Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі ғылым мен техниканың, экономика және медицинаның қарқынды дамыған қоғамда мүмкіндігі шектеулі жандардың әлі де дерлік шешімін таппаған мәселелері жетеді. Оны шешу жолдары не азайту мақсатында жасалып жатқан жұмыстар әлі де жеткіліксіз. Ата-анамен ерекшелігі бар балалар тығыз байланыста болғандықтан, кейбір отбасының толық ақпараттанбауы және әлеуметтік қызметтің маңызын ата-аналар арасындағы түсінбеушіліктердің әлі де орын алуда. Бұл жағдайларда мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиясының бұзылуына әсер етеді. Онымен қоса балаларға деген түрлі көқарастар, таңданыспен қарауда байқалып жатады, бұл жағдайларда бала психологиясына тікелей әсерін береді. Ол кезде бала өз отбасындағы жылулық еселене түсу керектігін баса назарға алған дұрыс.
Мүмкіндіктері шектеулі балаларға білім мен тәрбие берудегі ғылымның нәтижеге қол жеткізудің бірі педагогикалық білім беріп, қоғамға әлеуметтендіру Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың дәстүрлі жолдауында даму мүмкіндігі шектеулі балалар тәрбиесіне ерекше мән беріліп, мұғалімдер мен тәрбиешілердің іс-тәжірибелерін саралай келіп, коррекциялық тәрбие жүйесін құрдық. Бұл тәрбиенің негізгі мақсаты - еңбекке үйрету, өмірде өз орнын табуға баулу, өмірге икемді жеке тұлға қалыптастыру. Мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалардың әлеуметтенуіне әсер ететін факторлардың бірі оның отбасы екені байқалады. Ата – аналар мен мамандардың бірлесе байланыста болуы мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтенуі, олардың жетіліп дамуын ықпалды келеді. Мүгедек балалардың толық дамуына олардың отбасының психологиялық климаты әсер ететінін тәжірибеден байқадық. Отбасының өз қайғысына тұйықталып, мүгедек баласына барынша ұялуына жол бермей, әлеуметтік ортамен үнемі белсенді байланыста болуы баласының әлеуметтенуіне ғана емес, сондай-ақ қоғамның, ортаның адамгершілік сезімдерін оятады. Социумдағы әлеуметтік жағдайды зерттеу және оған болжам жасау арқылы отбасы мен мүгедек балаларға әлеуметтік-педагогикалық, психологиялық нақты көмек формалары мен түрлері ұсынылады. Мүгедек балалардың дамуы мен тәрбие проблемаларын шешу отбасыларымен серіктестік, әріптестік қарым-қатынас орнатылуы әлеуметтендіру жұмысының оңтайлы жүргізілуіне жақсы әсерін тигізеді.
Соңғы уақытта ғана баса назар аударылып жүрген өзекті мәселе әлі де көп жұмыстар жасалуын байқатады. Отбасында, мүмкіндігі шектеулі балалар бар ортада, оларды зерттеу және шешу жолдарын іздестіру мамандардың негізгі бағыты деп есептеймін. Сондықтан да қоғамдағы осындай өзекті мәселені көре отыра, өз зерттеу жұмысымның бағытын Мүмкіндігі шектеулі балалармен жүргізілетін педагогикалық-психологиялық жұмыстар деп алдым.
Достарыңызбен бөлісу: |