Зерттеудің нысаны: 9-сынып оқушыларына функционалды стильдерді
игертуде тілдік портфельді ұтымды пайдалану жолдары.
Зерттеудің дереккөздері ретінде «Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-
9-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы
үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде) және 9-сынып оқулығы
(Авторлары Р. Әмір, М. Атабаева) пайдаланылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Зерттеудің ғылыми жаңалығы алғаш
рет қазақ тілін оқытуда тілдік портфель арқылы функционалды стильдерді
меңгерту болмақ. Тілдік портфель арқылы оқытудың тиімділігі алғаш рет
зерттеліп отырғандықтан, қазақ тілін игеруде қалыптасатын құзіреттіліктер
де, 9-сыныпта орындалатын тапсырмалар жүйесі де алғаш рет зерделеніп
отыр. Осы дипломдық жұмыста қазақ тілін оқытудың әдіс-тәсілдерінің тың
жолы ретінде әдіснамалық негіздері де сараланды.
Жұмыстың басты мәні – мемлекеттік тілді игертудің жаңа, тың,
нәтижелі әдіс-тәсілдерін қарстырудың, ұсынудың өзі оқыту әдістемесінің
теориялық және практикалық қолданысына елеулі үлес қосатындығында.
|