Изомерленуі мен номенклатурасы. Халықаралық номенклатура бойынша альдегидтердің атаулары сәйкес көмірсутек атауларына «аль» жұрнағын қосу арқылы жасалады. Кейбір альдегидтер тарихи немесе сәйкес қышқылдардың атауларынан шыққан атаулармен аталады. Мысалы: HCHO метаналь (формальдегид, құмырсқа альдегиді), CH3-CHO этаналь( ацетальдегид, сірке альдегиді).
Кесте- 2. Карбон қышқылдарының атаулары
Химиялық формуласы
|
Жүйелік номенклатура бойынша
|
Тривиалды (дәстүрлі) номенклатура бойынша
|
HCOOH
|
Метан қышқылы
|
Құмырсқа қышқылы
|
CH3COOH
|
Этан қышқылы
|
Сірке қышқылы
|
CH3CH2COOH
|
Пропан қышқылы
|
Пропион қышқылы
|
CH3 CH2 CH2 COOH
|
Бутан қышқылы
|
Май қышқылы
|
CH3 CH2 CH2 CH2 COOH
|
Пентан қышқылы
|
Валериан қышқылы
|
CH3 (CH2)4COOH
|
Гексан қышқылы
|
Капрон қышқылы
|
CH3(CH2)5COOH
|
Гептан қышқылы
|
Энат қышқылы
|
C15 H31 COOH
|
Гексадекан қышқылы
|
Пальмитин қышқылы
|
C17 H35 COOH
|
Октадекан қышқылы
|
Стеарин қышқылы
|
Физикалық қасиеттері. Альдегидтер мен кетондар қатарының төменгі мүшелері суда жақсы ериді.Олардың қайнау температуралары сәйкес спирттердің қайнау температураларынан төмен болады. Метаналь (формальдегид)- түссіз, өткір иісті улы газ. Формальдегидтің 35-40% сулы ерітіндісі формалин деп аталады.Гомологтық қатардың қалған мүшелері- сұйық, жоғарылары- қатты заттар. Ацетон- ұшқыш сұйықтық.
Химиялық қасиеттері 1. Тотығу реакциялары. Карбонил тобындағы оттек атомы әсерінен альдегидтер С-Н байланысы бойынша тотығады. Егер таза сынауыққа күміс (I) оксидінің Ag2О аммиактағы ерітіндісін құйып, оған альдегид ерітіндісін қосып абайлап қыздыратын болсақ, сынауық қабырғасында күміс пайда болады. тотығу-тотықсыздану реакциясында альдегид қышқылға дейін тотығады, ал күміс тотықсызданады:
CH3COH + Ag2O=CH3COOH + 2Ag
Бұл реакция күміс-айна реакциясы деп аталып, альдегидтерді сапалық анықтауда қолданылады. Мыс (II) гидроксиді Си(ОН)2 де альдегидтер үшін тотықтырғыш болып табылады. Егер мыс (II) гидроксидінің көгілдір түнбасына альдегид ерітіндісін (сілтілік ортада) қосып қоспаны қыздырса, алдымен мыс (I) гидроксидіңің CuOH сарғыш, содан кейін мыс (I) оксидінің Сu2О қызыл тұнбасы түзіледі.
Қолданылуы. Формальдегид фенолформальдегид шайырын, бояулар, синтетикалық көксағыз және қопарғыш заттар алуда қолданылады. Оның сулы ерітіндісі формалин органикалық заттарды, ағзалар мен организмдерді бальзамдауға, анатомиялық препараттарды консервілеуге, тері илеуге және залалсыздандырғыш зат ретінде қолданылады. Ацетальдегид, негізінен, сірке қышқылын алуға және кейбір органикалық заттарды синтездеуге қолданылады. Құрамында 7-ден 16-ға дейін көміртек атомдары болатын жоғары альдегидтер хош иісті болғандықтан парфюмерияда кеңінен данылады. Ацетон және басқа кетондар лак, бояу және синтетикалық шайырларға жақсы еріткіш болып табылады.
Кесте- 3. Тақырыпты оқытуда интеграциялау проблемасы
Достарыңызбен бөлісу: |