Дипломдық ЖҰмыс 5В010200 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі білім беру бағдарламасы Шымкент, 2021



бет14/29
Дата07.01.2022
өлшемі131,39 Kb.
#19597
түріДиплом
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29
Байланысты:
Амантай Диана

Сенсорлы алалия. Сөйлеу тілін түсініп ұғынудың және сезіп түсінуінің бұзылуы сенсорлы алалияның ең басты сипаты болып саналады. Алайда сенсорлы алалияда есту қабілеті толық сақталады. Демек, сенсорлы алалия бас миының сол жақ жарты шарының самай аймағының зақымдануынан пайда болады. Мұндай балалар өздеріне қарата айтылған сөздерді мүлде түсінбейді немесе өте нашар түсінеді. Олар дыбыстардың ерекшеліктерін ажырата алмайды, яғни оларға айналасындағы құбылыстардың қимыл қозғалыстарынан шығып жататын әр түрлі дыбыстардың барлығы да бірдей сияқты болып көрінеді.

  Ата-аналар, егер бала тіпті кішкене тұтықса және бұл өте сирек болады, сонда да дереу маманға бару керек екендігін түсінуі өте маңызды. Кішкене стресстің болуы, қорқу және шаршау тұтығуды күшейтуі мүмкін. Комплекстік қарау өткізу керек: медициналық, логопедтік және психологиялық. Жалпы алғанда бала тілінің бірден қалыптаспауы, оның бірден жақсы сөйлей алмауы ата-ананы қинайды. Мидың даму процесі белгілі бір кезеңге жеткенде ғана балалар дұрыс сөйлей бастайды. Бұл –асығуды қажет етпейтін көп уақыттық процесс. Мәселен, сәби үш айлық кезінде еліктеу дыбыстарын шығара бастайды. Бес-алты айлығында уілдеп, жеті айлығынан бастап жеке дыбыстардан буындар құрап үйренеді, бір жасқа келгенде бес-он сөз айта алатын болады. Екі жасқа жеткенде баланың сөздік қоры 200-400 ге жетеді, 4 жасқа келгенде қарапайым сөздерден сөйлем құрауға әрекет жасайды. Келе-келе баланың сөздік қоры ұлғайып активтік және пассивтік сөз қоры пайда болады. Активтік дегеніміз - бала өзі айтқан сөзінің мағынасын түсінетін сөздер де, пассивтік дегеніміз өзі айта алмайтын, бірақ өзге адам айтқанда түсінетін сөздік қоры. Сондықтан бір жасқа жеткен бала әлі дұрыс сөйлей алмаса, оған қайғырудың қажеті жоқ. Бала сөйлей алмаса да, ересектердің айтқан сөзін ұқса, айтқанды дұрыс орындай білсе, онда уайымдауға ешқандай негіз жоқ. Баланың тілі шыға бастаған кезде онымен байқап, дұрыс сөйлескен мақұл. Сақауланып сөйлеуге, баланың тілін бұрап сөйлегенін қызық көріп, оның айтқандарындай етіп қайталау жақсылыққа апармайды. Өйткені бала солай сөйлеуге үйреніп кетеді.

Сонымен, жоғарыда айтылып кеткендей баланың сөйлеуінің бұзылуына биологиялық, психологиялық факторлар, сондай-ақ қоршаған ортаның келеңсіз жағдайлары себепші болады:

1. Ана құрсағындағы ұрықтың 4 апталығынан 4 айлығына дейінгі кезеңдегі дамуының бұзылуынан сөйлеу тілі бұзылады. Яғни, ананың екі қабат кезінде вирусті жұқпалы аурулар, әртүрлі зақымдар, гигиеналық талаптарды сақтамауынан, резус фактор бойынша қанның сәйкес келмеуі және т.б. себептер әсер етеді.

2. Болашақ ананың екі қабат кезінде қорқып-шошынуы, жүйке жүйесінің мазасыздануы, уайымдауы, ашулануы баланың сөйлеу тілінің бұзылуына әкеледі.

3. Сөйлеу тілінің мүкістенуіне бас сүйегінің жарақаттануы мен мидың шайқалуы ықпал етеді.

4. Босану кезінде және толғақ қысымынан болатын зақымның мидың оттегімен жеткілікті қамтамасыз етілмеуінің салдарынан бас сүйегінің ішкі жағына қан құйылады.

5. Сөйлеу тілінің мүкістігіне тұқым қулайтын аурулар және нәресте кезінде жиі-жиі шалдыққан әртүрлі ауру-сырқаулардың зардаптарынан да зиян шегеді. Баланың сөз қорының баюына, дұрыс сөйлеуіне қоршаған орта, үлкендердің сөздік қоры жақсы стимул. Үлкендердің сөзі анық, асықпайтындай және дұрыс болуы керек. Кейбір ата-аналар баланың сөзімен сөйлеймін деп сөзін бұрып айтады, олар балаға ұғынықты деп ойлайды, ол дұрыс емес. Екі жасында баланың сөздік қоры 300-ге жуық болады. Фразалар ұзын және қиын бола бастайды, ал сөздің айтылуы жақсарады. Үш жасқа дейін бала сөйлей алмаса қобалжудың қажеті жоқ, онда мамандардан консультация алу қажет. Кейбір ата-аналар баласы өзі жай сөйлегісі келмей тұр деп өздерін басып, көп уақыт өткізіп алып көмек сұрайды. Негізінде төрт – бес жаста барлық сөйлеу қателіктері жоғалады, бірақ ол үлкендердің сөзді дұрыс айтуына байланысты. Сондықтан баланы кішкентай кезінен бастап әдемі, дұрыс, таза сөйлеуге үйрету керек. Балаға көп ертегілер оқытып, жаңылтпаштармен тілін жаттықтырып және баланың сөздері үнемі дамытуда болуы қажет. Баланы бала-бақшаға апара жатқанда, жолда бір нәрсе айтып жүріңіз. Мысалы: автобуспен, тролейбустың қандай айырмашылығы бар? деп, содан кейін кешке жақын баладан: «Білесің бе біз не көрдік?» деп сұраңыз. Сонда бала бәріне жолда не көргенін айта бастайды. Осылайша баланың сөйлеуімен зейінін дамыта

аламыз.Тіпті кішкентай сөзді бұзып айту баланың тәртібі мен қызметіне әсер етеді. Бұндай баланы мектепте қорқытуы мүмкін, сондықтан оның психикасына өте ауыр әсер етеді. Нашар сөйлейтін балалар өзінің кемшілігін өте тез ұға бастайды. Олар тұйықталып кетеді, ұялшақ, шешім қабылдай алмайтын, нәтижесінде толымсыздық комплекстері жетіле бастайды, үлгерімі төмендейді, өзіне деген сенімсіздігі пайда болады, коммуникациялық белсенділігі нашарлайды.

Сөйлеуді дамытуда толық есту қабілеті өте маңызды фактор болып табылады. Дыбысты бала туғаннан бастап қабылдайды: басында бұл дыбысқа жай ғана қарашығының үлкеюі, тынысын ұстап тұруы, басқа да қозғалыстар көрінеді. Атап айтқанда бала естудің көмегімен қоршаған ортадағы сөзді қабылдайды, өзінің дыбыстауына бақылау жасауы өте маңызды. Баланы үнемі дұрыс айта алмауы әдетке айналмау үшін түзетіп отыру керек, артынан оны түзету өте қиынға соғады. Көру өте үлкен роль атқарады, себебі бала ықыласпен сөйлеушінің тілін және ерін қозғалысын бақылай отырып, оларды қайталайды, артикуляциялық қозғалысқа еліктеуге тырысады. Бұл процесте баланың дамуында үнемі дамып және қайталау байланыстарын қатайтып отыратын анализаторлар арасында есту, көрумен және басқалармен шартты байланыс жүйесі пайда болады. Сөйлеудің қалыптасуы ең алдымен ересектермен күнделікті қарым-қатынаста болуымен байланысты. Бала балабақшадан немесе серуеннен оралғаннан кейін, міндетті түрде балабақшада не істегені туралы, қандай тапсырмалар болды, соны баладан сұрап отырыңыз. Егер балаға айтып беру қиын болса, жетектеуші сұрақтар қойып көріңіз. Сонымен қатар балаға тыңдауды және дыбыстарды дифференциялауға үйрету аса қажет. Баланың дыбыс қабылдауының дамуына себеп болатын кезкелген ойындарды ойлап тауып, жаңылтпаштарды жиі қолданған дұрыс.

М.М. Кальцованың айтуынша сөйлеудің дамуы моториканың дамуымен, әсіресе қол саусақтарының кіші моторикаларының дамуымен тығыз байланыста болатынын айтты. Сондықтан балаларды пирамидалармен, кубиктермен, мозаикалармен айналдыруға тырысу керек. Тапсырмаларға кіріспес бұрын бала әсіресе қандай дыбыстарды жаман айтатынын біліп алыңыз. Ол үшін оған атауларында керекті дыбыстары бар, барлық мүмкіншіліктегі суреттер ұсынылады. Егер бала бірнеше дыбыстарды дұрыс айтпаса, тапсырманы көбірек таза айтатын дыбыстардан бастаған жөн. Ата-аналар баламен жұмыс жасай бастағанда тек ойын түрде берілген қызықты тапсырмалар ғана эффективті болатынын есіне алуы қажет. «Мұнда кел, сөйлеуді үйренеміз», - деп бұйрық беруге болмайды. Бұндай жағдайда бала қорқып, ішінен тұйықталып алады, онда тапсырмалар пайдасыз болып шығады. Ойын қызықты және тірі болу керек, кейде балаға жақсы сабағы үшін сыйлық берген жөн.

Логопедтік тапсырмалар мектепке жақсы дайындық бола алады. Дыбыстарды айтып үйренуді бастамас бұрын бала дұрыс айтпайтын дыбыстарды меңгеруге артикуляциондық аппарат дайындайтын бірнеше тыныс алу жаттығуларын орындау керек. Тапсырмалар қысқа болу керек, кем дегенде 15 минут жүргізілуі қажет. Сондықтан сөйлеуі бұзылған және тіл кемістігі бар балалар тұйықталып, бойында толымсыздық кешені пайда болмас үшін, ата-ана тарапынан қолдау, мейірімділік, жылылық аса қажет. Қазіргі кезде экологиялық және психологиялық фактордың әсерінен сөйлеу қабілетінде ауытқуы бар және мүмкіндігі шектеулі балалар жылдан-жылға саны көбейіп келеді. Мұндай балаларға арналаған арнайы мектептер мен оқыту бағдарламалары жоқтың қасы. Бұл мәселе психиатр, логопед, невролог, психолог және т.б. мамандардың және қоғамның араласуымен шешілетін өзекті мәселелердің бірі болып қала бермек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет