Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: «Ақын-жыраулар поэзиясындағы «ар» концептісі» 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет5/8
Дата23.02.2022
өлшемі111,3 Kb.
#26238
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Дипломды Ж мыс та ырыбы «А ын-жыраулар поэзиясында ы «ар» конц

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Тақырыпты зерттеу барысында отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, фольклор, тақырып төңірегінде жазылған диссертациялық жұмыстардың қолжазбалық үлгісі, мақалалар мен сараптаулар, әлеуметтік желілердің базасы, сайттардың статистикалық көрсеткіштері, аударма жұмыстары негізінде жазылып шықты.


КІРІСПЕ


Он бе сін ші ға сыр дың ор тас ын да пайд а бол ған Қа зақ хандығы ұлттық мәдениет пен әдебиеттің өрістеп, өркендеуіне орасан ықпал етіп, ерекше жағдай жасады. Алтын Орда заманында ертеден бері жалғасып, ары қарай дами түскен жалпытүркілік руханияттың мұрагері ретінде қазақ халқы мен мемлекеті енді бұрынғы бабалардан қалған мирасты сақтап қана емес, оны байытып, жаңғырта дамытуға міндетті болып, соған бар күштерін салды. Осы тұстағы мәдениеттің өзіне тән түр-сипаты, мазмұны мен тақырыбы жағынан өзіне дейінгі кезеңге дейін көптеген өзгешеліктері бар. Мұнда ежелгі мифологиялық аңыздаулар мен кейінгі заманда пайда болған фольклорлық шығармалар , орта ғасырларда күллі Шығыста дәстүрге айналған қолжазба кітаптар мен тарихи-шежірелік туындылар, халықтық музыка мен ойындар, сондай-ақ ұлттық қазақ әдебиеті мен шешендік өнер – бәрі қатар араласа, сабақтаса ғұмыр кешіп жатты. Әсіресе, ауыз әдебиеті айрықша дамыды. Оның басты себебі, Қазақ хандығындағы болмыстың өзі мен мемлекеттік құрылымның өзгешелігі еді, яғни көшпелі өмір мен отырықшы тұрмыстың , бақташылық пен диқаншылықтың қатар болып, жарасымды дамуы, сол тұстағы рухани өмірдің алдыңғы сапына өзіндік сипаты мол ауз әдебиетін, дәлірек айтқанда, жыраулар поэзиясын және шешендік өнерді шығарды.

Ауыз әдебиеті дегенде, бұл жерде фольклор туралы сөз болмауы керек. Фольклор – атам заманда туып, авторы жоқ, бірден бірге айтылып, ұрпақтан ұрпаққа жеткен ауызекі шығармалар екендігі белгілі. Ал ауыз әдебиеті деген ұғым орта ғасырлардағы Қазақстан үшін кәдімгі кәсіби жазба әдебиет рөлін атқарған туындыларды білдіреді. Оның фольклордан басты айырмашылығы – авторлық болуы, мәтіннің біршама тұрақтылығы, шығарма мазмұнының нақтылығы, оның кімге арналғанының белгілі болуы, сондай-сқ шығарма стиліндегі даралық пен сипат пен автордың мені көрініс беретіндігі. Осы талаптарға сай ауыз әдебиетін жасаушылар ол кезде, негізінен, жыраулар мен шешендер болды.

Өз алдына жеке отау тігіп, өзінің дербес мемлекетін құрған қазақ елі үшін ХV-XVI ғасылардағы ең басты мәселе – жаңа құрылған мемлекетті күшейту мен қорғау болды. Бүкіл қоғамдық ана, елдің аңсары – ұлттық тұңғыш мемлекетті сақтап қалу болды да күллі әлеумет, халық, қоғам ендіг жерде жұмылдырып, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаратын, барлық рулар мен тайпаларды бір орталыққа қаратып, ішкі алауыздықты тыятын, яғни елдің қамын жеп, ел үшін аянбай еңбек ететін әмірші керек екенін жақсы түсінген болатын. Сол үшін де ақылды да абыройлы хан керек екенін ұқты. Халық арасындағы, қоғамдық санадағы бұл пікірді, осындай этатикалық идеяны, хандық идеологияны барынша сақтап, елді соған үгіттеуге ерекше күш салған қайраткерлердің ішінде жыраулар мен шешендер өздерінң құдіретті сөзімен де үлгілі ісімен де ең басты рөл атқарды, ел ісіне орасан еңбек сіңірді.

Жыраулар кім еді? Олар нені көздеді, қандай мақсат тұтты? Жыраулар – хан сарайындағы көреген саясаткер, ханның ақылгөйі, мемлекеттің бас идеологы, елдің ақылшысы, қолбасы әрі дауылпаз ақын болды. Олар Хан кеңесінің белсенді мүшесі, болған, мемлекетті басқару ісіне тікелей қатынасып, саяси, әскери, қоғамдық мәселелерді шешуге араласып отырған. Соғыс кезінде жыраулар Әскери кеңесте ханның өзіне ойын ашық айтып, ақыл беріп, алдын ала болжау жасаған. Қиян-кескі ұрысқа түсер алдында жауынгерлерге арнап жыр толғаған, олардың намысын қайрап, рухын көтерген. Тіпті қажет болған жағдайда өздері де шайқасқа қатысып, ерліктің үлгісін көрсеткен, сол үшін де олардың көпшілігі қолбасы болған, тайпа мен руды басқарған. Жалпы айтқанда, қазақ жырауларының тегі тарихи, қоғамдық және рухани тұрғыдан алғанда сонау Түркі қағанаты заманына меңзейді. Әйгілі Йоллығтегіннің жазбалары оның Күлтегін, Білге қаған мен Тоныкөк уақытында елдің бірлігін аңсап, бек пен қоғамның атақ-абыройын ардақтаған жырау екенін дәлелдейді. Дәл сол секілді оғыз дәуіріндегі Қорқыт ата, одан бертіндегі Шыңғыс хан тұсындағы Кетбұға, Алтын Орда кезіндегі Сыпыра – бұлардың бәрі ХV-XVI ғасыларда тарихи аренаға шыққан қазақ жырауларының арғы түп тамыры, бастауы еді. Қазақ жыраулары ежелгі ұстаздарын толық сақтап, әдебиетті өз дәуірлерінің талап-талғамына, болмысына сәйкес тақырып пен мазмұн, түр жағынан байыта түсті. Бір кезде бүкіл түркі халықтарында, олардың тарихтарында рухани ғұмырында зор рөл атқарған жыраулар орта ғасырларда тек Қазақ мемлекетінде ғана өзінің әлеуметтік-саяси, мәдени қызметін сақтап, бертінгі жаңа дәуірге, яғни ХІХ ғасырға дейін жетті. Бұл – жыраулық өнер тәуелсіз көшпелі-бақташылық мемлекетте ғана мемлекетте болғандығын дәлелдейтін заңдылық. Өйткені, қазақтан өзге түркі елдері ХV-XVI ғасырларда бірі тәуелсіздігінен айрылып, бірі көшпелілікті қойып, біржола отырықшылыққа ауысып, басқа идеология мен мәдениет жасады, ал енді кей мемлекеттер өз мемлекетін құра алмады. Ал біздің жаңадан құрылған Қазақ мемлекетінде жыраулық дәстүр қайта жаңғырып, жаңа санада қайтадан көрініс тапты.

Ж ырау лар по эзия сында ғы ең бас ты та қыры п – Қ азақ ха ндығ ын қ ұр аға н ру ме н т а йпа л ар дың т атулы ғы мен бір лігі ж ән е ме млекетті нығайту мен оның жаынгерлік күшін арттыру болды. Ал мұның өзі жыра улар поэ зи ясы н да е ң мән ді де маызды қ аһарм андық ты, елін ің тә у елс із ді гі мен мемле кетт ің ны ғаю ы ү шін жан аям ай кү рес кен бат ырл ар мен қ ай ра тк е рл е р ді мадақтап, көтермелеп жырлау дәстүрін қалыптастырды. Осы орайда жыраулар өз шығармаларында идеалды әміршінің бейнесін жасады. Сонымен қатар ад амдар ж оқш ы лы қ кө рме й, қой үстіне бозторғай жұмыртқалап бақытқа кенелген утопиялық қоғамды суреттеді. Өздерінің монолог түрінде айтылатын толғауларын да за м ан ме н қ о ғам, адам мен заман, тұлға мен тобыр, имандылық пен қайырымдылық, өмірдің өткіншілігі мен адамның опасыздығы, өлім мен ө мірдің қайшылығы сияқты моральдық, этик алық, пәлса па лы қ п роблемалард ы көт еріп, қоғаммен байланыстыра жырлап отырды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет