Дипломдық ЖҰмыс 5В010200- бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы Шымкент, 2021 ф-19-01/02


Жеткіншек жасындағы балалардың мазасыздануы жайлы психологияда зерттелу деңгейі



бет8/37
Дата07.01.2022
өлшемі122,73 Kb.
#20336
түріДиплом
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   37
Байланысты:
Асубай Талшын

1.2 Жеткіншек жасындағы балалардың мазасыздануы жайлы психологияда зерттелу деңгейі
Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясының өмірге келуі XIX ғасырдың екінші жартысына жатады жэне психология ғылымына генетикалық идеяның енуімен байланысты. Даму үстіндегі психологиялык-педагогикалық ой-пікірге көрнекті орыс педагогы К. Д. Ушинскийдің еңбектері, алдымен оның «Адам — тәрбие такырыбы» деген жұмысы едәуір үлес қосты. Адамды жан-жақты тәрбиелеуге ұмтылған педагог, алдымен оны барлық жағынан танып білуі тиіс деп есептей отырып, К- Д- Уишнский мүғалімдер мен тәрбиешілерге арнап: «...өздеріңіз басқарғыларыңыз келетін психикалык кұбылыстардың заңдарын зерттеңіздер, осы заңдарға және оларды қолданғыныз келетін жагдайларға сәйкес іс-әрскет жасаңыздар»— деп жазды. Жас ерекшелігі психологиясының дамуына Ч. Дарвиннің эволюциялык идеяларының айтарлықтай ыкпалы тиді. Олар психикалық дамудың кайнар көздері проблемасына зейін аудартты. Психология зерттейтін деректердің рефлекстік мәнін түсінудегі психикалык іс-әрекеттің маңызын кернекті орыс ғалымы Я. М. Сеченов те атап көрсетті.

Бала психикасының даму және оны оқыту процесін бақылау эмперикалық материалдарыкын жинакталуы және қорытылуымен қатар педагогикалық және балалар психологиясына эксперименттік зерттеулер еңгізе бастады. Эксперименттік зерттеу балалар мен жеткіншектердің психикалык дамуына объективті сипаттама беріп оқыту мен тәрбиелеуге ғылыми түрғыдан келуді негізден алатыны педагогтар мен психологтарға айкьн болды. Алайда ІХ ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында психологиялык, экспериментті педагогикада колданудың арнайы жолдары әлі табыла коймады. Эксперименттің жалпы психологиядағы едәуір жетістіктері (Вебер мен Фехнердің психофизикалык заңды ашуы, Эббингауздың есті зерттеуі, Гельмгольцтің сезім мүшелсрінің психофизиологиясын талдауы, Вундтың түйсік пен физиологиялық психологиядағы кимыл-қозғалыстарды зерттеуі т. б.), оны педагогикалық және жас ерекшеліктері психологиясында қолдануға болатындығы жөнін де үміт туғызды. Ашылған зацдылықтарды педагогикалык және балалар психолопиясына тек жан ауыстыра салса жетіп жататыи тәрізденуі болып көрінді. Психофизиология заңдарын немесе мәселен кимыл-қозғалыс реакцияларының жылдамдығы мен формасына катысты фактілерді біле отыръп, мұғалімдер міндетті түрде баланың жан дүниесі мен оқу материалдарын игерудің заңдарьн түсіне алады деген жорамал болды. Орыс педагогы әрі психо-логы П. Ф, Каптеревтің «Педагогикалык, психологиясы» (1877), америка психологы У. Джемстің «Психология жөнінде мұғалімдермен әңгіме» (1902) атты кітабы жәме сол кездегі басқа да психологиялық-педагогикалық еңбектер осындай сенімде жазылды.

М. Жұмабаев сынды жыр дүлдiлiнiң тәлiм - тәрбие ғылымының (педагогика, психология және т. б.) теориялық мәселелерiне бой ұруы таңғаларлық жайт. Өйткенi бұл салада ғылыми еңбек жазған әлемдiк ақын - жазушылар некен -- саяқ. Осы тұрғыдан алғанда Мағжанның "Педагогика" (1922 - 1923 ж.ж.) атты кiтап жазуы өмiрде өте сирек кездесетiн, тек аса талантты, данышпан адамдарға ғана тән қасиет.

Кеңестiк кезеңде Қазақстанда психология ғылымының дамуына өзiндiк үлес қосып, осы салада артына мол мұра қалдырған академик Т.Т.Тәжiбаевтың ұлт психологиясына орай айтылған жеке пiкiрлерiмен қатар, Абайдың психологиялық көзқарастары туралы еңбегi; Қазақстандағы ғылыми психологияның дамуына ерекше үлес қосқан, өзiнiң 20 жылға созылған этнопсихологиялық еңбектерiнде қазақ халқының сонау ерте замандардың өзiнде - ақ ой - өрiсi өте жоғары болғанын эксперимент арқылы дәлелдеп берген ғалым. М.М. Мұқановтың 1979 жылы жарық көрген " Дәстүрлi мәдениет өкiлдерiндегi когнитивтi эмпатия мен рефлексияның зерттелуi" атты ғылыми мақаласы мен 1980 жылы жарық көрген "Ақыл ой - өрiсi" кiтабынан жекелеген тараулар да осы кiтаптан орын алып отырғандығын айтады.

ХХ ғасырдың екiншi жартысында, яғни 1930 - 1990 жылдар арасында қазақ елiнде, жоғарыда аты аталған ғалымдардан басқа, ұлттық психология ғылымына азды - көптi үлес қосқан басқа адамдар да аз емес. Олар психология ғылымдарының докторлары - профессорлар Жарықбаев Қ., Жақыпов С., Намазбаева Ж., Шериязданова Х., Хамзин Б., Бердiбаева С., Кәрiмова Р. және т.б. Бұлардың барлығын бiр жинаққа енгiзуге мүмкiндiк болмағанын оқырман қауымының есiне салады.

"Қазақтың психологиялық ой - пiкiрлерi" атты соңғы оныншы том, негiзiнен, елiмiздiң егемендiк алып, тәуелсiздiк алған кезеңiнде дейiнгi қазақ халқының он төрт ғасырлық психологиялық ой - пiкiрлерiн баяндаумен аяқталды. Яғни, бұл сонау VI-VIII ғасырлардан басталып, ХХ ғасырдың соңғы жылдарымен аяқталатын аса дүбiрлi үлкен кезең. Ал үстiмiздегi ХХI ғасырдағы қазақ психологиясының тарихын жазу бiзден кейiнгi ұрпақтың еншiсi болмақ деймiз.

Ол 1922 жылы тұңғыш "Педагогика " атты оқулық жазып, бала тәрбиесiнiң проблемаларымен айналысушы мұғалiмдер қауымына үлкен көмек көрсеттi.Сонымен бiрге педагогика, психология ғылымдарының қазақ тiлiндегi терминдерiн жасауға белсене ат салысады.

Жеткiншек жастағы балалар бойында көп өзгерiстер байқалады. Әсiресе мiнез-құлқында өзгерiс айқын байқалады. Осындай өзгерiстердiң бiрi мiнез акцентуациясы болып табылады. Акцентуация- барлық адамға тән психикалық қасиеттерiнiң кейбiр көрсеткiштерiнiң ерекше дамып, шектен шығып кетуi.

Акцентуацияны анықтау үшін К.Леонгардтың теориясына сүйене отырып бұл мәселені зерттеуге кеңінен қолданылып жүрген классификацияны ұсынады. Ұсынылған классификация бойынша жеткіншектер акцентуациясы келесі түрлерге бөледі:

1. Гипертимдік тип. Негізгі ерекшелігі - көңіл-күйі барлық уақытта көтеріңкі болып жүретін, болашағына үлкен үмітпен қарайтын оптимистер. Олар өте сирек ашуға бөленіп, агрессия көрсетеді. Барлық уақытта көпшіліктің ішінде болуға, жетекші болуға құмар. Қызығушылығы өзгермелі, сондықтан бір істен екінші түріне тез ауысады, бастаған істерін аяғына жеткізбей тастап кетуге, теріс мінез көрсетуге жақын. Гипертимияның белгісі бар жасөспірімдер неше түрлі оқиғаларға, романтикаға бейімді. Басқалардың өз басына билік жүргізгенін жақтырмайды, ал өзінен үлкен балалар қамқорлық көрсеткенін ұнатады, олардың әсеріне тез бөленеді. Сәтсіздікке реакциясы өте күшті, бірақ тез басылады. Паталогияда жабысыңқы идеялар неврозы түрінде көрініс береді.

2. Лабильдік тип. Аффектілі тұрақсыздар, кей кезде ешқандай себепсіз көңіл-күйлері тез және кенет өзгеретін адамдар. Барлық қарым-қатынасы және іс-әрекеттері көңіл-күйіне байланысты – жұмысқа жарамдылығы, хал-жайы, табыстылығы т.б. Эмоциясы өте нәзік ұйымдастырылған: терең сезінуге және жағдайларды бастан кешуге қабілетті. Қоршаған ортадағылармен жақсы қарым-қатынаста болуға бейімді. Оны мақтағанда, мадақтағанда, сыйлағанда шын жүректен қуанып, үзақ уақыт шат болып жүреді. Махабатта қатты ренжігіш, Бірақ қажетті болса қамқорлық көрсетуге, қорғауға даярлық көрсетеді.

3. Сенситивтік тип. Үлкен компанияларды, дабр-шу шығаратын


ойындарды жақтырмайды. Бейтаныстармен қарым-қатынас жасамайды.Туған-туысқандарына бауырмал, ашық-жарқындық белгілері басым. Оларға бір эмоциялық жағдайдан екіншісіне көшу ауыр. Барлық нәрселердің өз
орнында болғанын, адамдар өз ойларын анық жинақтап айтқанын ұнатады. Ескертулерге өте нәзік әсерленеді, ашулы, қамыққан кездерде қарсылық көрсетпестен іштен тынып жүруге бейімді, кекшілдік білдіреді. Өзін өзі қатал
бағалап, кемістіктерім өте көп деп есептейді. Паталогияда - эпилептикалық психопатия.

4. Шизойдтық тип. Тұйық, қарым-қатынасы шектеулі. Шизойдтық жеткіншектер - тынымсыздықтың өте жоғары сатысындағы меланхоликтер. Өздерінің достары жоқтығынан жалғыздық сезіміне бөленіп жүреді де одан да бетер тұйықталады. Өздеріне сенімі төмен, өз кабілеттілігін бағаламайтын, азайтып көрсететін, басқалардан өзін қорғап жүретін адамдар. Ұялшақ, жауапкершіліктен қорқады. Олардың аффектілік реакциялары өзін-өзі қорғау механизмі.

5. Эпилептоидтық тип. Аффектілік ұстамалы. Көңіл-күйі тұрақсыз, көтеріңкі болуы қысқа мезгілге созылады, ал бұзылуы ұзақтығымен және аффектісінің өте терең жүруімен сипатталады. Аффект барысында ерекше және себепсіз қатыгездік көрсетіп, ашуланған адамын ұрып-соғуға дейін барады. Депрессия кезінде тынымсыз, тез шаршайды, шығармашылық белсенділігі төмендейді.

6. Тұрақсыз тип (Қозғыштық). Көңіл көтеруге, сырапшылыққа, уақытын бос өткізуге әуесқой, импульсивті, реактивті. Ерік күші дамымаған, эмоциясы тұрақсыз. Патологияда -эпилептоидты психопатия.

7. Астено-невротикалық тип. Көңіл-күйі айнымалы, ашушаң, ипохондрияға бейім. Мәнсіз нәрсенің сылтауымен ұрыс-қағыс шығарып, агрессиясын анық байқатады. Көңіл-күйі төмен, пессимист. Заттарға қызығушылығы төмен, шаршағыш, қабілетсіз, жалғыздықты жақсы көреді.

8. Демонстративтік тип. Эгоцентризмі шексіз, өзіне көпшіліктің көңлін аударып отыруды, олардан мақтау естуді, ең болмаса басқалардың наразылығына бөленіп жүруді қажет етеді. Артистікке құмар, ашық-жарқын, экстровагантты, өз

ерекшелігін көрсету үшін көп әрекет жасайды. Жалғандығы паталогиялыққа жақын, ассоциалдық әрекеттермен көзге түседі. Патологияда - истериялық психопатия.

9. Циклоидтық тип (тұйықталып қалушылық). Балалық шақта гипертимдік типтен айырмашылығы жоқ. Пубертанттық кезеңде көптеген қиыншылыққа кездесумен байланысты көпшіліктен қашып, жекеленіп жүрумен ерекшеленеді. Бүл түрі көрініс бергендер майда-шүйда сәтсіздіктерге өте көп көңіл бөлетін

10. Аффекті-экзальтациялық. Наразылық көрсетіге жақын, экзальтацияға, аффектіге бөленуі оңай, эмоцияға тез бөленетін, дінге берілген, педант, кекшіл, жәбірленгенін, ренжіткенді ұзақ уақыт ұмытпайтын, өкпелегіш болады. Осы көрсеткіштер негізінде жабысқақ идеялар жиі пайда болуы мүмкін, ішкі кернеуі күшті, кейде аффект жагдайында болады. Агрессия көрсетуі мүмкін. Паталогияда — параноялды психопат.

Біздің зерттеуіміздің мақсаты мен міндеттеріне байланысты алдымен біз психология ғылымындағы мазасыздану мәселесімен таныс болуымыз керек. Мазасыздану – ерекше эмоциялық күй, жоғарғы эмоциялық күшеюде, қорқынышпен қатар келетін, тынышсыздық, қауіптену күйі, адамдармен қарым-қатынасқа және іс-әрекетке кедергі жасайды. Психологиялық сөздікте [25] мына анықтаманы көреміз – «мазасыздану» дегеніміз – индивидтің қауіп қорқынышты бастан кешіруге бейімділігі, қорқу реакциясының пайда болуының төменгі табалдырығымен сипатталады. Бұл анықтаманы талдай отырып, ол «мазасыздану» ұғымының мәнін толық аша алмайтынын көруге болады. Мұнда бір ұғым екіншісі арқылы түсіндіріліп тұр, ал қорқу, дабыл қағу мазасызданудың формасы. Мазасыздануды бұлайша түсіну оның нақты психологиялық мәнін ашпайды, маңызды жақтарын көрсете алмайды, сондықтанда бұл мәселені кеңінен шет ел және кеңестік психологиялық зерттеулер шеңберінде қарастыру керек.

Шет елдік әдебиеттерді талдау барысында мазасыздану мәселесін гештальт-терапияның негізін салушы Ф. Перлз былайша жан бітіре суреттеді: «Мазасыздық формуласы өте қарапайым: мазасыздану – бұл қазіргі мен сондағының арасындағы сандырақ».

Психодинамикалық әдіс қобалжушылықты былайша қарастырады. З.Фрейдтің айтуынша «үрей – аффектілік жағдай, демек белгілі бір әсерлердің бірігуі, қанағаттану-қанағаттанбау, тиісті разрядтарға сәйкес көңілге жүк болатын әсер мен оларды қабылдау, сондай-ақ анықталған белгілі бір жағдайдың болуы не әсер етуі. Үрей, Фрейдтің айтуынша, жоқ жерден пайда болып, өзін қорғауға қызмет етеді, жаңа, сыртқы қатердің белгісі болып табылады. З. Фрейд мазасыздықтың 3 түрін бөліп көрсетті, олар: реалистикалық, невротикалық және моральдық. Оның есептеуінше, мазасыздық «Эгоны» төніп келе жатқан қатерден қорғайтын, белсенді импульстерден туындайтын сигналдың, белгінің ролін атқарады. Жауап ретінде «Эго» бірнеше қорғау механизмдерін, орналастыру, ығыстыру, тауып алу сияқты механизмдерді жүзеге асырады. Қорғаныс механизмі санадан тыс әрекет етеді және жеке адамның құбылысты қабылдауын жұмсартады [26].

Осы бағыттың өкілі К. Хорни жеке тұлғаның жетілуінде бала мен ересектердің арасындағы қатынастардың шешуші фактор екендігін айтады. Тұлғаның әлеуметтік теориясына К. Хорни балалыққа тән екі сұранысты бөліп көрсетеді, оның бірі қанағат алуға деген сұраныс (бұл жерде ол З. Фрейдпен келіседі) және екіншісі қауіпсіздікке деген сұраныс, бұл сұранысты Хорни дұшпандар әлемі мен қатерлерден қорғана алатын ең басты сұраныс деп біледі. Бұл арада бала ата-анасына толық тәуелді [4].

Тұлғаның бұлай дамуының екі жолы болуы мүмкін: егер ата-ана сол сұранысты қамтамасыз етсе, нәтижесінде жақсы тұлға қалыптасады, екінші жол – қорғаныс жоқ болса, онда тұлғаның дамуы потологиялық жолмен өтеді. Бірақ ата-ана тарапынан болған мұндай ақымақтық көзқарас негізгі нәтижесінде баланың бойындағы бақшаңкөз, жаулық әрекетті тудырады. Бала бір жағынан ата-анаға тәуелді, екінші жағынан кейде оларға өкпелеп, түсінгісі келмейді де, бұл әрекет қорғаныс механизмінің іске қосылуына бастайды. Өз үйінде қауіпсіздікті сезіне алмаған баланың тәртібінің нәтижесінде ата-анаға деген жаулық сезімді жою мақсатындағы психологиялық қорғаныс ролін атқаратын қауіпсіздік, үрей, ықылас пен күнә сияқты сезімдерге бағытталады, мұның бәрі базалық мазасыздануына әкеп соғады.

Ч. Д. Спилбергер айтқандай мазасыздықты белгілі бір жағдай немесе мазасыздық жеке қасиет деп ажыратуға болады.Ч. Д. Спилбергердің тұжырымдамасы психоанализдің ықпалымен, балалық шақтағы бала бойындағы мазасыздықты туғызудағы ата-ананың ықпалын асыра бағалап, әлеуметтік фактордың ролін жете ескермей айтылған сияқты. Баға берудегі айырмашылық адамдардағы іс жүзіндегі тең жағдайды әртүрлі мазасыздық деп қарауда ғана, бәрінен бұрын тәжірибеге не балалыққа деген ықпалды, ата-ананың балаға деген қатынасын қосып жаза салады [27].

К. Гольдштейн дені сау жеке адамның еркіндігі іс жүзінде оның баламалы жағдайлардың бірін таңдай алатындығымен, жаңа қоршаған ортадағы қиындықтарды жеңу мүмкіндігіне қол жеткізе алу мүмкіндігімен ерекшеленетінін бөліп көрсетті.

Мазасыздану мәселесін көптеген кеңес психологтары да қарастырады (А.Н. Леонтьев, С.Л Рубинштейн, Л.И. Божович, А. М. Прихожан, Н.Д. Левитов, В.К. Вилюнас және т.б.).

А.Н. Леонтьевтің пікірінше эмоция субьектінің ішкі әлемінің ситуациясымен байланысында пайда болады. Мазасыздануды бастан кешіру психиканың рудиментарлы құбылысы емес, әртүрлі іс әрекеттерді реттеуде роль атқаратын дамудың өнімі. А.Н. Леонтьев бойынша эмоция адамның белсенділігін бағыттайтын іс-әрекеттің формасы [22].

А.М.Прихожанның көрсетуінше, мазасыздану – бұл сәтсіздікті, келе жатқан қорқынышты қауіпті күтуге байланысты эмоциялық дискомфорттың уайымы. Мазасыздануды эмоциялы жағдай және тұрғылықты қасиет, тұлғаның өзгешелігі мен қызулығының ерекшелігіне қарай түрге бөледі. [ 28. Б. 39]

Л.И. Божович мазасыздықты саналы түрде мойындалған, тәжірибеде орны бар белгілі бір ауру немесе ауруды алдын ала көру деп қарастырады [29].

Л.И. Божовичке қарағанда Н.Д. Левитов [30] мынадай анықтама береді: «Мазасыздық, бұл болуы мүмкін ыңғайсыздықтардан, күтпеген нәрселерден, үйреншікті жағдайдың өзгеруінен, қызмет түрінің өзгеруінен, жанға жайлы, тілеп жүрген сәттің кешігуінен пайда болатын және арнайы алаңдаудан, реакциядан байқалып тұратын (сақтану, толқу, мазасы кету, т.б.) психикалық жағдай.

В.К. Вилюнас [31] мазасызданудың табиғаты жайлы түсініктерді талдап былай дейді: «... мазасыздану өз фукциясымен мінез-құлықты нақты ситуацияда түзетеді». Мазасыздануды «табыс-табыссыздық» топтарына кіргізеді, оған «үміттену», «мазасыздану» сияқты оқиғаларды бастан кешіру кіреді.

Сонымен мазасыздану мәселесі туралы шет елдік және кеңестік психологиялық зерттеулерді талдай отырып олардағы айырмашылықтарды көрдік. Бихевиористерге қарсы кеңестік психология мектебі, эмоциялық күйлер реакциясының бір түрі емес, ол психологиялық күй, әсерленудің түрлері, адам үшін маңызды мәні, құрылымы бар [32]. Кеңес психологиясы бойынша мазасыздану ішкі инстинкті күштердің «ойынымен» шарттанбаған, ол адам және социумның қатынастарымен детерминацияланған, сондықтан эмоциялық процестердің қайнар көздерін санасыз әуестенулерден емес, адамның биологиялық және әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыру өлшеміне байланысты іздеу керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет