аңдар ауыл және орман шаруашылықтарына зиян келтіретін және түрлі аурулар таратуға себепкер болатын ұсақ жәндіктер, кеміргіштер мен азықтанып пайдасын да тигізеді.

Сүтқоректілер класының өкілдері бүгінгі күні өмір сүретін 19 отрядты, 118 тұқымдас және 4 мыңнан астам түрді біріктіреді. Қазақстанда бұл кластың 8 отрядына (насекомжегіштер, қолқанаттылар, қоян тәрізділер, кеміргіштер, жыртқыштар, ескек аяқтылар, тақ тұяқтылар, жұп тұяқтылар) жататын аңдардың 178-дей түрі тіршілік етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет