Дипломдық ЖҰмыс 5В070100 «Биотехнология» мамандығы



Pdf көрінісі
бет8/40
Дата31.12.2021
өлшемі0,95 Mb.
#21674
түріДиплом
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   40
Байланысты:
2021 БАК Ағыбаева Айдана Сәндібекқызы

 


 

КIPICПE 



 

Әлемдік  энергетикалық  проблемалар  мен  қоршаған  ортаның  өзгеруі  - 

адамзат  баласын  жаңа  энергия  көздерін  іздеуге  мәжбүр  ететін  екі  негізгі 

тенденция.  Микроорганизмдер  қазіргі  кезде  пайдаланатын,  көмір,  мұнай  және 

газ  сияқты  отындарды  қалыптастыруда  басты  рөл  атқарды.  Миллиондаған 

жылдар  бұрын  отынның  бұл  түрлері  биохимиялық  реакциялар  нәтижесінде 

пайда  болған  жасушалық  органикалық  материал  болды.  Қазіргі  уақытта 

биотехнологияның  дамуына  байланысты  көптеген  тірі  организмдерді  жаңа, 

арзан және сонымен бірге экологиялық таза энергия көздерін - биоотынның әр 

түрін алу үшін шикізат ретінде қарастыруға болады [1].

 

Экологиялық  таза  отын  ретінде  баламалардың  бірі  -  биосутекті  өндіру. 



Сутегі  -  болашақ  энергетика  саласы  үшін  экологиялық  таза  энергия 

тасымалдаушысы.  Микроорганизмдер  пайдаланатын  энергия  көздеріне  және 

электронды  донорларға  сүйене  отырып,  сутекті  өндіруге  арналған 

микробиологиялық  процестерді  қараңғы  анаэробты  сутегі  бөлінуі,  жарыққа 

тәуелді сутегі бөлінісі және сутегі мен оттегі бөлінісі деп бөлуге болады, оны 

жалпы түрде бифотолиз деп атайды [ 2,3].

 

Сутегі 


өндірісінде 

жасыл 


микробалдырлармен 

салыстырғанда, 

цианобактериялар  зерттеушілердің  назарын  көбірек  аударуда.  Осы  түрлердің 

арасында азот жетіспеушілігі жағдайында сутек бөлетін  нитрогеназа ферментін 

қолданатын жіп тәрізді цианобактерияларға ерекше назар аударылады. Сонымен 

бірге  сутегі  азотты  фиксациялаудың  және  оны  мочевинаға  айналдырудың 

қосымша өнімі ретінде өндіріледі, сонымен қатар, нитрогеназа бұл реакция үшін 

субстрат 

ретінде 

АТФ 


пайдаланады. 

Осы 


ферментті 

қолданатын 

цианобактерияларда нитрогеназа гетероцисталарда орналасады және осылайша 

ол оттегінің тежегіш әсерінен қорғалады, оның өте қалың, оттегіні әлсіз өткізгіш 

қабығы бар, сонымен қатар гетероцисттерде белсенді тыныс алу (сіңіру) бар. 

 

Алайда, цианобактериялар дақылдары арқылы сутегі алудың салыстырмалы 



түрде жоғары тиімділігі мен ашық жарықта сутегін алу мүмкіндігін көрсететін 

әдебиеттерге 

қарамастан, 

күн 


энергиясын 

түрлендіру 

үшін 

цианобактериялардың  қолданылуын  шектейтін  мәселелер  бар  екенін  ескеру 



қажет.  Бұл  процестің  оттегіге  сезімталдығына  және  оттегі  мен  сутектің  бір 

уақытта  бөлінуінен  басқа,    ең  алдымен  процестің  төмен  тиімділігі  мен 

жылдамдығымен  байланысты.  Осыған  байланысты  фотосинтетикалық 

микроорганизмдер  арқылы  сутегі  эволюциясының  жылдамдығын  арттыруға 

бағытталған  ғылыми  зерттеулер  қазіргі  кезде  өте  өзекті  болып  табылады.  Ең 

алдымен,  осы  саладағы  зерттеулер  сутегі  шығаратын  цианобактериялардың 

жаңа, неғұрлым өнімді штамдарын іздеуге және оларды сутекке айналдырудың 

тиімділігін  арттыру  үшін  оларды  өсіру  процесін  оңтайландыруға  бағытталуы 

керек [5]. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет