Дипломдық ЖҰмыс 5В010200 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі білім беру бағдарламасы Шымкент, 2021



бет25/29
Дата07.01.2022
өлшемі131,39 Kb.
#19597
түріДиплом
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
Амантай Диана

Қорытынды

Қорыта келетін болсақ тіл – ұрпақ тәрбиесінің пәрменді құралы, рухани байлықтың баға жетпес құдіретті, қуатты қайнар көзі болып табылады. Ана тілі – халықтың өткен ұрпағы, қазіргі және келешек ұрпағы арасындағы тарихи жалғастықты жүзеге асыратын бірден – бір сенімді құрал. Елімізді, туған жерімізді ана тіліміз арқылы танып білеміз, халықтың рухани байлығының сарқылмас бастауы да осында. Ана тілін оқыту тіл дамыту жұмыстарынсыз жүзеге аспайды. Тілі жақсы дамыған бала ойы да дамыған, жақсы мен жаманды толық айыра алатын, әділдік пен әділетсіздікті тани алатын азамат деуге болады. Адам тілі арқылы ойын дәл жеткізе алады. Дұрыс сөйлеп, дұрыс жаза білуге дағдыланған баланың сөйлеген сөзі де, жазғаны да түсінікті болатыны айқын. Осы міндеттерді және қарастыралған әдіс -тәсілдерді мұғалім үнемі өз жұмысында жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын молайтуда ойын, тапсырма жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын- баланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Ол озін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады. Тілдік норма жетілу үшін оқушының ауызекі сөйлеу тілін, жазба тілін дамыту керек. Осы мақсатта тіл дамыту оқушыларға еркін тақырып аясында ауызша мәтіндер құрастыруға, өздері оқыған шығармаларын мазмұндап, көркемдеп баяндауға, ертегі, әңгіме құрауға үйретіледі. Сөйлеу арқылы ауызша тіл дамыса, еркін тақырыпқа жазылған мақала, эссе, ойтолғау, әңгіме, мазмұндама, шағын шығарма жазу арқылы жазба тілді дамытуға болады.Осы орайда бала тілін дамытудағы негізгі мақсатым – халқымның тіл байлығын ұрпақ бойына сіңіру.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет