Дипломдық ЖҰмыс 5В070100 «Биотехнология» мамандығы


 Цианобактериялардың клетка құрылысы және морфологиясының



Pdf көрінісі
бет13/40
Дата31.12.2021
өлшемі0,95 Mb.
#21674
түріДиплом
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   40
Байланысты:
2021 БАК Ағыбаева Айдана Сәндібекқызы

1.1 Цианобактериялардың клетка құрылысы және морфологиясының 

ерекшеліктері 

Кез  келген  тірі  организмдердің  классификациясын  объектілерді 

сәйкестендіруге ықпал ететін реттілікті сипаттауды қамтамасыз ететін алгоритм 

ретінде  ғана  қарастырған  жөн.  Биологиялық  классификацияның  міндеті  тірі 

организмдердің ұйымдастырылуы мен эволюциясының заңдылықтарын түсіндіру 

және барынша объективті таксономияның негізін құрау.  

Қазіргі  уақытта  фенотиптік  классификация  16S  рибосомалық  РНҚ  генінде 

нуклеотидтер 

тізбегінің 

қатарын 


анықтау 

нәтижесінде 

әзірленген 

филогенетикалық классификацияға ауыстырылды (сурет 2).  




13 

 

 



 

 

Сурет 1 - Цианобактериялардың филогенетикалық бұтағы (Komarek 



бойынша) 

 

Нуклеотидтердің  реттілігінен  филогения  құрылады,  оның  маңызды 



ерекшелігі  тірі  организмдерді  үш  ірі  бұтақтарға  бөлу  болып  табылады: 

бактериялар  –  Bacteria,  архей  –  Archaea  және  эукариот  –  Eukaiya  [6].  Табиғи 

популяцияларға  16S  РНҚ  бойынша  объектілерді  сәйкестендіруді  қолдану  ең  аз 

алуантүрлілік  жағдайларында  да  культурада  бар  организмдердің  генетикалық 

жағынан ерекшеленетінін көрсетті. Ал бактериялардың табиғаттағы рөлін танып 



14 

 

білу үшін олардың морфо-физиологиялық туыстығы негізіндегі классификациясы 



табиғи  процестердегі  бактериялардың  функционалдық  рөлінің  сәйкес  келуіне 

байланысты өте ыңғайлы болып табылады [7]. 

Тірі әлем жүйесіндегі цианобактериялардың орны туралы мәселенің ұзақ әрі 

қарама-қайшы тарихы бар. Ұзақ уақыт бойы олар төменгі сатыдағы өсімдіктердің 

бір  өкілі  –  көк-жасыл  балдырлар  ретінде  қарастырылды,  сондықтан  жүйелеу 

ботаникалық  номенклатураның  Халықаралық  кодексінің  ережелеріне  сәйкес 

жүзеге асырылды. ХХ ғасырдың 60-шы жылдары ғана клеткалық ұйымдасуының 

прокариотты  және  эукариотты  типтері  арасындағы  айқын  айырмашылық 

анықталған  сәттен  бастап  оларды  прокариотты  құрылымы  бар  организмдер 

ретінде  бактериялар  тобына  жатқызу  қажеттігі  анықталып,  көк-жасыл 

балдырдардың  таксономиялық  жағдайын  қайта  қарау  туралы  мәселе  тұрды  [8]. 

Көк  жасыл  балдырлар  қарапайым  прокариоттар  екендігі  белгілі  болды [9]. 

Сондықтан  оларға  "цианобактерия"  (ЦБ)  атауы  берілді,  цианобактериялар, 

архебактериялар  сияқты  органикалық  әлем  дамуының  жеке  дербес  тармағы 

болып табылады [10, 11]. Альгологтардың (әсіресе гидробиологтардың) арасында 

осы  күнге  дейін  бұл  организмдер  көк-жасыл  балдырлар,  ал  микробиологтар 

арасында – цианобактериялар деп аталады.  

Бактериялардың  Берджи  анықтағышының  таксономиялық  сызбасында 

цианобактериялар  бес  кіші  топтармағына  бөлінеді.  I  және  II  топтармақтарға 

клеткалық  қабырғаның  сыртқы  қабатымен  немесе  гель  тәрізді  матрикспен 

біріктірілген  бір  клеткалық  нысандар  немесе  жасушалардың  жіп  тәрізді  емес 

колониялары  жатады.  Әрбір  топтармағындағы  цианобактериялар  өзара  көбею 

тәсілімен  ерекшеленеді.  III,  IV  және  V  топтармақтарына  жіпшелі  организмдер 

жатады. Әрбір тармақтың цианобактерияларының клеткаларды бөліну тәсілімен 

және трихомдардың пішінімен (тармақталған немесе тармақталмаған, бір қатарлы 

немесе  көп қатарлы)  ерекшеленеді.  Әрбір  тармаққа  цианобактерияның  бірнеше 

түрі кіреді, сондай-ақ туыстармен қатар, "дақылдар топтары" немесе "туысүсті" 

деп аталады, олар одан әрі қосымша туыстар қатарына бөлінуі мүмкін [12]. 

Мысалы,  Cyanothece  (I  тармақ)    "дақылдар  тобы"  әртүрлі  мекендеу  орта 

жағдайларынан бөлінген жеті зерттелген штаммдарды қамтиды. Жалпы бірінші 

тармақ  тоғыз  туыстан  тұрады  (Chamaesiphon,  Cyanothece,  Gloeobacter, 

Microcystis, Gloeocapsa, Gloeothece, Myxobaktron, Synechococcus, Synechocystis). ІІ 

тармақ  алты  туыстан  тұрады  (Chroococcidiopsis,  Dermocarpa,  Dermocarpella, 



Myxosarcina,  Pleurocapsa,  Xenococcus).  III  тармақ  тоғыз  туыстан  құралады 

(Arthrospira,  Crinalium,  Lyngbya,  Microcoleus,  Oscillatoria,  Pseudanabaena, 



Spirulina,  Starria,  Trichodesmium).  IV  тармаққа  жеті  туыс  кіреді  (Anabaena, 

Aphanizomenon,  Cylindrospermum,  Nodularia,  Nostoc,  Scytonema,  Calothrix).  V 

тармаққа  морфологиялық  күрделілігі  мен  дифференциялаудың  жоғары 

дәрежесімен  ерекшеленетін  жіпшелі  цианобактериялардың  он  бір  туысы  кіреді 

(көп  қатарлы  жіптер).  Бұлар:  Chlorogloeopsis,  Fisherella,  Geitleria,  Stigonema, 



Cyanobotrys,  Loriella,  Nostochopsis,  Mastigocladopsis,  Mastigocoleus,  Westiella, 

Hapalosiphon туыстары [13, 14]. 


15 

 

Цианобактериялар  түрлі  экологиялық  жүйелерде  маңызды  рөл  атқарады. 



Олар  теңіз,  тұзды  және  тұщы  суларды  қоса  алғанда,  су  экологиялық  нишалар, 

жартастар  мен  Арктикада,  әсіресе  ылғалды  жерлерде,  шөлдерде  кең  таралған, 

оларды ыстық суларда және күшті-сілтілі көлдер сияқты экстремалды жерлерде 

табуға болады. Цианобактериялардың мұндай кең таралуы, ең алдымен, олардың 

қолайсыз  жағдайлардың  әсеріне  төзімділігімен  және  қоректік  заттарға 

талғамайтындыығымен байланысты [15, 16]. 

Цианобактериялар  бірінші  болып  құрлыққа  шыққан  организмдер  болып 

есептеледі, осылайша басқа эукариотикалық өсімдіктердің өсуі үшін физикалық 

және химиялық субстратты қамтамасыз етті. Саңырауқұлақпен қауымдастықта, 

олар тастардың басқа ағзалардың өміріне жарамды топыраққа айналуына ықпал 

ететін  қыналар  қалыптастырады  [17].  Цианобактериялардың  көптеген  түрлері 

белсенді тіршіліктен тыныштық күйге және тыныштық күйден керісінше белсенді 

күйге  тез  өтуге  қабілетті.  Олар  ондаған  жылдар  бойы  кептірілген  күйде 

өміршеңдігін сақтайды және субстраттың немесе ауаның ылғалдылығы ұлғайған 

жағдайда бірнеше минут ішінде белсенді тіршілік процестерін қайта жанданады 

[18, 19].  

Цианобактериялар – фототрофты организмдердің ең кең тобы. Олар қараңғы 

үңгірлерді,  судағы  түрлі  қатты  субстраттарды,  биік  таулы  жартастағы 

биотоптарды мекендейді [20]. Цианобактериялар температурасы қоршаған ортаға 

тәуелді  емес  термалды  көздерде  де  кездеседі.  Олар  жылы  және  ыстық  су 

көздерінде  және  жоғары  температуралы  30-дан  80°С-қа  дейінгі  аралықтағы  су 

қоймаларда кең таралған [21]. 

Көптеген цианобактериялар сулар мен лайда, лайлы тұнбаларда өмір сүреді 

және  цианобактериялардың  кейбір  түрлері  вулкандардың  баурайларын  игеруге 

белсенді қатысады [22]. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет