Дипломдық ЖҰмыс тақырып: «Бастауыш мектепте сыныптан тыс жұмыстардағы практикалық іс-әрекет әдістері»



бет12/21
Дата02.06.2023
өлшемі0,59 Mb.
#98202
түріДиплом
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21
Байланысты:
Соңғы диплом сыныптан тыс жұмыс

Анықтау экспериментінің екінші бағыты, Анықтау эксперименті барысында мектептен тыс ұйымдардағы қосымша білім беру педаготарының қазақ ауызекі шығармашылығы арқылы оқушылардың ұлттық мәдениетін қалыптастыруға даярлығын анықтауда қолданылған сауалнама, әңгімелесі, интервью алу, тест тапсырмалары нәтижелерін талдау, олардың қазақ ауызекі " шығармашылығын жүйелі түрде пайдаланбайтындықтарын көрсетті.
Мектепте сыныптан тыс жұмыстар арқылы бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру процесінің тиімділігі педагогикалық ұжымның бүгінгі талаптарды ескере отырып, ғылыми тұрғыдан негізделген оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыру ерекшеліктеріне тікелей байланысты.
Осы рстте біздер оқушыларға ұлттық тәрбие беру проблсмасын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қосымша білім беру педагогтарының даярлығы қандай болу керектігін анықтап алуға талпындық.
Педагогтардың бастауыш сынып жасындағы оқушыларға ұлттық тәрбие беруге даярлық деңгейін білу мақсатында біз анықтау экспериментін жүзеге асырдық[34].
Мектепте бастауыш сынып оқушыларына сыныптан тыс жұмыстар арқылы тәрбие беруге педагогтардың қаншалықты даяр екендігін талдау нәтижелері олардың көпшілігігінің (40,8%) біліктілігі төмен екендігін байқатты. Педагогтар қазақ ауызекі шығармашылығы арқылы бастауыш сынып оқушыларының ұлттық мәдениетін қалыптастыру бойынша өз бетімен білімдерін толықтырмайтындықтары (39,6%) және теориялық білімдерінің таяздығынан оны ұлттық тәрбиеде шығармашылықпен қолдана алмайтындықтары (81,1%) анықталды.
Бүгінгі білім жүйесінде кеңінен таралған оқу-әдістемелік құралдар баршылық. Педагогтармен өткізілген әңгімелесу, олардың өз бетімен ізденісінің, талпынуының жеткіліксіздігін көрсетті.
Сыныптан тыс жұмыстарда, сынып жетекшілері оқушыларға тәрбие беруге байланысты мақсатты, алдағы болашаққа бағытталған практикалық іс-әрекетті жүзеге асыруда да іскерліктері қалыптаспағандығын байқатты. Сынып жетекшілерінің 40,8% зерттеушілік жұмысты жоспарлап жүзеге асыруда біліктері мен білімдері төмен болса, 45,4%-ы табиғатты қорғауға байланысты акция, олимпиада, слеттер өткізуде қиналады, 32,3%. Экологиялық проблемаларды зерттеуге бағытталған ұзақ, көпкүндік жорықтарды ұйымдастырып, табиғат аясына, өндіріс орындарына экскурсияны сауатты ұйымдастыра алмайды.
Бастауыш сынып оқушыларын табиғатты зерттеу жұмыстарына тартуда енжарлық, немқұрайдылық басым. Экскурсиялар мен саяхаттар белгілі бір экологиялық проблемалар төңірегінде емес көбінесе көңіл көтеру, оқушылардың демалысын ұйымдастыру үшін формальды түрде өтетіндігін көрсетті. Мектептен тыс ұйымдарда оқушыларға тәрбие берудің түрлі әдістері мен формаларын кеңінен пайдалануға шек қойылмайды. Алайда педагогтардың тек 12,5%-ы ғана өткізуді, 10,8%-ы оқу-тәжірибе учаскесіндегі практикалық жұмыстарды қолданатынына, ал 23%-ы үйірме жетекішлерінің ғана оқушыларды табиғатты қорғау және зерттеу жұмыстарына тартатындығына көз жеткіздік. Олардың 42,5%-ы оқушыларды жергілікті, өлкелік қоршаған ортаны қорғау жұмыстарына тарту әдіс-тәсілдерін 60%-ы экологиялық мониторинг жүргізе алмайды. Үйірме жетекшілері бұл жағдайды әдістемелік материалдардың жеткіліксіздігімен, сондай-ақ табиғатта, тірі табиғат мүйістерінде, оқу-тәжірибе учаскелерінде практикалық сабақтар жүргізудің жетімсіздігін түсіндіреді. «Балдәурен» балалар шығармашылығы орталығының кадрлар құрамын талдау олардың тек 57%-ының ғана жоғары педагогикалық білімі бар екенін көрсетті. Ал 11%-ы жоғары ауылшаруашылық білімді, 4%-ы орта педагогикалық емес білімді мамандар[35].
Сыныптан тыс жұмыстарды талдау бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие мәселелері педагогикалық кеңестің жұмыс жоспарында күн тәртібіне қойылмағандығын, әдістемелік бірлестіктерінің тәрбиелік мәніне немқұрайды қарым-қатынасын, қосымша білім беру педагогтардың жұмыс жоспарларында ұлттық тәрбие беру мақсат етілмегендігін көрсетті.
Сауалнама жүргізу нәтижелерін талдау педагогтардың 72%-ы оқушылардың ұлттық тәрбиесін дамытуды қажет емес деп санайтындығын, ұлттық тәрбие үлгілерін 1-2 ғана педагогтың пайдаланатындығын және әдістемелік құралдардың мардымсыздығын байқатты. Педагогтармен әңгімелесу олардың тәжірибесінен мағлұматтарының үстірт екендігін және ұлттық тәрбие мазмұндағы мақал-мәтелдерге, жұмбақ, жаңылтпаштарға, ертегілерге немқұрайды қарайтындықтарын танытты[36]. Сауалнама жүргізу барысында педагогтардың көпшілігі төмендегі ең қарапайым сұрақтарға жауап бере алмады:
- “ұлттық тәрбиеге байланысты қазақ ауызекі шығармашылығының
қандай түрлерін білесіздер?”
- «Табиғат қорғау, табиғат байлығын үнемді пайдалану туралы мақал-
мәтел айтып бере аласыз ба?»
- «Төрт түлік мал туралы қандай ертегілер бар?»
- «Эпостық жырлардың кейіпкерлері кімдер?»
- «Табиғат қорғау және табиғатпен қамқорлықты қарым-қатынаста
болуды талап ететін қандай тыйым сөздерді білесіз?
- “Балаларға теориялық білім беруде қазақ этнопедагогика элементтерін
пайдаландыңыз ба?»
Мектепте сыныптан тыс жұмыстардың сынып жетекшілерінің этнопедагогика, этнопсихология, этномәдениет негіздері туралы білімдердің жеткіліксіздігі (77,1%) оларды оқушыларға ұлттық тәрбие беруде пайдалануда қиындықтар туғызатындығы анықталды. Педагогтардың көпшілігі бұл терминдердің мәнін түсіндіре алмайтын болып шықты.
Анықтау экспериментінің үшінші бағыты бойынша мектепте сыныптан тыс жұмыстар арқылы бастауыш сынып оқушыларының ұлттық тәрбиесін дамыту моделінің мазмұндық компонентінің көрсеткіштеріне сәйкес оқушылардың білімінің көлемділігі мен жүйелілігі сауалнама тест тапсырмалары, әңгімелесу, интервыо сияқты зерттеу әдістері арқылы анықталды[37].
Бастауыш сынып оқушыларының сыныптан тыс жұмыстар арқылы меңгерген білімдерінің көлемділігі мен жүйелілігін анықтауда бірнеше әдістеме қолданылды. Бастауыш сынып оқушыларының қоршаған-табиғи ортаны сақтау, қорғауға байланысты мақал-мәтелдер туралы мағлұматтарын анықтау мақсатында Бастауыш сынып оқушыларыныц қоршаған табиғи ортаны сақтау, қорғау жайлы мақал-мәтелдер туралы мағлұматтарын анықтау мақсатында «Аяқталмаған сөйлем» әдістемесі қолданылды.
1. Туған жердей жер болмас, туған елдей ел...............................................
2. Адам көркі шүберек, ағаш көркі..............................................................
3. Ел ұлсыз болмас, жер.................................................................... болмас.
4. Құс қонбаған көл жетім, ел қонбаған.............................................жетім.
5. Бір тал кессең он....................................................................................ек.
6. Жаңбырмен жер көгерер, еңбекпен........................................ел көгерер.
7. Қыстағы қар, жаздағы..................................................жерге жауған нұр.
8. Сулы жер -............................................................................................жер.
9. Ата-асқар.....................................................................................................
Ана - бауырындағы....................................................................................
Бала - жағасындағы...................................................................................
10.Судыңда.....................................................................................................
11.Малдың жайын.................................................................................білер,
Оттың жайын....................................................................................білер.
12. Бұлақ көрсең.......................................................................................аш.

Берілген жауаптарды талдау оқушылардың ұлттық тәрбие тақырыбындағы мақал-мәтелдерің мазмұнын түсінбейтіндігін көрсетті. Аяқталмаған сөйлемдердің 3 оқушы - 5-еуін, 2 оқушы - 3-еуін ғана дұрыс тауып жазды.


Келесі ретте бастауыш сынып оқушыларына табиғат, өсімдіктер, жануарлар әлемі қандай қазақ ертегілерінде суреттелгендігі туралы тапсырма берілді. 8 оқушы табиғат суреттері туралы «Қазығұрт тауы», «Байқал мен Аңғара» сияқты ертегілерді атаса, 3 оқушы өсімдіктердің қадір-қасиеті туралы «Аяз би», «Асан қайғы» ертегілерін мысалға келтірді; 6 оқушы жануарлар туралы ертегілерден құстардың тіршілігі баяндалған «Бақыт құсы», «Алып құс самұрық» ертегілерін, хайуанаттар туралы «Жыл басы», «Түлкі мен бөдене» «Екі лақ» ертегілерін дұрыс тауып айтты.
Бастауыш сынып оқушыларына эпостық жырлардағы табиғатты, табиғат құбылысын, өсімдіктер мен жануарлар жайында берілген суреттемелер бойынша мазмұндама жазу тапсырылды. Өкінішке орай, балалардың көпшілігі эпостық шығармалардың аттарын, басты кейіпкерлерін атағанымен, олардағы қоршаған табиғат жайлы мәтіндерге мән бермегендіктерін, естерінде қалмағандықтарын көрсетті.Сауалнама әдісінің фактологиялық, тұлғалық, эмоционалдық ақпарат алудағы мүмкіндіктерін пайдаланып, алдын ала ойластырылған сұрақтар арқылы, жоғарыда аталған модельдің мотивациялық қарастырылғандай, бастауыш сынып оқушыларының қазақ ауызекі шығармашылығында суреттелген халықтың тәжірибесіне деген қарым-қатынасы анықталды. Ол үшін бастауыш сынып оқушыларына төмендегі сұрақтар қойылып, мазмұнды жауаптар алынды[38].
Кесте 3- Бастауыш сынып оқушыларының қазақ ауызекі шығармашылығында көрініс тапқан халықтық тәжірибеге деген қызығушылығын анықтауға арналған сауалнама нәтижесі





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет