Дипломдық ЖҰмыс мектеп жасына дейінгі балалардың тұлғалық қабілеттерін дамыту жолдары Алматы 2010 мазмұНЫ


Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі



бет5/17
Дата09.05.2022
өлшемі236,5 Kb.
#33600
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
-dip -mektep-zhasyna-deyingi-balalardyn-qabyletin-damytu-zholdary (1)

Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі.

Диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.


1 Тұлға қабілеттерін дамытудың теориялық негіздері
1. 1 Тұлғаның қалыптасу процесінде қабілеттің құрылымдары және оның ерекшеліктері
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру міндеттерін іске асыруда қазақстандықтар, әсіресе, жастардың жасампаз еңбектері, күш-жігері мен білімдері қажет. Бүгінгі таңда Қазақстанның өскелең дамуының тұтқасын ұстайтын білімді де білікті, іскер, қоғам ісіне белсене қатысатын, оның болашағына жауапты, елжанды ұрпақ тәрбиелеу маңызды.

Жаhандану жолымен келе жатқан қазіргі заманғы әлемде бәсекелестік жағдайына тез бейімделу қабілеті тұрақты дамудың ең маңызды факторы болып табылады.

Даму үстіндегі қоғамға әр түрлі салада табысты түрде жұмыс істеуге дайын мамандардың жаңа типі қажет. Қазіргі заманда мамандарға талапты еңбек нарығы қалыптастырады. Мәселелерді шеше алу және ұжым құрамында бірге жұмыс істей білу дағдысы, мақсатты дұрыс қоя білу қабілеті және оған тиімді жолмен жете білу, тәуекелшілік, бастамашы бола білу, білім деңгейін ұдайы арттыруға ұмтылу және тағы басқалар ерекше құндылыққа ие болып отыр. Сонымен қатар, адамнан жеке жауапкершілік, міндеттілік, тіл табыса білу, басқа адамдармен жеңіл қарым-қатынасқа түсу сияқты қасиеттер де талап етіледі.

И.П.Павловтың жүйке жүйесінің тиртері туралы ілімі қабілеттердің физиологиялық негізін түсінуде де үлкен орын алады. Әр адамның іс-әрекеттің бір түріне икемді болуы оның сол әрекетті орындауы үстінде, істің нәтижесінен анық байқалады [24].

Адамның қабілеттілігі білімі мен икемділігі, дағдыларды тез меңгеруге жағдай туғызатын, сондай-ақ балалардың қабілеттерін дұрыс байқай алып, онымен санасып отырудың қажеттілігіне оны тәрбиелеуші орта - балабақша, мектеп, отбасы зер салуын керек етеді. Қабілеттің дамуы көптеген әлеуметтік жағдайларға тәуелді. Олардың қатарына білім беру жүйесінің ерекшелігін, қоғамның қандай да бір әрекетке қажеттілігін, тәрбиелеудің өзгешелігін тб. жатқызуға болады.

Жеке тұлғаның шығармашылық ой өрісінің дамуына жағдай жасау, белсенді көркемдік іс-әрекеттерге деген құштарлық пен ықыластылықты қалыптастыру, егеменді еліміздің болашағын: мәдениеттік, өнерін, әлеуметтік жағдайын гүлдендірудің алғы шарттарының бірден-бір өзекті мәселелерінің бірі болып саналады.

Қабілеттің табиғи алғышарттары белгілі бір талдағыштардың сыртқы әсерді сезінгіштігінен тұрады. В.Д.Небылициннің айтуынша, жоғары сезімталдыққа ие жүйке жүйесі – суреткерлік қабілеттің дамуына жағдай жасайды. Қабілеттің дамуы оны қажет ететін қызмет саласында және әрекетке үйрену үстінде көрініп отырады. Сонымен қабілет – адамның дара психологиялық ерекшелігі. Тек дұрыс ұйымдастырылған оқу-тәрбие негізінде ғана оның сол іс-әрекет түріне қаншалықты бейімді екендігін білуге болады [28].

Шығармашылық ой-өрісті, дамыту, сол арқылы қоршаған ортаға әсемдік пен сұлулық енгізуге деген құштарлық негізінен көркемдік білім беру жүйесі арқылы қалыптасатыны белгілі. Көркемдік білім беру – түрлері өнерге баулу, олардың қыры мен сырын игеру, өнер түрлерінің адам, қоғам өміріндегі атқаратын қызыметін толық мәнде танып білудің барысын қамтиды. Соған байланысты, көркемдік білім берудің жан-жақты формалары, түрлері, әдіс-тәсілдері жас ұрпақты шығармашылыққа баулудың негізгі дамыту құралы болуы тиіс.

Қабілеттер – іс-әрекетте көрінетін және оның орындалуының шарты болып табылатын тұлғаның жеке даралық психологиялық ерекшелігі. Қабілетке білімді, ептілікті және дағдыны меңгеру процесінің жылдамдығы, тереңдігі, жеңілдігі және мықтылығы жатады, бірақ қабілеттің өзі білім мен ептілікке әкеп соқпайды. Зерттеулер бойынша қабілет - өмірлік қалыптасу, олардың дамуы жеке даралық өмір барысында жүреді, ал орта, тәрбие – оларды белсенді қалыптастырады.

С.Л. Рубинштейн көзқарастарына сәйкес, іс-әрекет үш бөліктен тұратын құрылымға ие: жоспарлау, орындау, бақылау. Қарым-қатынас оны жоспарлау сатысында-ақ іс-әрекетке қосылады: іс-әрекет бағдарламасын әзірлей отырып, тұлға өз мүмкіндіктерін ғана емес, сонымен қатар өз серіктестерінің де мүмкіндіктерін ескереді, олармен әрекеттер бағдарламасы жөнінде келіседі, жалпы шешім жоспарын анықтайды.

Адам өмірлік тәжірибе жинақтап және кеңейте отырып, табиғат, қоғам, адам және оның санасы туралы білімдерге ие бола отырып, басқа адамдардың таным субъектісі ретінде қалыптасады.

Ең алдымен, қарым-қатынастағы құзіреттілікті тұлғаның басқа адамдармен қарым-қатынас қалыптастыру және ұстау қабілетін дамыту деңгейі ретінде түсіну болып табылады.

Екіншіден, көптеген еңбектерде бұл қабілеттіліктің тұлғаның тереңдегі қасиеттерімен, атап айтқанда, қарым-қатынасқа деген қажеттілігімен, өзіне деген сенімділігімен және өзіне-өзі баға берушілігімен байланысын көрсету болып табылады.

Үшіншіден, бір жағынан, икемдер мен дағдыларды бөліп көрсету, екінші жағынан, тұлғаның түрлі жағдайларда сәтті тұлғааралық өзара әрекетке жағдай жасайтын жеке психологиялық сипаттамаларын бөліп көрсету болып табылады.

Төртіншіден, барлық дерлік зерттеушілердің қарым-қатынастағы тұлға құзіреттілігін көп қырлы, көп деңгейлі құрылым ретінде түсіндіруі болып табылады. Осының барысында отандық психологияда деңгейлерді бөлу негізіне көбінесе қарым-қатынас «тараптарын» топтастыру және соларға сәйкес құзіреттіліктің құрамдас бөліктері адамдардың бірін-бірі қабылдауы және түсінуі – гностикалық құрамдас бөлік ретінде белгіленуші; тұлғаның өзін-өзі танытуы – экспрессивті құрамдас бөлігі; ықпал, әсер – интеракциялық құрамдас бөлігі алынады. Кейбір ғалымдар қарым-қатынасқа деген қажеттілікті және қарым-қатынасқа деген бағдарды жеке бөліп көрсетеді деп ғалым Н.М. Мельникова өзінің еңбектерінде шолу жасады.

Қабілеттіліктер психологиясының тағы бір өзекті және жалпы ережесі олардың танылуындағы үш сапалы түрлі деңгейдің – қабілеттіліктердің өзінің, дарындылықтың (таланттың) және бірегейліктің бөліп көрсетілуі болып табылады. Қабілеттіліктер теориясында қабілеттіліктердің туа бітушілік, мұрагерлік деңгейі туралы мәселе өте маңызды, бірақ әлі шешілмеген. Алайда қабілеттіліктердің онтогенезде – ең алдымен, іс-әрекетті меңгеру ықпалымен, сыртқы орта факторларының ықпалымен дамитындығы сөзсіз болса да, олар өте күшті мұрагерлік детерминацияға ие.

Қабілеттілік неғұрлым жалпы сипатқа ие болған сайын соғұрлым ол генетикалық тұрғыдан детерминацияланған және керісінше болады. Мұрагерлік қабілеттілік деңгейі неғұрлым жоғары болған сайын соғұрлым ол барынша айқын көрініс табады және соғұрлым ол кейінгі өмірлік жағдайлардың «арқасында» емес, оларға «қарсы» тарамдалады. Ең соңында, қабілеттіліктер – бұл бөлшектелген құрылымдар емес, тұлғаның барлық басқа тұлғалық сапалармен әрекеттесуші және солармен анықталатын ажырамас қасиеттері. Қабілеттіліктердің дамуы сондықтан да тұтастай тұлғаның дамуынан бөлінбейді. Олар тұлғалық сапалар мен тұтастай тұлғаның қалыптасу сипатына ықпал ете отырып, өздері де қалыптасып келе жатқан тұлғаның өздеріне деген ықпалына тап болады.

Қабілеттіліктер мен тұлғаның дамуы – екі бірдей процесс. Сол арқылы қабілеттіліктер түсінігі жалпы психологиялық қабілеттіліктер құрылымында өзіндік орынға ие. Бұл – екі негізгі психологиялық категория – іс-әрекет пен тұлға арасындағы «аралық» түйін.

Қабілет дамуының психологиялық жағдайларына талдау жасау негізіне жататын талаптарды қарастыру – кеңес психологиясының классигі көрнекті ғалым Б.М. Тепловтың айтқан ілімдеріне тоқталуды қажет етеді. Оның ойы бойынша дарындылықтың жалпы теориясы «... нақты фактілер мен заңдылықтарды зерттеу бойынша үлкен жұмыстардың нәтижесінде жасалуы қажет». Б.М. Тепловтың пікірі бойынша (көптеген оқулықтарда және сөздіктерге енгендері бойынша), қабілет – бір немесе бірнеше іс-әрекеттерді нәтижелі орындауға сатысы бар жеке даралық психологиялық ерекшелік және өзінде бар дағды, ептілік және білімдерге сәйкестенбестен-ақ бұл білім мен дағдыларды жеңіл әрі тез меңгерумен түсіндіруге болады деп жазады. Қабілет бұл дамудың нәтижесі, ал нышан – қабілет дамуының негізінде туа пайда болған анатомиялық-физиологиялық ерекшелік [38, 54б.].

Ал қабілет туралы ой қозғағанда, адамның қандайда бір нәрсені істеуге мүмкіншілігі көрсетіледі, ал талант, дарындылық туралы айтқанда адамның аталмыш қасиеттің (қабілет) туа біткен сапасының сипаты көрсетіледі. Осыған қоса қабілет те, дарын да іс-әрекеттің нәтижелігінде көрінеді.

Б.Г. Ананьев еңбектерінде қабілет және дарындылық – жеке адамның мінезімен, темпераментімен, өмірлік бағыттылығымен және жеке даралық психологиялық дамуымен байланысты жеке адамның жалпы құрылымының қандай да бір бөлігі ретінде қарастырылады [39, 89 б.].

«Қабілет» ұғымымен қатар «тәсілқой» және «бейімделу» ұғымдары да қолданылады. Тәсілқой адам, тапқыр, икемді, бейімделе алатын ретінде сипатталынады, ал бейімделу істі үйлестіре алатын, жасай алатын, құрай алатын ретінде түсіндіріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет