51
12-сурет
Жауабы : _____________________________________________
Құзыреттілік: 3 - деңгей-пайымдау (математикалық біліктердің кең
спектрі: математизация, математикалық ойлау, жалпылау, интуиция)
Қол жеткізу деңгейі 5-деңгей
Мазмұн саласы: өзгерістер мен тәуелділіктер
Жағдай: ғылыми
Шешімі:𝑠
ө.
а
= 3,5сағ ∙ 26,5км/сағ = 92,75 км
𝑠
ө.қ
= 3,5сағ ∙ 20,9км/сағ = 73,15км
Бұл мәселені шешу үшін оқушы белгілі бір жағдайға арналған
формуланы қолдана алады, диаграмманы дұрыс оқи алады және есеп сұрағына
сәйкес келетін диаграмманы оқи алады.
ВЕЛОШАБОНДОЗ ТОҒЖАН
Тоғжанға ата - анасы жаңа велосипед сатып алып берді.Тоғжанның
велосипедінің рулінде спидометр орналасқан.Бұл спидометр Тоғжанның
жүріп өткен жолының орташа жылдамдығын көрсетеді.
1-сұрақ.Тоғжан мектебінен 8км қашықтықта орналасқан өзенге 18
минутта барды.Өзеннен үйіне дейін қысқа жолмен қайтты.Ол 6км жолға 12
минут жұмсады.Тоғжан өзенге қандай орташа жылдамдықпен барып қайтты?
Шешімі. Бұл есепті шешу үшін оқушы орташа жылдамдықтың
формуласын терең меңгеруі қажет.Тоғжанның барып қайтқан жолдағы
жылдамдығын жеке-жеке табуы керек.𝑣
орт
=
8
18
+
6
12
2
км/
мин =
17
36
км/
мин =
1700
216
м/
с =
425
54
м/
с ≈
7,
8м/
с
PISA тест тапсырмалары форматында құзыреттілікке бағдарланған
тапсырмаларды қолдану математика бойынша білімді неғұрлым сапалы
меңгеру мәселесін және оларды практикада қолдану қабілетін шешуге
мүмкіндік береді, сондай-ақ оқушылардың функционалдық математикалық
сауаттылық деңгейін арттырады.
№73 физика – техникалық лицейінде практикадан өттім. Маған
мектептегі жетекшімнің тарапынан қойылған міндет аптасына екі рет сабақтан
тыс оқушылармен жұмыс жасау. Біз оқушылармен бірге математикалық квест
ойынын ұйымдастырдық. Математикалық квест ойыны бізге оқушының
математика сабағына қызығушылығын, ынтасын арттыруға көмектеседі.
Ойынға 9 – сыныптың 9 оқушысы қатысты. Оқушыларды 3 топқа бөлдім. Әр
топқа жеке тапсырмалар берілді.Ойынның шарты қай топ бірінші болып
барлық тапсырмаларды орындап бітеді, сол топ жеңіске жетеді. Балаларға
ойынды түсіндіріп, карточкаларды үлестірдім.
Тақырыбы: «Математикалық квест ойыны»
Мақсаты: Теориялық білімін практика барысында қолдана білу,
креативті ойлауды дамыту.
Өткізілу барысы:
52
Бірінші кезең. Кім тапқыр?
1 – топ.
Тапсырма. Суретте белгілі бір заңдылық бойынша сандардың орналасуы
көрсетілген. Белгісіз санды табу арқылы, сіз келесі тапсырма жасырылған
кабинеттің номерін анықтай аласыз.
Достарыңызбен бөлісу: