Дипломдық жұмыста келесі нормативтік құжаттарға сілтемелер берілген:
«Білім туралы заң» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1100000487
https://edu.mcfr.kz/article/1811-tipovye-uchebnye-plany-obshcheobrazovatelnyh-uchebnyh-zavedeniy-rk ТУП 2022-2023 оқу жылы
https://primeminister.kz/kz/addresses/16032022 Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы:«Жаңа Қазақстан:жаңару мен жаңғыру жолы
Анықтамалар
Дипломдық жұмыста келесі анықтамалар қолданылады:
Әдебиет — өнер пәні, адамтану пәні, сонымен қатар, әдебиет — жан -жақты да терең ойлантудың пәні. Оқушы танымы мен логикасын дамытуда әдебиет пәні жаратылыстану пәндерінен кем түспейді. Жаратылыстану пәндері сияқты тұрақты бір формула мен қағидалар, заңылықтармен шектелмей, әдебиет пәні еркін ойдың, қиялдың дамуына жол басшы бола алады. Әдебиет пәнінде дәлелдеуді қажет ететін тұрақты формула, элементтердің бұлжымас ережелері жоқ [18,10 б].
«Әдебиет–адам қалыптастырушы құрал» Е.Н.Ильин [18,10 б].
Әдебиет пәні оқушыны өнер туындысын тануда қажетті біліммен, біліктілік дағдылармен қаруландырып, онда көркем бейнені қабылдауға қажетті сезім сергектігін, шығарманы мазмұн мен түр бірлігінде, көркемдік тұтастыққа қабылдай білуді, шығармада кескінделген мінездер сырын, шығарма идеясын, жазушы позициясын шығарма арқауына сүйене отырып ашуды, өзіндік ой толғамында дербестік, идеялық – көркемдік құндылығы жоғары туындыларды ғана қалайтын талғампаздықты, көркем туындыларды салыстыра отырып, қарастыра алу біліктерін қалыптастыруды көздейді.
Дамытушы оқытудың әдіснамасы – бұл сапалы жаңа білімнің жүйесі, ол консервативті педагогикалық санамен білімнің, негізгі жаттап алу, репродуктивтімен ешқандай ортақтығы жоқ, оқу әрекетінің түбегейлі керісінше қалыптасуын ұсынады.
Дамыта оқыту түсінігінде біз баланың жан – жақты дамуына тура бейімделген ұйымдастырудың түрін, әдісін және мазмұнын оқытуды ұйымдастырудың тиімділігі деп түсінеміз. Дамыта оқыту технологиясының мақсаты—оқушылар оқу әрекетінің белсенділігінің психологиялық негізін қарастыру, мектептегі дамыта оқытудың әдісімен амалдарын көрсету.Көптеген жаңа әдістемелердің қатарында дамыта оқыту білім сапасын көтеру жағынан жетекші орында.
Белсенді оқыту әдісі — бұл оқу материалын меңгеру процесінде белсенді ойлау және тәжірибелік әрекетке оқушыларды ынталандыратын әдіс.
Дамытушы оқыту – күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субьект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады.
Бастауыш білім — білім беру жүйесінің алғашқы сатысында меңгертілетін дағдылармен ұғымдардың жиынтық атауы.
Бастауыш сынып–бастауыш білім көлемі 1 - 4сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай (7 — 11 жас) жасалған бағдарлама мазмұнына сай қалыптасатын уақыты.
Бастауыш сынып оқушылары - жас ерекшелігі 6,7 жастан -11 жасқа дейінгі оқу-тәрбие үрдісін қалыптастыратын балалар.
Қазіргі технологияны қолдану дегеніміз– келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау. Жаңа замаңғы дамытушы оқыту – заманның талабына сай әдебиет сабағында қолданылатын дамытушы оқытудың әдіс-тәсілдерді қолдану үрдісі
Достарыңызбен бөлісу: |