Дипломдық жұмыс Тақырыбы: Химиялық тілді қалыптастыру әдістемесі орта мектепте оқыту құралы ретінде



бет2/4
Дата14.06.2023
өлшемі0,96 Mb.
#101415
түріДиплом
1   2   3   4
Байланысты:
Дипломный КУЛЖАНОВА [Восстановленный] (копия)

Химиялық белгілер, формулалар мен теңдеулер тілінің пайда болуы, химияға химиялық тілдің көмегімен заттардың құрамын, құрылымын және химиялық түрлену нәтижелерін тіркеуге және бекітуге мүмкіндік беретін атомистиканың енгізілуімен байланысты.

Мектептің химиялық тілі – бұл оқушылардың жас ерекшеліктерін және оның психологиялық негіздерін қайта өңдеуді ескере отырып, оқытудың мақсаты мен мазмұнына сәйкес дидактикалық өңделген химия тілі. Ол орта мектептің химия курсын игеруге, оқушыларды дамыту мен тәрбиелеуге бағытталған.

Химиялық тілдің негізгі құрамдастары.


номенклатура
таңбалар
химиялық терминология

Я. Берцелиус негізін қалаушы символдар - нысанның шартты белгілер жүйесі, заттық белгілерін, байланыстарын, қатынастылығын шолумен ашатын, оларға сандық және сапалық сипаттама беретін химияның заңдылықтар құбылысы. Олардың міндеті қысқалығымен, бірмәнділігмен және дәлдігімен қорытындыланады.

Номенклатураның міндеті химиялық элементтерді, заттарды, бөлшектерді функционалдылық белгілері, құрамы мен қасиеттері бойынша бір-бірінен ажыратуға, оларды терминдермен жалпыланған қасиеттері мен құрылымы бойынша топтарға біріктіруге; химиялық формулалардың қосылыстар сипаты туралы білімдермен толықтырады.

Химиялық тілдің негізі - бекіту функциясы мен қысқаша түсіндіруді арнайы сөзбен түсіндіретін А. Лавуазье енгізген химиялық термионология. Терминология - бұл ғылымның кез-келген саласында қолданылатын терминдер жиынтығы.

Химиялық тілдің маңызды функциялары.




Функциялары

Жүзеге асыру

1

Танымдық

Химияны оқытудың барлық кезеңінде химия негіздерін оқу, химиялық ақпаратты түрлендіру, беру, қабылдау, игеру, сақтау кезінде.

2

Ақпараттық

Нақты химиялық нысандар туралы химиялық ақпаратты және оларға тән ұғымдар, фактілер, заңдар және теорияларды қолдану процесінде.

3

Тәрбиелік

Әлемнің салыстырмалы химиялық суретін, дұрыс ғылыми дүниетанымды қалыптастыру және әртүрлі сипаттағы мәселелерді шешу кезінде (аксиологиялық, мәдени, экологиялық, эстетикалық, валеологиялық және т.б.

4

Дамытушылық

Шығармашылық қызметке қабілетті зияткер және мәдени дамыған тұлғаны қалыптастыру мәселелерін шешуде. Химиялық тілмен жасалатын барлық операциялар (практикалық және пайымдық) ақыл-ой операциялары болып табылады.

5

Жалпылаушылық

Химиялық заттар туралы нақты эмпирикалық сезімдік мәліметтерден (оларды бақылау және химиялық тәжірибелер жүргізу кезінде) жалпыланған ұғымдарға, дерексіз символдарға, ақпаратқа толыққан терминдер мен атауларға ауысуды жүзеге асыру кезінде.

6

Жүйелеушілік

Әртүрлі химиялық нысандар туралы білімді ретке келтіру процесінде (абстрактілі идеалдық символдар мен басқа да дидактикалық құралдардың көмегімен).

7

Интеграциялаушылық

Әртүрлі (көп жүйелі және көп деңгейлі) химиялық ақпаратты қысқа және көлемді біріктіру және синтездеу процесінде. Химиялық белгінің құралы ретінде химиялық тілдің табиғи тілмен, латын және басқа да тілдермен интеграциялануы жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет