Зерттеу көздері: зерттеу проблемасы бойынша психологтардың, педагогтардың және әдіскерлердің еңбектері;психологиялық журналдардағы мақалалар авторефераттар.
Практикалық мәнділігі: оқушылардың тілін дамытудағы оқыту үрдісінің, сондай-ақ оны қолданудың тиімділігін жетілдіру жолдары әлі терең зерттелмей келеді. Бұл мәселенің ғылыми-теориялық жағынан зерттелуі жеткіліксіз болғандықтан мектеп тәжірибесінде белгілі кемшіліктер орын алып келеді.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер, оқушылардың тілін дамытуды оқу-тәрбие жұмыстарында тиімді қолданудың педагогикалық және психологиялық негіздері айқындалып, оқу-тәрбие үрдісінде ескеріліп отырса, оқытушы оқушының тіл байлығынын арттырудың нақты жолдары мен тиімді әдіс-тәсілдерін терең меңгереді.