І МЕМЛЕКЕТТІК БАЛАБАҚШАДА ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 1.1 Мемлекеттік балабақшада тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктерінің педагогикалық негіздері..........................................................7
1.2 Қазақтың ұлттық тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктері . . . .23
ІІ МЕМЛЕКЕТТІК БАЛАБАҚШАДА ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕЛЕРІ 2.1 Мектепке дейінгі балаларға тәрбие берудің жайы.......................................31
2.2 Отбасы мен балабақшаның тәрбие жұмысын ұйымдастыру маңызы . . . .38
2.3 Тәжірибелік-эксперименттік зерттеу жұмыстарының нәтижесі................39
Зерттеудің көкейкестілігі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан болашағы - қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде: «Ұлттық мәдениетке, ана тілге еркіндік беру, оны тәлім-тәрбие құрылымына айналдыру, тәрбие мәселелесінде ұлттық ізгілік пен өркениетті әлемдік имандылық үрдісінің ортақ мүддесін жаппай сезіну және оны кіріктіре пайдалану арқылы іске асыру керек» - деп атап өткен. Мұндай тәрбие жұмысын әдетте мектепке дейінгі тәрбиеден, яғни, балабақшадан бастаған дұрыс [1].
Қазіргі таңда халқымыздың баға жетпес асыл мұралары оқу-тәрбиелеу үрдісінде қолданылып келеді. Әйтсе де, олардың балабақшаларда қолданылуы өз деңгейінде болмай отыр. Әдетте адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады. Сондықтан да баланың жан-жақты қалыптасуы үшін мектеп жасына дейінгі балалардың бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сіңіре білу керек.
Бала әр нәрсеге құмар, қызыққыш, ол өзінің айналасында болып жатқан өзгерісті, тамаша құбылыстарды сезінуге тырысады. Оның жан-жақты дамып, жеке тұлға болып тәрбиеленуіне, тілінің дамуына ең алдымен ата-анасы міндетті. Бала тілінің дамуы негізінен эмоциялық ортаға, әр баланың отбасында қалыптасқан әкесі мен анасының, атасы мен әжесінің, үлкен мен кішінің қарым-қатынасына тығыз байланысты. Баланың өзге адамдармен қарым-қатынасының негізі өзінің отбасында қалыптасады.
Қай заман, қай қоғамда болмасын адамзат баласы жас ұрпақ тәрбиесіне зор мән берген. Өркениет жолында алға ұмтылған ұлт, ең алдымен, жастарға оқу-білім және тәрбие ісін дұрыс жолға қоюы тиіс. Ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Толық жетіліп қалыптасқан ұлттың сана қабілетінде, түсінік-талғамында, мінез-құлқында, өзіне тән ерекшелік менталитеті болатынын ғылым дәлелдеп отыр.
Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі бүлдіршіндерге үлгілі тәрбие беру – қазіргі қоғам алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі. Имандылық, ізгілік, адамгершілік, елжандылық және де басқа кісілік қасиеттер балабақшада, мектеп қабырғасында қалыптасады. Бұлар арқылы өскелең ұрпақты алға талпындыруға, Отанды сүюге, ата-аналарға, үлкендерге деген кішіпейілдікті бойына сіңіруге, салауатты өмір сүруге, залалды әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеуге тиіспіз.
Бүгінгі өскелең ұрпақтар-болашақ Қазақстан азаматы. Олар ескінің көзіндей, жаңаның өзіндей болып ХХІ ғасыр есігінен еркін еніп жүре алатын дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзін сыйлата алатын, рухани дүниесі бай, интеллект деңгейі жоғары, білімді де білікті болуы шарт.
Мектепке дейінгі балабақша жасындағы балаларды тәрбиелеу мәселелері әр кезде педагогтардың назарында болған. Мектепке дейінгі тәрбие және оқудың мазмұны, формалары мен әдістері мәселесін дамытуға үлес қосқандар Е.А. Аркин, Н.А. Ветлугина, Р.И Жуковская, А.В. Запорожец, Т.А.Маркова, А.М. Леушина, А.И. Сорокина, Е.И. Тихеева, А.П. Усова, т.б. болды [2].
Мемлекеттік балабақшада мектепке дейінгі тәрбие жұмысын жан-жақты ұйымдастыра отырып, бүлдіршіндерді тәрбиелеу болашақ қоғам мүддесі үшін еңбектене білетін, рухани ойлау дәрежесі биік, Отанын сүйгіш еңбекқор, іскер ізденімпаз, қабілетті адам даярлау мақсатына бағытталады.
Өскелең ұрпақты жан-жақты тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу бүгінгі күн тәрбиесіндегі бірден-бір қажетті, кезек күттірмес мәселе. Қазіргі кезеңде біздің елімізде тәрбие тек мектепке дейінгі ұйымдарда, мектепте ғана жүргізіледі деп түсініп, тәрбиеге кей ата-ананың аса мән бермеуі аян. Мұндай тәрбие баланың санасында әдепке, тәртіпке деген немқұрайлық көзқарас тудырып, көптеген балалардың қайырымсыздығын, мейірімсіздігін байқатып отыр.
Сондықтан бүлдіршіндерді тәрбиелеудің алғы шарттары – тәрбиенің тал бесігі отбасы, балабақша тәрбиесінен мектепке дейінгі кезеңнен басталып, мектеп қабырғасымен жалғасып және одан әрі дамыту міндеті туындайды.
Мектепке дейінгі балалардың сензитивті кезең ретінде танымдық және шығармашылық белсенділіктерін қалыптастырудың тұлғалық негізділігі, жеке тұлғаның дамуы туралы теориялық ұсыныстардың негізі Л.С.Рубинштейн, Л.И.Божович, Л.А.Венгер, Л.С.Выготский, П.Я.Гальперин, А.В.Запорожец, Д.Б.Эльконин, Т.Тәжібаев, М.Мұқанов, Қ.Жарықбаев, Ә.Алдамұратов, Х.Т.Шерьязданова т.б. ғалымдардың еңбектерінде қаланды [3]. Бұл еңбектер жеке тұлғаны қалыптастырудың әдіснамалық негізін құрайды. Танымдық әрекет, жеке тұлғалық даму, белсенділікті арттыру Ш.А.Амонашвили, Т.И.Шамова, Ж.А.Қараев, Т.С.Сабыров, А.Е.Абылқасымова, Р.Ш.Садықова, С.С.Смаилов, Р.С.Омаров, А.С.Мустояпова, А.Х.Аренова, Ә.М.Мұханбетжанова, А.Ғ.Қазмағамбетов, Ш.Х.Құрманалина, Ж.С.Сардарова т.б. ғалымдардың еңбектерінде орын алған [4].
Мектепке дейінгі тәрбие мәселелері жөнініде ғылыми-теориялық және әдістемелік зерттеулер Б.Б.Баймұратова, Қ.А.Аймағамбетова, А.К.Меңжанова, М.С.Сәтімбекова, М.Т.Тұрыскелдина, А.Е.Манкеш, Қ.М.Меңдаяқова, Ә.С.Әмірова, Ф.Н.Жұмабекова, Ж.С.Хасанова, А.Т.Искакова, А.Х.Казетова т.б. мектепке дейінгі білім беру ториясы мен әдістемесі Ұ.Т.Төленова, Н.С.Сайлауова, Г.З.Таубаева, К.М.Метербаева т.б. еңбектерінде зерттелген [5].
Жоғарыда аталған ғылыми еңбектер тәрбие жұмысын ұйымдастыру мәселесін біркелкі зерттелгенін айқындайды. Дегенмен мемлекеттік балабақшада балалардың тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері арнайы қарастырылмаған. Осы жас аралығындағы білім мазмұнында балаларға тәрбие жұмысын ұйымдастыру, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде қарастырылатын негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
Мектепалды даярлығының педагогикалық ұстанымдарына сәйкес тәрбие жұмысын ұйымдастыруда өзіндік тұлғалық сапаларды меңгертумен қатар, балалармен белсенді қарым-қатынас іс-әрекетіндегі бірқатар талаптар мен шарттар орындалуы қажет.
Сонымен, бүгінгі күні мемлекеттік балабақшада балалардың тәрбие жұмысын ұйымдастыруға деген қажеттіліктің артуы мен оның теориялық және әдістемелік тұрғыдан жеткілікті қарастырылмауы арасында қайшылық орын алып отырғандығы белгілі болды. Осы аталған қайшылықтың шешімін іздестіру, зерттеу проблемасын айқындауға және зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Мемлекеттік балабақшада тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшелігі» деп таңдауымызға себеп болды.