Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі уақытта берілген мәлеметтер бойынша, бүкіләлемдік қымбат металдар қоры бойынша Қазақстан 14-ші орынды иеленіп отыр [1]. 2021 жылдың басынан бері Қазақстанда 7 миллион тоннадан астам құрамында алтын бар кен өндірілді – бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 26%-ға артық. Еліміздің ең "Алтын" өңірлері Ақмола, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстары болып табылады [2]. Соның бірі Ақмола облысында орналасқан «ALTYNTAU KOKSHETAU» АҚ (бұрынғы Васильков тау-кен байыту комбинаты) – ірі алтын өндіру компаниясы (тау-кен байыту фабрикасы). «КАЗЦИНК» компанияның алтын өндіруші бөлімшесі болып табылады. «ALTYNTAU KOKSHETAU» АҚ – (бұрынғы Васильков тау-кен байыту комбинаты) қызметінің негізгі түрі Васильков кен орнында алтын құрамды кендерді өндіру және қайта өңдеу болып табылады. Ол ірі алтын өндіру компаниясы болғандықтан, оның қоршаған ортаға деген әсері де елеулі болады. Осы жұмыста «ALTYNTAU KOKSHETAU» АҚ-ның территориясындағы, яғни ауаға, суға, топыраққа әсерін мониторинг арқылы зерттеп, экологияға қандай әсердің қаншалықты күшті екенін зерттеу өзекті мәселердің бірі болып табылады.
Дипломдық жүмыстың мақсаты: «ALTYNTAU KOKSHETAU» АҚ қызметінің қоршаған орта жағдайына әсерін зерттеу.
Дипломдық жұмыстың мақсатына жету үшін келесі міндеттер қойылды:
1) «ALTYNTAU KOKSHETAU» АҚ-ның өндіріс аймағында атмосфералық ауа мониторингін жүргізу;
2) «ALTYNTAU KOKSHETAU» АҚ-ның өндіріс аймағында сарқынды сулардың мониторингін жүргізу;
3) «ALTYNTAU KOKSHETAU» АҚ-ның өндіріс аймағында топырақ жамылғысының мониторингін жүргізу;
4) «ALTYNTAU KOKSHETAU» АҚ-ның өндіріс аймағында пайда болған қалдықтармен күресу жолдарымен танысу.
Дипломдық жұмыстың құрылымы және көлемі: Жұмыс кіріспеден, әдебиеттік шолудан, тәжірибелік нәтижелерді талқылау бөлімінен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және 1 қосымшадан тұрады. Эксперименттік бөлімде «ALTYNTAU KOKSHETAU» АҚ-ның қоршаған орта мониторинг жасау әдістемелері келтірілген. Оның топырақ жамылғысының мониторингінің мәліметтері, зерттеулері, су мониторингінің мәліметтері және атмосфералық ауа мониторингінің мәліметтері мен нәтижелері келтірілген. Жоба көлемі 50 беттік мәтіннен тұрады. Дипломдық жұмыста 32 сурет және 9 кесте келтірілген.
1 ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ
1.1 АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЗЕРЕНДІ АУДАНЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ОРНАЛАСУЫ ЖӘНЕ ТАБИҒИ-КЛИМАТТЫҚ ЖАҒДАЙЫ
2 «ALTYNTAU KOKSHETAU» АҚ ЖҰМЫСЫНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТА ЖАҒДАЙЫНА ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУ
2.1 Атмосфералық ауа мониторингі және оның нәтижелері
ҚОРЫТЫНДЫ