Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: «Сәбит Мұқановтың Абайтанудағы көзқарас эволюциясы» 5В020500 «Филология»



бет2/3
Дата12.04.2023
өлшемі37,35 Kb.
#81927
түріДиплом
1   2   3
Байланысты:
1 МҰҚАНОВ

Нәтижелері:

  • Мұқанов шығармаларындағы рухани құндылықтар тізбегі айқындалды, Абай жайлы зерттеу еңбектері сараланды;

  • Абайтану бойынша жазушының жекелей пікірлерін тізбектеп, жан-жақты қарастырдық;

  • Мұқановтың жазушылық ұстанымы мен жаңашыл ізденісі зерделенді

  • Жазушы прозасының Абаймен үндестігін, өзара ортақ ұстанымдарын талдадық.


МАЗМҰНЫ



Кіріспе......…………….………………………………………..……

4

І ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫНДАҒЫ АБАЙТАНУ ..........





6

1.1 Абайтану ғылымындағы ғалымдар пікірі





6

1.2 Абай хақындағы алғашқы зерттеулер легі....

12







ІІ СӘБИТ МҰҚАНОВТЫҢ АБАЙТАНУДАҒЫ КӨЗҚАРАС ЭВОЛЮЦИЯСЫ

16

2.1 Абайтану мәселесіндегі Сәбит Мұқанов рөлі..............


2.2 Абай мен Сәбит үндестігі, өзара сабақтастық мәселесі



25


48



Қорытынды....………………………………………………...............

57




Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.........……………………



60

І ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫНДАҒЫ АБАЙТАНУ



«Абайтану» ғылыми-танымдық орталығы Қазақстан-Ресей университетінің жанынан ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында ашылды. Абайдың ақындық айналасы, шығармашылығы, Абай жинаған мұралар негізінде қазақ этнографиясымен тығыз байланыса қалыптасқан бұл орталық кеңейіп, екі залға ұлғайды.
Тәуелсіз еліміз үшін руханиятқа аса қажет болып отырған «Абайтану» ғылыми-танымдық орталығының бастамасымен «Абайтану курсы», «Ұлылар мекеніне саяхат», «Абай биігі - ұлт биігі», «Әнді сүйсең менше сүй» бағдарламалары Астана үшін де ел руханияты үшін де аса қажет бастамаға айналды. Аталған университетте екі бөлмелі экспозицилық зал, 3 мыңға жуық тарихи жәдігерлер мен деректі фильмдер жиналып, жеті мыңның үстінде қала жұртшылығы мен студенттер қатысқаны да тарих қойнауына енгізілді десе де болады. Төрт жыл ішінде тұрақты дәстүрге айналған «Ұлылар мекеніне саяхат» бастамасы бойынша 147 адамды Семей жеріне апарып, Ұлылар мекеніне экскурсиялық-танымдық саяхат ұйымдастырған осы орталық екені аян. Семей мемлекеттік телерадио кешені қорынан Абайға байланысты 14 деректі фильм көшіріліп әкелінді. Оның ішінде Шәкәрім, Мұхтар, Қайым Мұхамедханов шығармашылығы да бар. Яғни, ешқандай тапсырмасыз-ақ, үкіметтің қолдауын күтіп, қол қусырып отырмай-ақ, қарапайым халықтың қолдауы мен Абайтануға қажет өтініштерін орындау нәтижесінде осындай нәтижеге қол жеткізді. 2010 жылдан бастап бірнеше бағытта алыс-жақын шет елдермен, әрі еліміздің барлық өңірлерімен тығыз байланыста Абайды насихаттау, дәріптеу мәселесімен үздіксіз айналысып отырған жалғыз орталық.
Мемлекеттік тапсырыс бойынша Абайтану 2012 жылдан бастап жеке пән ретінде мектеп бағдарламаларына енгізілді, бірақ, оқулығы не әдістемелік құралы қалыптасқан жоқ. Ең өкініштісі, М.Әуезов қалыптастырып кеткен Абайтану ғылымын тек зиялы қауым мен ғалымдар аясында зерттеп келеміз. Ал, жастардың Абайын, мектеп оқушыларының Абайын, баланың тілінде жеткізе алмай келеміз. Сондықтан да күні бүгінге дейін Абайтану оқулығы мен бағдарламасын, әдістемелік құралын жүйелі түрде қалыптастыра алмай келеміз. Осындай олқылықты толтырған «Абайтану» орталығы қала мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мамандары мен мектеп оқушыларына әдістемелік құрал ретінде де, Абайтану пәні ретінде де үздіксіз қала мектептерімен тығыз байланыста жұмыс істеді. Соның нәтижесінде Астана қаласындағы оқу орындарының басшыларының сұранысы бойынша 36 сағатқа негізделген «Абайтану» курсы жүргізіле бастады. Арнайы курсқа Астана қаласындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мамандары мен колледждердің ұстаздары қосымша білім алды. Аптасына үш рет өткізілген сабақ барысында М.Әуезовтың 70 жыл бұрынғы курстық бағдарламасын қайта жандандырып, Абайдың өмірі, шығармашылығы, зерттелуіне байланысты тақырыптар қамтылған болатын.
Аз уақыттың ішінде танымал болған бұл орталық өткен жылдың маусым айынан бастап Қазақстан-Ресей университетінің жабылуына байланысты өз жұмысын тоқтатты.
«Абайтану» ғылыми-танымдық орталығы орналасқан Қазақстан-Ресей университетінің жабылуына байланысты кәзіргі уақытта Астана қаласындағы «Инновациялық зияткерлік технологиялар академиясы» компаниясының құрамында жұмысын жалғастырмақ ниетте. «Инновациялық зияткерлік технологиялар академиясы» бұған дейін де Абайтану жинақтары мен әліппесін шығарған белгілі абайтанушы ғалым Мекемтас Мырзахметовпен бірге, Абайтанумен айналысып келе жатқан ұжым.
Болашақта Абайтану зерттеу институты мен ғылыми кітапханасын қалыптастыру, Абай шығармалары мен Абайтану оқулығын интерактивтік технология бағытымен насихаттау көзделіп отыр.
Астана қаласына жан-жақтан келетін шет мемлекеттердің өкілдеріне бірден-бір көрсететін Ұлт ұстазы Абай орталығына Германия, Корея, Түркия, Қытай, Өзбекстан, Татарстан, т.б. елдерден қонақтар келді. Абай шығармашылығы бүгінге дейін 100-ге жуық шет тілдеріне аударылып, Қазақтың мәдениеті мен әдебиетін әлемдік деңгейге көтерді. Әлемдік деңгейде өткізілетін ЭКСПО-17 бағдарламасында бірден-бір шет елдерге көрсетілген Қазақтың бренді Абай екені анық.
Өз жұмысын ақтай алатын «Абайтану» ғылыми-танымдық орталығының ауқымын кеңейтіп, Қазақстанның түкпір-түкпіріне экскурсиялық саяхат жасау, мектеп бағдарламасына сәйкес оқулықтар шығару, Абайтанушылардың қатарын толықтыру, Абайтанудың мектеп бағдарламасындағы орнын қалыптастыру мақсатында елеулі жұмыстар атқару үшін Орталықтың өз алдына жеке мекеме болып қалыптасуы уақыттың өзі мойындатып отырған заңдылық.
Абай шығармашылығын әлем мойындап, даналығына бас иіп жатқан тұста ел тәуелсіздігін алған жиырма жылдан артық уақыт ішінде елордасы Астанадан Абайға жеке бір орталық ашуға құлық танытпай отырғанымыз өкінішті.
Ғұмырын Абай шығармашылығына арнаған Мұхтар Әуезовтің алдын көрген шәкірттерінің ішінде қалған жалғыз тұяқ бұл күнде Мекемтас Мырзахметов екен. Мекемтас Мырзахметов ғұмырын Абайтануға арнаған, Абайдың шығармашылығы мен өмірі, өлеңдеріндегі әр сөйлемді жете зерттеп, Абайтанудың зерттелу ғылымын кезең-кезеңге бөліп, сала-сала бойынша зерделеп қолымызға берді. Ұлы ақынның бір өлеңін, немесе қара сөздерін, пәлсапалық кейбір ойларын ғана зерттеп жүрген мерзімдік абайтанушылардың - Абайтанудың зерттелу дәуірінің үш кезеңін көрген (М.Әуезов кезеңі, М.Әуезовтен кейінгі кезең, бүгінгі Абайтану) нағыз ғалым Мекемтас Мырзахметовтен үйренері көп.
Сексеннің сеңгіріне шыққан ғалым ағаның, «Абайтануды кешегі кеңестік көзқарастан арылтып, бүгінгі жаңа тәуелсіз еліміздің нағыз, толық Абайын қалыптастыруымыз қажет» дегенін негізге ала отырып, уақыт күттірмей Ұлы ақынның жұмбағын ашуға кірісуіміз керек. Әйтпесе, заңғар жазушы М.Әуезовтен тікелей сабақ алған Мекемтастан бір күні айырылып қалсақ, Абайтану саласындағы сан жұмбақтың шешуін таба алмай, сан соғып өкінетін боламыз. Онсыз да Қайым Мұхамедхановтың ортамызда жүргенде қадірін білмедік. Ғалымның жылдар бойы тірнектеп жазған құнды еңбектерін әлі де толық жариялай алмай келеміз.
Абай шығармаларының басылуын өзі көрген жоқ. Бірен-саран өлеңдері болмаса Абайдың көзі тірісінде «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» деген өлеңін Жүсіпбек Шайықсіләмұлы деген адам ақынның атын атамай бастырады. «Жаз», «Болыс болдым мінеки» деген өлеңдері 1886 жылы «Дала уәлаяты» газетіне Көкбай Жанатаевтың атымен жарық көреді.
Сондықтан да жазып айтқан, жатша шығарған өлеңдері бізге жетпеген. Кейіннен Абай өлеңдерін жинаған кісілер Абайдың өлеңінің атын ғана айтып, немесе бір жол өлеңмен ғана сақталып қалған. Тоғжанға арналған «Сап-сап көңілім, сап көңілім» өлеңі соңғы кезде табылды. 1882 жылы Лермонтовтан аударған тұңғыш аудармасы «Бородино» да түгел емес. Бізге белгілі көлемі 20 жолдық нұсқасы ғана сақталған. 1896 жылдан бастап, 1916 жылға дейін Абайдың өлеңін көшіріп ұқыптап жүрген Мүрсейіт молда сол уақыттың «баспаханасы» болды. Соңғы кезде кәсіпке айналдырып 7-8 молда көшірген. Көшіргендер бір өлең үшін бір қойдың құнындай ақы алатын болған.
Елдің ішіндегі қазақтың қыздары өздеріне Абайдың қолжазбасын көшіртіп, ұзатылғанда өлеңнің бір данасын ала кететін болған. Бұл қазақ жастарының арасында Абай өлеңінің бағалы болғандығын көрсетеді.
Абайдың көзі тірісінде баспа жүзін көрген екі өлеңінен кейін Абай өлеңдерінің тұңғыш толық жинағы ақын дүниеден озғаннан кейін 1909 жылы Сант-Петербургтағы Ілияс Бораганский баспасынан жарық көреді.
Абайтану шежіресінде алтын әріппен жазылған бұл оқиғаны Абайдың немере інісі – Әрхам Кәкітайұлы өз естелігінде былай баяндайды. «1906 жылы жаз шығып, киіз үй тіккенде Кәкітай Абылайша қос тіккізіп, Мүрсейіт молланы шақыртып алып, «сен мына біз жинаған Абай өлеңдерін реттеп жаз» деп оңаша қосқа отырғызды. Мүрсейіт асықпайтын, сұлу жазатын адам еді. Абай өлеңдерін бір ай шамасында дайындатып алып, Кәкітай Семейге өзі алып жүрді. Жол расходына екі семіз ат, екі семіз түйесін әкетті. Кәкітай малын ақшалап алып Омбы қаласына кеттім деп хат жазды. Одан кейін «Омбыда бастыра алмадым, Қазан қаласына жүріп барамын» деп тағы да хат жазады. Бір жұмадан кейін үйге телеграмма келді; «Қазан қаласындағы баспаханалардың басуға уақыты болмады. Петербургтағы баспаханамен шарт жасастым, тез 200 сом ақша перевод ет деген. Айтқанындай 200 сом жібердік. Кәкітай бір айда қайта оралды. Корректорлық міндетін өз мойнына алатын болыпты. Петербургтегі баспахана бір баспатабақ қағаз басып, Семейдегі Әнияр үйіне жібереді, Әнияр Кәкітайға жеткізіп тұрады. Кәкітай оның қатесін түзеп, Петербургке жөнелтеді. Осындай сергелдеңмен жүріп, Абайдың бірінші өлеңдер жинағы 1909 жылы үш жылда зорға жарыққа шығады. Мүрсейіт қолжазбасының негізінде жарық көрген 5339 жол өлеңінің 1090 жолы аударма болатын. Алғашқы басылымға кірмей қалған 17 өлеңі кейінгі зерттеушілердің еңбегімен кейінгі басылымдарда толықтырылып берілді.
Мұхтар Әуезовтың Абайтануға қосқан үлесі нәтижесінде ақынның кейінгі шыққан 1933, 1939, 1945 жылдардағы баспасындағы жинау, түзу нәтижесінде қара сөздерден басқа 10708 жол өлең қосылды. Сонымен Абайдың толық жинағын өзінен қалған архив болмағанның өзінде ғылыми зерттеулер мен іздеулердің арқасында бүгінге жеткен, қара сөздерден басқа 7133 жол еңбегі белгілі болды. 
Абай мұрасының баспадан кітап болып шығуына қалтқысыз қамқорлық жасаған – Әлихан Бөкейханов болса, өлеңдерін жинақтап бастыруға зор үлес қосқан Мүрсейіт Бікеұлы, Кәкітай Ысқақұлы, Тұрағұл Абайұлы еді.
Әуелде мұны Семейден шығаруды ұйғарған Әлихан Бөкейханов ақынның өмірі мен қоғамдық қызметі жайлы алғаш көлемді мақала жазған. Абай дүниеден озған соң, екі жылдан кейін «Семипалатинский листок» газетіне «Қазанама» жариялайды. Сол газетте Абай өлеңдерінің жинақ болып басылатыны жайлы айтылады. Солай десе де, Абай жинағы басылып шықпай қалады. Оның себебі – Әлихан Бөкейханов 1906 жылы 8 қаңтарда Семейге сьезге қатыспақ болып, Керекуден келе жатқан жолында Тұзқала деген жерде тұтқынға алынады. Қайтарып апарып Кереку түрмесіне жабады. Осы жолы ұсталған кезде оның портфелінде Абай өлеңдері жинағының қолжазбасы болады. Көп кешікпей айғақ болмағандықтан босайды. Халықтық тұлғаға айналған Әлиханды патша үкіметі үнемі қырына алып, 1908 жылы қайта қамауға алады. Іске ілініп, қудаланып жүріп те Абай өлеңдері баспада жатқанын естен шығармайды. Сөйтіп 1909 жылы жарық көреді. Көптен күткен Абайдың тұңғыш жинағының жарық көруін алғаш рет Міржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсыновтар жазады.
Абайтанудың тарихында Абайға арналған алғашқы тексеру, түсініп, тану 1914 жылы ақынның қайтыс болғанына 10 жыл толуына байланысты еске алу «Әл-шархият» жиналысынан басталады. Осы жиналыста алғаш рет Абайдың шығармашылығы мен өмірі жөнінде Қазақтан шыққан тұңғыш журналист қыз Назипа Құлжанова баяндама жасайды. Ұлы Абайдың қадір қасиетін, атағын жұртшылыққа жария етудегі алғашқы қадам жасап, тұңғыш кешті ұйымдастырушы - журналист, ағартушы, қазақтың оқымысты қызы Нәзипа Сегізбайқызы Құлжанованың еңбегі ерекше еді.
Кез келген ақынды тану ең алдымен өмірбаяны мен шығармашылығын зерттеуден басталады. Абай мұраларының сақталуына кепіл болған адамдар – Ғабитхан, Кішкене молда, Самарбай, Дайырбай молдалар, т.б. да жинастырған. Солардың ішінде ерекше еңбегі бар адам – Мүрсейіт Бікеұлы. Абай сөзін керек еткендер Мүрсейітке тапсырма беріп отырған. Сол кездегі қалыптаспаған емлеге байланысты көшірмеде кемшіліктердің кетіп отыруы осы күнге дейін Абай шығармашылығын зерттеуге кеселін тигізіп келеді.
Абайтануды зерттеу Мұхтар Әуезовтің бастамасымен революциядан кейін ғана қолға алынып, Абайтанушылардың қатары өсті. Абайтануға еңбек сіңірген Мұхтар Әуезов, Қажым Жұмалиев, Қайым Мұхамедханов, Рабиға Сыздықова, Мекемтас Мырзахметов сынды көптеген тұлғалар айқындалды.
Абай шығармалары шет мемлекеттеріне де белгілі. Ақынның жеке өлеңдері 100-ге жуық елдердің тілдеріне аударылып, сан мәрте жеке кітап болып басылды. Абайдың бүгінге жеткен 176-78 өлеңі үш поэмасы, 50-ге жуық аудармасы, 45 қара сөзі, 27-ге тарта өлеңіне ән жазған сазгерлігі белгілі. Қазақ тәуелсіздігін әлем таныған бүгінгі заманда Түркия, Германия, Ресей, Қытай, Корея, т.б. мемлекеттерде Абай ескерткіштері, мен Абай атындағы көшелер, Абай орталықтары бар.
«Абайтану» ғылыми-танымдық орталығы орналасқан Қазақстан-Ресей университетінің жабылуына байланысты кәзіргі уақытта Астана қаласындағы «Инновациялық зияткерлік технологиялар академиясы» компаниясының құрамында жұмыс істеп келеді. «Инновациялық зияткерлік технологиялар академиясы» бұған дейін де Абайтану жинақтары мен әліппесін шығарған белгілі абайтанушы ғалым Мекемтас Мырзахметовпен бірге, Абайтанумен айналысып келе жатқан ұжым.
Болашағы зор «Абайтану» ғылыми-танымдық орталығының ауқымын кеңейтіп, Абайтану ғылыми-зерттеу институты мен ғылыми кітапханасын қалыптастыру көзделіп отыр. Ғылыми-зерттеу және мәдени-ағарту бағыты бойынша жұмыс атқаратын болашағы зор Абайтану ғылыми-зерттеу институты алдағы уақытта елімізде абайтанушы ғалымдар қалыптастыратыны сөзсіз.
Осы мақсатта қала әкіміне жазған өтініш негізінде 2014 ж. маусым айында «Абайтану» ғылыми-танымдық орталығының жеке ғимаратын салу жөнінде жер телімін беру мүмкіндіктері қарастырылған. Орталыққа берілетін жер телімі қалалық жер жоспарлау бөлімінің сызбасымен белгіленіп, бақылауға алынған. Иманғали Тасмағамбетов әкім болып тұрған кезде Абайтануға жер беру мәселесі қарастырылған болатын. Бүгінде ол кісінің қызмет ауыстыруына байланысты осы мәселе әлі созалаңға салынып келеді.
Осы уақыт ішінде «Абайтану» орталығына берілетін жер телімін Абай есімін жамылып, қатысы жоқ болса да, коммерциялық мақсатта пайдалануға ұмтылып жүргендер де жоқ емес.
Қалай десек те, Абайтану саласында мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде атқарылатын жұмыстардың маңыздылығы мен көлемі жағынан жыл сайын ұлғайып жатқаны, өз алдына жеке Абайтану институтының ашылу қажеттігін туғызып отыр. 
Сөз зергері Сәбит Мұқанов «Абай Құнанбаев» монографиясында (1944-1945) ақын өскен орта, ата-тегі, өмір кезеңдері, дүниеге, сөз өнеріне көзқарасы туралы зерттеу жүргізіп, тиянақты тұжырымдар айтты. Жазушы сөзімен айтсақ: «Абайды – ата-тегінде, өз өмірінде, ақындық таланты мен шеберлігін де, оқу-білім де, жалпы адамдық, өз ұлтының пікірлерін де, өміріндегі, шығармаларындағы күшті я әлсіз жақтарын да түгел қамту» көзделген. Зерттеуші даналық қорытындыларға, қанатты, ғибратты ойларға мейлінше бай қарасөздеріне зейін аударады. Қара сөздеріндегі көркемдік шеберліктің бір сыры ақынның дарынды шешендердің мұрасын жетік һәм терең үйреніп білгендігінен деп түйіндейді. Зерттеуші Абай поэзиясының бейнелілік-суреттілік жүйесіне, ақындық тілі мен құрылысына талдау жасайды. Абайдың Шығыстың классикалық әдебиетімен байланысы және А.С.Пушкиннен, М.Ю.Лермонтовтан, И.А.Крыловтан аударылған шығармалары жөнінде ой өрбітеді. Ұлы ақынның табиғат лирикасындағы философиялық ой да, сурет те, сыр да біртұтастықта екендігін көрсетеді. Яғни Абайдың жаратылысты сөйлетіп, құпиясын төгілте суреттеп жеткізіп, ой-сезім мұхитының ағыс-толқындарын тудырып, ғаламат қуаттың көзіне айналатындығын дәлелдейді. Осы еңбегінде: «Ұлттық тіл – сол ұлттың тілі – сол ұлттың барлық мүшесіне түсінікті бола білсе ғана тіршілігінің айнасы мен құралы болады» – деп жазады. Шынында да, Абай поэзиясы – қазақ өмірінің айнасы. Демек, ол ана тілінің негізгі сөздік қорын сарқа пайдаланған, соның ну орманына еркін шүйгіген ерен дарын.
Автор ақын туындатқан шендестірулерге, ауыстыруларға, теңеулерге, әсірелеулерге ой сәулесін түсіреді. Олардың қазақ халқының шаруа-кәсібімен, тұрмыс-салтымен, аңшылық, малшылық дәстүрлерімен төркіндес, тамырлас екендігін баяндаған, Абайдың қазақ өлеңіне енгізген өзгеріс-жаңалықтарына тоқталған. Фольклорлық поэзияға жыр үлгісі мен қара өлең шумағы тән болса, ал қазақтың жазба поэзиясына Абай жиырмаға жуық түр қосты деп пайымдайды. Абай жыр үлгісімен «Өзгеге, көңілім, тоярсың...», «Болыс болдым мінеки...», «Жаздыгүн шілде болғанда...» сияқты өлеңдерін шығарған. Мұнда «бірқалыпты үйлес жиі қолданылғандығын» ескертеді зерттеуші. Ақын енгізген жаңалықтарды анықтау үстінде, оның өлеңдерінің буындық, тармақтық, ұйқастық, шумақтық, ырғақтық құрылысының ерекшеліктерін есепке алады. Абайдың қазақ өлеңіне кіргізген ұшан-теңіз өзгерістерін осылайша жіктейді: «Асылы «осы жаңалықтарында Абай қазақ поэзиясына тән заңды (өлеңге төрт буыннан артық буыны бар сөз қоспау, қазақ сөзінің буын құрылысын сақтау) бұзбайды, қатты сақтайды».
С.Мұқанов ақынның композиторлық шеберлігіне де назар аударған. Ол музыка зерттеуші А.В.Затаевичке Абайдың «Татьянаның Онегинге жазған хатын» өзі орындап, нотаға түсірткен. Сәбит Мұқановтың көрсетуінше, Абай ақындық қуаттың, таланттың, поэзияның басты мақсаты – «қоғамды өркендету үшін қажетті құралдардың бірі деп түсінген кісі» дейді. Және де ол ойшыл, қайраткер, ұлт ақынының тұлғасын түсіндіргенде ұлы сыншы В.Б.Белинскийдің «бүкіл ұлттың рухына бейне бола аларлық ұлы адам бола білу керек» деген ұстанымын негіз етіп Абай шығармашылығын талдайды. Абайдың өміріне қанық Қатпа Қорамжанов пен Архам Ысқақов: «Семейден Абай орысша және мұсылманша көп кітаптар алып қайтып, соларды оқумен шұғылданды. Ол кітаптарды оқып бітірген соң, Семейге кетіп, тағы да кітаптар әкелді. Осылай Семейден кітаптар әкеп оқу 1873 жылдан бастап Абайдың дағдысына айналды», – дейді. (Мұқанов С. Таңдамалы шығармалар. Он алты томдық. А., 1980. 209-211 беттер). Абайтанушы Сәбең осы бір «Абай Құнанбаев» монографиясында: «Америка саяхатшысы Джорж Кеннен жазады: «Менің сұрауларыма Леонтьев (Семейдегі кітапхананың бастығы. – С.М.) жауап беріп, Семей кітапханасының құрылуы тарихын баяндайды да: «Кәттә қазақтар да мұнымен пайдаланады, – деді. – Мен білетін Ибрагим Кононбай деген қарт қазақ бар, оның кітапханаға келіп жүруі былай тұрсын. Милль, Бокль, Дрэперді де оқиды» («Сибирь и ссылка», 140 бет, 1906 ж.). Г.Г.Льюис пен Д.С.Милльдің талқылауы арқылы орыс тілінде 1867 жылы шыққан Огюст Конттың «Позитивтік философиясын» Абайдың оқығандығын оның дін туралы пікірлерінен байқалады. Дж.В.Дрэпердің «Еуропа пікірінің өркендеу тарихы» (бірінші рет орыс тілінде ХІХ ғасырдың 60 жылдарында шыққан болу керек. Біздің қолға түскені 1896 жылы басылғаны. Абай алғашқы шыққанын оқыған сияқты) атты кітабының кейбір пікірлерін Абай өлеңге де аударады. Мәселен, Абайдың: Өмірдің алды ыстық, арты суық, Алды ойын, арт жағы мұңға жуық, – деп, келетін өлеңдері мен Дрэпердің мына сөздері дәл келеді: «Жас шағында өзінің күшіне еркін сенген адам қартайғанда күшінен көңілі суып, басқаша ойлайды. Уақыт өткен сайын, жастықтың елікпе қиялдары да бәсеңсиді, одан кейін әр ойын тізгіндеп, тілегінің өрісін тарылтады. Ақырында шын тұрмыс оның көзінен пердесін сыпырады, қартайған оның ойына адам үмітінің болмашы екендігі ұялайды. Оның тапқаны табам деп ұмтылғанына аз ұқсайды» (2-бет). Өмірдің алдындағы үміт пен артындағы өкініш туралы айтқан Дрэпердің пікірі Абайдың бірнеше өлеңінде әр қилы жүйеде кездесіп отырады» – деп жазады. Бұл жерде келтірілген деректер мен ой сарындары (Дж.В.Дрэпердің Абайдың толғанысымен үйлесімділігі) жаңалық. (Сонда, 213-214 беттер). Академик-жазушы С.Мұқановтың осы бір дерегі өзге авторларда кездеспейді. 1944 жылдың күзінде Архам Ысқақовтың аузынан Сәбит Мұқанов Абай қолжазбалары мен мұрасының жиналу тарихына байланысты мына бір деректерді жазып алған. – Әкем жинағанда, Абайдың көп қолжазбалары жыртылған, сөздері өшкен күйінде табылды. Мынадай бір оқиға болды: 1905 жылдың көктемінде әкем мені ертіп Махмуд молданың үйіне барды. Ас даярланып жатқан кезде, Махмудта қалған Абайдың қолжазбаларын әкем қарап отырса, Абай өлеңмен түгел аударған Лермонтовтың «Вадим» деген әңгімесінің бастапқы екі-үш қана қағазы сақталыпты. «Өзгесі қайда?» деген әкемнің сұрауына, Махмуд күйбеңдеп жауап бермей отырды да, қазбалап қоймаған соң: «Жыртып тастап еді», – деп Құтыш атты тентек баласын көрсетті. Бұл қылыққа әкем қатты ренжіді де: «Абайдан көрген жақсылығың көп еді. Оның еңбегіне бұлай қарауың – жаныңның ашымағаны ғой. Сені жұрт имам дейді. Мына ісіңе қарағанда, сен имам түгіл мұсылман да емессің», – деп, табылған қағаздарды қалтасына сап, даяр асқа қарамай аттанып кетті». Мүрсейіт Бікіұлы руы Тобықты. Оның ішінде – Әнет. Мүрсейіттің әкесі – Бікі жасында Құнанбайдың қолына көшіп келіп, малшысы болған, Мүрсейіт Ысқақтың балаларымен бірге Жақып молдадан мұсылманша оқиды. Зерек, ынталы Мүрсейіт Семейдегі интернатта екі-ақ жыл оқып, орысша аз да болса хат таниды да, аулына қайтып кеп, балаларға мұсылманша және орысша сабақ береді. Абай тірі кезде, Мүрсейіт оның өлеңдерін жинаумен шұғылданбаған, оған себеп мынау: Абай өзінің қолжазбаларын Махмуд деген молдаға, өз баласы Мекайылға, әйелі Еркежанның інісі Сүлейменге сақтатады екен. Абай өлгеннен кейін Мүрсейіт жинай бастаған және Абай өлеңдерін бастыру мақсатымен Кәкітай Ысқақов жинайды. Кәкітай Ысқақов – Абайдың немере інісі – 1870 жылы туып, 1915 жылы өлген. Кәкітайды Абай жақсы көреді екен. Абай 1882 жылы қыстай Семейде жатып кітапханадан кітап алып оқумен шұғылданғанда, Кәкітай Абайдың қасында болған. Осы кезде Абайдың үйретуімен Кәкітай орысша хат танып, жеңіл-желпі орысша кітаптарды өз бетімен оқып, түсініп кеткен. Жиналған өлеңдерді Кәкітай Мүрсейітке жаздыртады. Себебі, біріншіден, Мүрсейіттің қолжазбасы анық және көркем болады, екіншіден, жыртылған я бас-аяғы жоқ қолжазбалардың жоғалған сөздерінің көбін Мүрсейіт жатқа біледі. Кәкітай 1906 жылы Абайдың өлеңдерін Мүрсейітке түгел жаздырып алады да, Омбыда бастыру мақсатымен (ол кезде Омбыдан жақын қалада мұсылманша шрифт болмаса керек) Семейге сатуға екі семіз түйе, екі құр атты жетекке алып жүріп кетеді. Абайдың өлеңіне құмартқан халық ішінен, оның жинағы басылып шығуын күтпей, Тобықтының өз руларынан да, көршілес рулардан да, Мүрсейіт көшірген Абай өлеңдерін қолқалаушылар көбейеді. Осыларға Мүрсейіт қолында қалған Абай өлеңдерінің бір данасынан көшіріп беріп, ақысына бір қой, бес сом ақша алады. Осы әдіспен 1909 жылы баспадан шыққанша, Абайдың өлеңдер жинағы Мүрсейіттің қолжазбасымен көп елге тарап кетеді. Мүрсейіттің тарих алдында істегені осы, оның қолжазбасы қазір Абай өлеңдерін текстология жағынан тексергенде негізгі деректердің бірі болып келеді. Абайдың тұңғыш шығармалар жинағы 1909 жылы Петербургта басылып шықты. Оның жарық көруіне себепші болған Кәкітай Ысқақовтың еңбегін айрықша атап өтпеске болмайды. Омбы мен Қазан қалаларында Абайдың кітабын бастыра алмаған ол, көп қиындықтарды көре жүріп, 1908 жылдың қысында Абайдың өлеңдер жинағын Петербордың бір баспасына тапсырып, көктемде еліне қайтты. Абай 1886 жылдың 4 мамырында Семей облыстық статистикалық комитетіне толық мүше ретінде және 1887 жылдың 26 сәуірінде Семей қалалық бастауыш білім қамқоршылары қоғамына қабылданған. Мұны айтып отырған себебіміз – Абайдың қоғам қайраткері екендігі Сәбит Мұқановтың пікіріне толық айғақ. Бұған қоса ел қызметшісі Абай 1886 жылы «Интернатта оқып жүр» атты өлеңі де ұлт мұратын терең қозғаған. Стратегиялық ойдың иесі ежелгі дәстүрді ақыл-ойға бағындырып, жаңаша бастамаларға тәуекел еткен, онысы интернатта оқып жүрген талапкерлерге қаражат жағынан көмектескенін Сәбең былайша баяндайды: «1885 жылы Құнанбай өлгеннен кейін оның өзге балалары, қазақ әдетімен, «әкемізге ас берейік» дегенде, Абай: «Асқа мал бөлейік, бірақ ол малды сойып жұртқа жегізбейік, орыс школасындағы оқитын қазақ балаларына жәрдемге берейік», – дейді және осы айтқанын істейді де. Құнанбайдың асына шығарған малдарды (саны мәлім емес, бір хабарда 100 жылқы, 200 қой) Абайдың сатып, Семейдің интернатында оқитын қазақ жастарына беруі, Құнанбайдың өзге балаларына да, ағайындарына да, көршілес елдерге де ұнамаған, «Құнекеңді атаусыз қалдырды», – деп талайлар ренжіген». Сәбең Абай поэзиясының ішкі рухын, тұңғиық сырын түсіндіргенде өзіндік ой сарындарын ұсынады. Мына бір шумақты былайша тексереді: Шырақтар, ынталарды «менікі де», Тән құмарын іздейсің күні-түнде. Әділет пен арлылық, махаббат пен Үй жолдасың қабірден әрі өткенде. Абайдың ойынша, «қабірден әрі өткенде» адамның Тәңірге апаратын сыйы: бұл дүниеде адамның адамға сіңірген жақсылығы, адамның арлы, мейірімді болуы. Абай бұл пікірін Тәңіріні танудың, діншілдіктің ең биік мұнарасы деп ойлап: Дін де осы, шын ойласаң тағат та осы, Екі дүние бұл тасдық – Хақтың досы, – дейді» (Сонда, 235-236 беттер). Қазақ тілінің заңдылықтарын сұңғылалықпен танып-білген, қабылдап түсінген Абай поэзиясында халық тілінде қолданылмайтын жаңаша етістіктерді туындатқан. Соларды Сәбең былайша дәйектейді: мысалы: «Ақыл іздеп, ізерлеп, Бәрін сынап сандалған». Сонда түбірі «із», сонан «іздеу», «ізерлеу» өрбіген... Осы тұрғыдан келгенде Абай «соңырқап» (соны, сонарлау, соныдан, соныға дегендерден шыққан болу керек), Немесе: «Түзу бол» деген кісіге, Түзу келмес ырықтап». С.Мұқанов «ырық» деген зат есім халық тілінде етістікке айналмайтын, тек жалғаумен «ырқы, ырқының, ырқына, ырқын» деген сияқты түрін өзгертетін сөз» еді деп жазады (Сонда, 362-бет). Сонымен қатар: «Құбылға бәрі керек қой, Бәрі жайсыз тоқтауға» «Құбыл» дейтін зат есім «құбылу» дейтін етістіктен шыққандығын айтады. Иіні келгенде, айтудың жөні бар. Сәбең Абай музейіне Абайдың 1909 жылғы басылымын сыйлаған. Академик-жазушы Сәбит Мұқановтың Абайдың шығармашылық өмірбаяны жөніндегі пайымдаулары ХХІ ғасырда да пайдалы. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет