Глицерин - СН3Н3(ОН)3үш атомды спирт. Таза глицерин-қою сироп тәрізді иіссіз, тәтті, дәмді, суда жақсы ериді. Активтілігі жоғары, төменгі температурада қатпайды. Кондитерялік фабрикада тәттілігін арттыруға, медицинада түрлімайлар жасау, былғары жөне көндік терілердің жұмсақтық қасиетін жоғарылату үшін қолданады.
Калийлы хромпик — К2Сr2О7түсі сары қызғыш, шиыршықты, жылтыр. Суда жақсы ериді. Бұл ағаш бөшкеде болады, сонымен тасымалданады.
Натрийлы хромпик — Na2Сr2О-2Н2Осуда жақсы ериді. Түсі сары қызғыш, сары қызғылт. Хромпик көбінесе қаңылтыр бөшкеде болады.
Натрийдің гипосульфиті — Na2S2О35Н2О.Гипосульфит екі немесе бірнеше тұз қоспасы. Қоспалары: тиосульфат натрий қиыршықты. Гипосульфит түссіз, ақ, қиыршық зат. Ол тері илегенде, теріге қосқан химиялық элементтерді оған қатырып бекіту үшін қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |