Дипломдық ЖҰмыс 6B02203 «Теология»



бет3/8
Дата11.06.2022
өлшемі2,85 Mb.
#36692
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8
Тақырыптың өзектілігі. Көне дәуірлерден бергі Ислам діні қалыптасу уақытынан бері қарай түрлі тарихи кезеңдер мен жағдайларды басынан өткерді. Бірқұдайшылық монотеистік ислам діні әлемдік діндердің ішіндегі ең жасы саналады. 610 жылы тарих сахнасына шыққан, діннің қазақ жеріне келіп халықтың ұстанымына айналғаны, дінінің халық арасындағы болмысын барынша ашық түсіну, зерттеу қажеттілігі оның рөлінің бүгінгі таңдағы маңыздылығын көрсетіп отыр. Қалыптасуы мен таралуы барысында ислам діні тарихы көптеген ғасырлар бойы әлемдік ірі мемлекеттердің тек қана діни ұстанымдары ғана емес, сонымен қатар мемлекетті басқарушы, білім беруші және негізгі заңнама көзі де бола білді.
Сол ислам дінінің таралуымен елімізде қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми түрде насихаттап отырған дін ислам ұстаным мазһабы – Ханафи бағытындағы дәстүрлі ислам. Қоғамда туындаған осы қажеттілікті қанағаттандыру тұрғысынан және Қазақстанда жаңадан қалыптасып келе жатқан дінтану ғылымының сұранысын ескерсек, өткенімізді түгендеп ақын жырауларымыздың еңбектеріне діни-философиялық зерттеу жұмысын жүргізудің өзектілігі даусыз. Зерттеу жұмысы қазіргі кезеңдегі ғылыми сұранысқа ие тақырыптардың бірі. Бұл тақырыптың өзекті мәселе деп саналатыны сөзсіз. Ғылыми жұмыста қарастырып отырған тақырып – қазақ ақын жырауларының ислам дініндегі діни теологиялық ұстанымдарымен, саяси-итиқадтық бағыттарының ерекшеліктері қазіргі таңдағы діни ұстанымдар мәселесі. Сол ұстанымдардың ішінде өзіміздің төл тарихымыздың зар-заман ақындардың орны ерекше.
Зар-заман ақындарының әдебиетімен тақырыбын осыған дейінде көптеген ғалымдар тарапынан зерттелінген. Қазақ халқының сан ғасырлар армандаған тәуелсіздік тұғырында «Мың өліп, мың тірілген» қазақ елінің тарихына көз жүгіртетін болсақ, қасіретке толы оқиғалар жетерлік. Сол қиын қыстау дәуірлерде өмір сүрген ақын жазушылардың діни ұстанмындарымен айтылған жыр-толғаулары өз дәуірінің жағдайынан хабар берерліктей толғаныста болды. Бүгінгі тәуелсіздік тұсындағы ұлттық рухани білім қайнаркөздерімізге қайтқан тұста атқарылар міндет сан алуан. Солардың бірі – тарих қойнауына кірген өткенімізге үңіліп, бүгінгі егеменді елдің сын көзімен қарай отырып, рухани жауһарларымызды ой елегінен өткізу болса, екінші сала–жоғымызды түгендеу, барымызды бағамдау.
Елімізде қабылданған «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалары ондағы тарихи-рухани танымның рөлі, қоғамдық дамудағы алатын орны маңызды екендігі сөзсіз. «Рухани жаңғыру» идеясының бағыттарымен «Зар-заман» ақындарының толғауларындағы елдік ұстанымдарымен құндылықтары ұштасып халық жадында қайта жаңғыруда. Халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан тарихи-рухани танымымыз құнды мұраларын жинап ұлтымыздың мол рухани қазынасының зерттелуіне атсалысу кезек күттірмес мәселелердің бірі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет