Дипломдық ЖҰмыс 5В010100 «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу»


Жүргізуші: Қожеке, қош келдіңіз! Мына сайыскерлерге ойын шартын түсіндіріп жіберіңіз. Қожанасыр



бет31/44
Дата07.01.2022
өлшемі45,31 Mb.
#18300
түріДиплом
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   44
Байланысты:
Таменова

Жүргізуші: Қожеке, қош келдіңіз! Мына сайыскерлерге ойын шартын түсіндіріп жіберіңіз.

Қожанасыр: Жарайды, ендеше тыңдаңдар:

Бүк түсетін, шік түсетін,

Ойын түрі бар еді.

Болса егер сондай ойын,

Немен оны ойнайды?

(асық)


Қожанасыр: Дұрыс, ендеше, мына қоржыннан нөмірленген асықтарды бір – бірден алыңыздар. Енді кімге қандай нөмірлі асық түскенін көрерменге көрсетіп, дауыстап айтыңыздар.

Енді сұрақты тыңдаңыздар: Бабамыздан мұра етіп қалдырған заттарға толық сипаттама берулеріңіз қажет. (заттың аты, не үшін пайдаланған, неден жасалған т. Б.)



Жүргізуші:

Сайысымыздың келесі бөлімі «Өнер сайысы». Сайыскерлер өз өнерлерін көрсетеді.



  1. Қарасаев Азаттың орындауында «Қамшымен би».

  2. Елемес Құттыгүлдің орындауында «Айдана» әні.

  3. Тлекқабылов Аңсардың орындауында «Достық» әні.

  4. Октябрева Айгерімнің орындауында «Қосалқа» биі.

  5. Хамзин Қуаныштың орындауында «Туған жер» әні.

  6. Исаева Динаның орындауында «Текемет» биі.

Жүргізуші: Сайысымыздың соңғы бөлімі «Отбасылық газет» Үй тапсырмасы.Қазылар алқасы қабырғада ілулі тұрған «Отбасылық газетті» қарап бағасын береді.

Жүргізуші: Бүгінгі күн әр шаңрақтың той басы деп саналар

Балалардың есімі әулеттерге таралар.

Ырым етіп сауықтан байқауымыздың соңында

Ақ тілекпен баршаға әділқазы сөз алар.

Сөз кезегін қазылар алқасына береміз.

Сайыскерлер мадақтау қағазымен және сыйлықтармен марапатталады.

Осы жерде отбасы жас ұрпақты ұлтжандылық пен имандылыққа тәрбиелеу мақсатында мектепке дейінгі тәрбие орындарында оқу-тәрбие жұмысын ұлттық негізде ұйымдастыруға аса көңіл бөлінуде. Ұлттық салт-дәстүрді бала санасына жас кезінен қалыптастыру мақсатында әр топқа қазақ халқының тұрмыстық бұйымларынан жинақталған бұрыштар ұйымдастырылған.

Кейбір ата-аналар баламен ойнауды білмейді, оның қажеттіліктері мен қызығушылықтарынан ерте балалық шағынан бастап тасалана бастайды. Қоғамда балаларының тәрбиесі мен дамуын толық қамтамасыз ете алмайтын «әлеуметтік осал» отбасылар аз емес. Ата-аналар үй жағдайында ойын үшін жаңа мүмкіндіктерді көрулері тиіс. Кейбіреулері үшін, мысалы, макарондар «қуыршақтың туған күніне арналған моншақтарға», ал орындықта қалдырылған газет ойын добына немесе қайыққа айналуы жаңалық болады. Көпшілігіне ойынды ата-аналардың нұсқауларынан өзіндік «демалыс» ретінде ұғынуына мүмкіндік береді. Ата-аналарда өзіндік эмоционалдық және ашықтық шекарасын білу мүмкіндігінің болуы тиіс, ал педагогтер осы шекараларға құрметпен қарауға үйренуі керек. Ойынның маңыздылығын мойындай отырып, ата-аналар өзінің ойынға деген ынтасын, белсенділігін және қызығушылығын сезінуі тиіс.

Арнайы құрылған ойын кеңістігі жағдайында ата-аналардың ойындық мінез-құлық сипаттамаларын бақылаудың нәтижесі, айтарлықтай барлық ата-аналар бала территориясына бара бермейтінін және олар көбіне сарапшы немесе бақылаушы ретінде өз территориясында қалғанды ыңғайлы көретіндерін көрсетті. Сондықтан ата-аналарға өз баласымен және оның қатарластарымен ойында серіктестік қатынас құру үшін практикалық тәжірибе алуға көмектесу, оларға ойында импривизациялық қатысу тәжірибелерін алу мүмкіндігін қамтамасыз ету, қатынасуда баламен бірге ойын кеңістігін модельдеу, ойын сюжетін жазу (развертывания) және өзге әдістерін білу берілген курстың басты міндеттерінің бірі болып табылады.

Ата-аналар осы ойындарды балаларымен бірге ойнай отырып, өзі де байқамай өте қажетті біліктілік - ұстамдылық, баланың өзі ойлауына кедергі келтірмеу, бала жасай алатын нәрсені ол үшін өзі жасамау секілді әдеттерге дағдыланады.

Арнайы құрылған ойын кеңістігі жағдайында ата-аналардың ойындық мінез-құлық сипаттамаларын бақылаудың нәтижесі, айтарлықтай барлық ата-аналар бала территориясына бара бермейтінін және олар көбіне сарапшы немесе бақылаушы ретінде өз территориясында қалғанды ыңғайлы көретіндерін көрсетті. Сондықтан ата-аналарға өз баласымен және оның қатарластарымен ойында серіктестік қатынас құру үшін практикалық тәжірибе алуға көмектесу, оларға ойында импривизациялық қатысу тәжірибелерін алу мүмкіндігін қамтамасыз ету, қатынасуда баламен бірге ойын кеңістігін модельдеу, ойын сюжетін жазу (развертывания) және өзге әдістерін білу берілген курстың басты міндеттерінің бірі болып табылады. Осылай ата-аналар мен балалар үшін «Бала ойынының тілі» атты білімдік ойындық курс құру ойы туындады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет