Қазақстан Республикасының
Министерство
Білім және ғылым
образования и науки
министрлігі
Республики Казахстан
Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ
ВКГТУ им. Д. Серикбаева
БЕКІТЕМІН
Э ж/е М факультетінің деканы
_____________ О.Н. Чикунов
«____»_______________ 2010
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ
Дипломдық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
ПОЛОЖЕНИЕ О ДИПЛОМНОЙ РАБОТЕ
Методические указания по выполнению дипломной работы
Специальность: 050508 «Учет и аудит»
Мамандық: 050508 «Есеп және аудит»
Өскемен
Усть-Каменогорск
2010
2
050508 «Есеп және аудит» мамандығы студенттеріне үшін диплом
жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар «Қаржы, есеп және салық
салу» кафедрасында (ҚР МЖМБС 3.08.312-2006) және ҚР мемлекеттік жалпыға
міндетті білім стандарты негізінде жасалды. Жоғарғы оқу орындарында диплом
жұмысын (жоба) орындау ережесі (негізгі ережелер) (ҚР ЖММБС 5.03.016 -
2009)
«Қаржы, есеп және салык салу» кафедрасының отырысында талқыланды
Кафедра меңгерушісі О.В. Куур
Хаттама № ____ «___»_____________2010
«Экономика және менеджмент» факультетінің әдістемелік кеңесімен
бекітілді
Төраға Ж.С. Аубакирова
Хаттама № ____ «___»_____________2010
Құрастырғандар Г.И. Джемпеисова
Э.С. Мадиярова
Норма бақылаушы Е.В. Петрова
3
Мазмұны
Кіріспе...........................................................................................................................4
1 Жалпы ережелер.......................................................................................................6
2 Диплом жұмысының тақырыбын таңдау және бекіту..........................................8
3 Дипломдық жобалауды ұйымдастыру..................................................................10
3.1 Кафедраның қызметі...........................................................................................10
3.2 Диплом жұмысының ғылыми жетекшісінің қызметтері.................................10
4 Диплом жұмысын орындау...................................................................................13
4.1 Жұмыс жазуға дайындық....................................................................................13
4.2 Диплом жұмысының құрылымы және мазмұны..............................................13
5 Диплом жұмысын рәсімдеу ережесі.....................................................................20
5.1 Жалпы талаптар...................................................................................................20
5.2 Жұмстың құрылымы...........................................................................................20
5.3 Диплом жұмысының беттерін нөмірлеу...........................................................21
5.4 Мәтіннің мазмұнын суреттеу.............................................................................21
5.5 Кестелер................................................................................................................23
5.7 Формулалар мен теңдеулер................................................................................25
5.8 Сілтемелер............................................................................................................25
5.9 Қолданылған әдебиеттер тізімі..........................................................................26
5.10 Қосымшалар.......................................................................................................26
6 Диплом жұмысына рецензиялау...........................................................................27
7 Қорғауға дайындық және диплом жұмысын қорғау...........................................28
7.1 Қорғауға тапсырылатын құжаттар.....................................................................28
7.2 Диплом жұмысын қорғауға дайындық..............................................................28
7.3 Диплом жұмысын қорғауды жүргізу.................................................................29
7.4 Диплом жұмысын бағалау белгілері..................................................................30
Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................................................31
Қосымша А.................................................................................................................32
Қосымша Б................................................................................................................ 35
Қосымша В................................................................................................................ 37
Қосымша Г .................................................................................................................38
Қосымша Д................................................................................................................39
Қосымша Е .................................................................................................................40
Қосымша Ж................................................................................................................41
Қосымша И................................................................................................................42
4
КІРІСПЕ
Қолданыстағы әдістемелік нұсқулар төмендегілерге сәйкес жасалынды:
- 2 наурыз 2005 жылғы № 195 Қазақстан Республикасының Үкіметінің
қаулысымен бекітілген, жоғарғы кәсіптік білім беру бағдарламсын өткізетін,
білім беру ұйымдарының типтік ережесімен;
- 18 наурыз 2008ж. № 125 Қазақстан Республикасы білім және ғылым
министірлігі бұйрығымен бекітілген, оқушылардың аралық және қорытынды
аттестациясын, үлгірімінің ағымдағы бақылауын жүргізу ережесі;
Қазақстан Республикасы жалпыға міндетті білім стандарты Қазақстан
Республикасының білім жүйесі. Жоғарғы оқу орындарында диплом жұмысын
(жоба) орындау ережесі (негізгі ережелер) (ҚР ЖММБС 5.03.016 -2009): 31
шілде 2009 ж. № 366 ҚР ҒЖБМ бұйрығы;
- ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты. Білімі жоғарғы
кәсіптік. Бакалавриат: мамандығы 050508 – Есеп және аудит (ҚР МЖМБС
3.08.312 – 2006);
- ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты. Жоғарғы білім
кәсіптік. Бакалавриат. Негізгі ережелер (ҚР МЖМБС 5.04.019-2008);
- МС ИСО нормативтік құжаттарымен 9000:2000, МС ИСО 9001:2000, МС
ИСО 9004:2000.
Қазақстан
Республикасы
ЖОО
бытірушілердің
мемлекеттік
аттестациясының қорытындысы туралы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім
беру стандарттарының талаптарына сәйкес әр бір студент кәсіптік білім
бағдарламасын тәмәмдағаннан кейін диплом жұмысын қорғау нысанындағы
бітіруші біліктілік жұмысын орындайды.
Диплом жұмысы 050508 – «Есеп және аудит» мамандығы бойынша
бакалаврдың кәсіптік дайндығының соңғы нәтижесі ретінде қарастырылады. Ол
таңдалған тақырып бойынша дербес орындалған, ғылыми жаңалығының
элементтерінен тұратын, теориялық және тәжірибелік мәні бар және аяқталған
жұмысты көрсетеді.
Диплом жұмысында студенттің арнайы дайындығы және фундаментальді
деңгейі, оның экономикалық ақпараттарға шолулар жасауы және талдауға
қабілеттілігі, есеп және аудиттің нақты аумағында өзекті тәжірибелік
міндеттерді шешу бойынша алынған дағдысының деңгейі байқалады.
Осы мақсатпен диплом жұмысында қолданыстағы заңды, нормативті,
әдістемелік және нұсқаулық материалдарды, маңызды әдеби көздерді,
компьютерлік технология, сонымен қатар қажетті ақпараттарды қолдану және
таңдай білуі талап етіледі. Сондықтан да диплом жұмысын дайындау бірнеше
кезеңнен тұрады:
– тақырыпты таңдау және оның өзектілігін дәлелдеу;
– библиография құру, диплом жұмысының тақырыбына қатысты, заңды
актілермен, нормативтік құжаттармен және басқа да көздермен танысу;
– статистикалық органдардан, мемлекеттік қаржылық органдардан, жеке
меншіктің әр түрлі нысанындағы кәсіпорындардан, нарықтық құрылымдардан,
қаржы-несиелік және басқа да ұйымдардан факт жүзіндегі материалдарды
5
жинау;
– қаржылық,
математика-статистикалық
экономикалық
және
басқарушылық талдаудың қазіргі әдістерін қолданумен алынған ақпараттарды
өңдеу және талдау;
– қорытындыны құрастыру және ұсыныстар жасау;
– бекітілген талаптарға сай диплом жұмысын рәсімдеу.
Студенттің дайындығының жалпы деңгейі Мемлекеттік аттестациялық
комиссия алдында диплом жұмысын қорғау процесінде бағаланады.
Қорытынды мемлекеттік аттестацияны табысты тапсырған жағдайда
бітірушіге сәйкес біліктілік және қаржы бакалавры академиялық дәрежесі
тағайындалады және жоғарғы білімі туралы мемлекеттік диплом беріледі.
Ұсынылып отырған әдістемелік нұсқаулар студенттерді біліктілік
жұмысын жазуға және қорғауға көмекке шақырады. Ол студент-диплом
жазушының диплом жұмысының тақырыбын таңдау тәртібін анықтайды,
диплом жұмысының мазмұны мен рәсімделуіне, оны дайындау кезектілігіне,
құрылымына қойылатын барлық талаптарды бекітеді.
Әдістемелік нұсқауда ғылыми жетекші және ғылыми кеңесші тұрғысынан
студент-диплом жазушыға тақырып таңдауда, оның жұмысының барлық
кезеңінде жұмысы үшін бақылауды ұйымдастыру және көмек көрсету жүйесі
бейнеленген, рецензиялау және диплом жұмысын қорғау тәртібі анықталған.
6
1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Диплом жұмысы – бұл студенттің кешенді дербес жұмысы, басты
мақсаты және мазмұны болып мамандық профильі бойынша кейбір өзекті
міндеттер мен сұрақтарды теория тұрғысынан, сол сияқты қолданбалы
симпатта жасау және зерттеу, жан жақты талдау болып табылады.
Диплом жұмысын орындау мақсаты болып:
1) мамандық бойынша теориялық білім және тәжіртибелік дағдыны
кеңейту және жүйелеу, бекіту және ғылыми, техникалық, экономикалық және
өндірістік міндеттерді шешу кезінде оларды қолдану;
2) жеке жұмысты жүргізу дағдысын алу және жасалынатын поблемалар
және сұрақтарды шешу кезінде эксперемент жасау және ғылыми зерттеу
әдістемесін меңгере білу;
3) қазіргі өндіріс, ғылым, техника, мәдениет, сонымен қатар оның кәсіптік
компетенциясы жағдайында жеке жұмыс істеуге студенттің дайындыңын
тексеру.
Диплом жұмысын орындау және қорғау базалық жоғарғы білімді
тәмәмдәушы кезең болып табылады. Оның табысты өтуі 050508 – Есеп және
аудит мамандығы бойынша студенттерге қаржы бакалавры академиялық
дәрежесін және біліктілігін тағайындаудың қажеті жағдайы болып табылады.
Мамандарды дайындау процесінде дипломдық жобалаудың мәні мен ең
басты ролі осымен, сонымен қатар оны жүргізуге қойылатын талаптармен
анықталады.
Дипломдық жобалаудың мақсатты белгіленуі болып мамандықтың
алатын орнын, болашақ кәсіптік қызметтің объектілері және түрлерін
бейнелейтін кәсіптік білім берудің сапасын кешенді бағалу және Мемлекеттік
жалпыға міндетті білім беру стандарты (МЖМБС) талаптарына сәйкес
бітірушінің біліктілік деңгейін тексеру табылады. Сонымен бірге, дипломдық
жобалау білім беру процесінің кезеңі болып табылады, өткен оқу кезеңдерінде
алынған білімдері мен дағдыларын, білімін дамыту және бекіту, толықтыру
мақсатын көздейді. Бұдан өзге, диплом жұмысы студенттің дербестігінің
жоғарғы дәрежесін көретеді, өзін өзі өткізуі және творчествалық өзін бейнелеуі
үшін тамаша мүмкіндікті білдіреді. Жеке тұлғаның осындай сапасын құрау
және дамыту, креативті (салиқалы, инновациялық) ойлау типі білім берудің
қазіргі тұжырымының негізін құрады.
Толығымен білім берудің жалпы мақсаттарының жетістігіне және жеке
алғанда жоғарғы кәсіптік білім берудің мақсаттарына сүйене отырып,
дипломдық жобалаудың өзінің негізгі қызметімен – қорытынды бақылау және
білім беру жүйесінің сапасын бағалаумен байланысты арнайы ерекшеліктері
болады. Бұл кезде студент-диплом жазушылар және олардың жетекшілері
студенттің кәсіптік дайындығының деңгейі және диплом жұмысын орындау
және қорғау бағасы жүргізілетін, негізгі талаптар мен көрсеткіштерді ескеруі
қажет.
Интегралды түрде бұл негізгі көрсеткіштер төмендегілерге саяды:
– әр түрлі көзқарастарды есепке ала отырып әр түрлі аналитикалық
7
міндеттердің ең рационалды нұсқаларын таңдау және логикалық ойлау;
– тақырыпты нақты құрастыру және оның өзектілігінің дәрежесін
бағалау;
– алдыға қойылған міндеттердің шешімінің таңдалған әдісін дәлелдеу;
– көздермен және әдебиеттермен және басқа да ақпараттық-анықтамалық
материалдармен дербес жұмыс жасау;
– олардың теориялық талдауын жасау;
– қажетті фактілерді, сандық мәлметтерді және басқа да мәлметтерді
таңдау, оларды түсіндіру және талдау, сонымен қатар оларды сызба немесе
басқа да суреттер нысанында көрсету;
– дәлелденген қорытындылар жасау, жұмысытың ғылыми нәтижесін
құрастыру және тәжірибелік ұсыныстар жасау;
– әдеби тілмен өз ойын сауатты түрде жеткізу, жұмысты дұрыс рәсімдеу
керек;
– қазіргі ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану
арқылы алынған нәтижелермен презентация өткізу.
8
2 ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫБЫН ТАҢДАУ ЖӘНЕ БЕКІТУ
Мамандандырылған жұмыстардың үлгі ретіндегі тақырыптар шығарушы
кафедрамен жасалып және жеке құжат түрінде көрсетіледі және жыл сайын
30%
-
ы
жаңартылып
отырады,
тақырыптар
«Есеп
және
аудит»
мамандықтарына сай келуі қажет. Мамандықтар қиылысында тақырыптардың
тізімі А ҚОСЫМШАСЫНДА көрсетілген.
Диплом жұмысының тақырыбы мамандық дайындау профиліне және
мамандыққа сәйкес болуы керек, өзекті болуы керек, алатын мамандығына
сәйкес экономикалық ғылымдарды дамыту келешегіне және қазіргі жағдайына
сәйкес болуы керек, сонымен қатар экономиканың нақты міндеттері мен
проблемаларын да ескеруі керек.
Диплом жұмысының тақырыбының құрылуы экономика салалары және
әр түрлі сфералар ұйымдарының және кәсіпорын қызметтерінің тиімділігін
жоғарлатуға көмегін тигізетін, нақты тәжірибелік шешімді көздеуі керек, анық
көрініс табуы керек.
Диплом жұмысының тақырыбын құрастыру кезінде ғылыми ізденістің
бағытын және әдістерін, зерттеу объектісін және пәнін, мақсаты мен
міндеттерін ескерген жөн. Міндеттері мен мақсатын құрастыру «зерттеу»,
«жетілдіру (даму)...», «жобалау (жасау)...», «талдау (бағалау)...», «жоғарлату
(төмендеу)...», «жақсарту...» сөзінен басталуы керек және т.б. Мақсат пен
міндеттің аралас жүруіне рұқсат етіледі. Мысалы: «талдау және жетілдіру...»,
«жобалау және бағалау...».
«Қаржы, есеп және салық салу» кафедрасында диплом жұмысы
кәсіпорындар, ұйымдар, банктер, қаржылық және салықтық бақылау
органдары, аудиторлық және сақтандыру фирмалары, зейнетақы қорлары және
т.б. тапсырыстары бойынша орындалады. Бұл үшін тапсырыс бойынша
орындалатын диплом жұмысы кәсіпорындарының жетекшісі Д. Серікбаев
атындағы Шығыс-Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің мекен
жайына тапсырыс-хат жолдайды, үлгісі Б ҚОСЫМШАСЫНДА көрсетілген.
Диплом жұмысы үшін материалдар жинау және зерттеу базасы болып
тапсырыс бойынша орындалатын диплом жұмысы және студент өтетін
өндірістік (диплом алдындағы) іс-тәжірибе табылады. Міндетті жағдай студент
қорғайтын, мамандық және диплом жұмысының тақырыбы онымен шешілетін
міндеттердің сипатына сай келуі болып табылады.
Сырттай нысанда оқитын студент диплом жұмысының тақырыбын оның
өндірістік профильімен байланысты таңдап алынуы мүмкін, егер ол онымен
алатын мамандығына сәйкес болса.
Тақырыпты таңдау кезінде студент басқару процестерін жетілдіруде
ұйымның мұқтаждығына, арнайы әдебиеттердің болуына, атап айтқанда
статистикалық,
мәлметтерді,
бастапқы
мәлметтерді
алу
мүмкіндігіне,
профессорлық-оқытушылық құрылымның ұсыныстарына, кафедраның ғылыми
мамандануына, сол немесе басқа да мәселеге өзінің қызығушылығына жүгінуі
керек.
Кафедра диплом жұмысының тақырыптарымен ағымдағы оқу жылының 1
9
желтоқсанына дейінгі мерзімде анықтамаған (тақырыпты және жетекшіні
бекіту бойынша өтініш жазбаған, сонымен қатар тапсырыс-хат тапсырмаған),
студенттердің диплом жұмысының тақырыптарын бұйрыққа қоспауға құқылы.
Бұл аталған оқу жылында қорғауға жіберілген студенттердің қатарынан
алынып тасталуға әкелуі мүмкін.
10
3 ДИПЛОМДЫҚ ЖОБАЛАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
3.1 Кафедралар қызметі
«Қаржы, есеп және салық салу» кафедрасы дипломдық жобалауға
ғылыми жетекшілікті, ал экономика және менеджмент деканаты - әкімшілік
жетекшілікті қамтамасыз етеді.
Кафедра диплом жазушыларға профессорлар, доценттер, аға оқытушылар,
сонымен қатар жоғарғы экономикалық білімі бар, еңбек өтілі 3 жылдан кем емес
және бас маманнан (бөлім басшысы) төмен емес лауазымда жұмыс атқаратын
жоғарғы маманданған маман-өндірісте жұмыс атқаратындардың қатарынан
ғылыми жетекші тағайындайды,
Студент-диплом жазушы кафедрамен келісе отырып жоғарыда аталған
белгілерді ескере отырып, диплом жұмысын орындайтын материалдар
бойынша, кәсіпорыннан дербес өзіне жетекші таңдауына болады.
Жетекшіні таңдағаннан немесе тағайындағаннан кейін студент өз
қолымен бекітілген нысанда (В ҚОСЫМШАСЫ) кафедра меңгерушісінің
атына өтініш жазады және диплом жұмысының жетекшісінің келісімі жөніндегі
белгісімен қысқы емтихандық сессияға басталғанға дейінгі мерзімде кафедраға
табыс
етеді.
Кафедра
меңгерушісі
диплом
жұмысының
жетекшісін
тағайындауды бекітеді. Көрсетілген мерзімге дейін бекітілген нысанда
кафедраға өтініш тапсырмаған студенттер, диплом жұмысының жетекшілерін
және тақырыбын бекітуге жасалған бұйрыққа қосылмайды.
Диплом жұмысының жетекшілерін және тақырыбын бекітуге жасалған
бұйрықты бекіткеннен кейін, тақырып атауын және жаңа жетекші таңдауға
өзгерістер енгізуге университет ректоры рұқсат бермейді.
Кафедра меңгерушісі бітірушінің диплом алдындағы іс-тәжірибесін өтуі
үшін және оның диплом жұмысын жазуы үшін жүйелі түрде бақылауды
қамтамасыз етеді.
3.2 Диплом жұмысы ғылыми жетекшісінің қызметтері
Диплом жұмысы ғылыми жетекшісінің міндеттері:
– бітіру жұмысын дайындау процесінде студент-диплом жазушыға
ғылыми, әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету;
– студентке тақырып таңдауда және диплом жұмысын жүйелеуде,
сонымен қатар қолданыстағы «Әдістемелік нұсқаулар» жеке жағдайларын
қажет болғанда түсіндіру»;
– диплом жұмысын орындауға тапсырма береді;
– бітірушімен бірге диплом жұмысын орындаудың барлық кезеңіне
(ҚОСЫМША Г) жоспар-кесте құрады;
– тақырып бойынша әдебиеттер және қажетті көздерді іздеу бағытына
студенттерді бейімдейді, талдау жүргізу әдістемесін таңдауда (зерттеу, жасау,
т.б.) көмек көрсетеді;
– студент-диплом жазушыға жүйелі түрде кеңес беріп отырады,
дайындаудың барлық кезеңдерінде және диплом жұмысын жазу және оны
11
қорғауға дейін бақылау жасап отырады. Студент-диплом жазушы жетекші
алдында тапсырманы орындағаны туралы айына екі реттен кем емес есеп беріп
отырады.
– баяндама жасауға дайындыққа және МАК отырысында оның қорғауы
барысында жұмысты презентациялауға қажетті көмек көрсетеді;
– қойылатын талаптарға сәйкес жұмыс туралы жазбаша пікір береді.
Диплом жұмысын дайындау және орындаудың әр түрлі кезеңінде ғылыми
жетекші міндеттері өзгеріп отырады.
Диплом жұмысын дайындаудың бірінші кезеңінде ғылыми жетекші
тақырып таңдауға кеңес береді, жұмыс жоспарын қарастырады және түзетеді
және әдебиеттер тізімі бойынша ұсыныстар береді. Диплом жұмысының
тақырыбын таңдағаннан кейін диплом жұмысын тапсырма беріледі. Диплом
жұмысының тапсырмасы төмендегілерден тұрады:
– бастапқы материалдар сипаттамасынан (өндірістік (диплом алдындағы)
іс-тәжірибе
есебі,
статистика
бойынша
ҚР
агенттігінің
мәлметтері,
шаруашылық субъектілерінің есебі, алғашқы ақпараттар);
– студенттермен жасалынатын, сұрақтар тізімі;
– ұсынылатын әдебиеттер тізімі;
– сызба (суреттеу) материалдарының тізімі.
Содан кейін жеке бөлімдерді орындау кезектілігін көрсетумен диплом
жұмысының барлық кезеңіне күнтізбелік кесте құрылады. Күнтізбелік жоспар-
кесте студент пен ғылыми жетекшінің бірлескен жұмысын анықтайтын, жұмыс
құжаты болып табылады, сондықтан да ол диплом жұмысына салынбайды.
Жұмысты орындау барысында ғылыми жетекші диплом жазушыға
кемшіліктерді, аргументтерді, компазиция, стиль және т.б. көрсететін оппонент
болып табылады және оларды қалай жақсарту қажет екендігіне ұсыныстар
жасайды. Ғылыми жетекшінің ескертулері мен ұсыныстарына диплом жазушы
критикалық тұрғыда қарауы керек. Ол өз көзқарасы бойынша оларды ескеруі
немесе ескермеуі мүмкін, өйткені тақырыпты ашуы және теориялық және
әдістемелік дұрыс жасауы, сонымен қатар мазмұнының сапасы және диплом
жұмысын рәсімдеу толығымен диплом жазушыға байланысты, барлық
жауапкершілік өз мойнына артылады. Студент-диплом жазушы қол қойған,
аяқталған диплом жұмысы жетекшіге қорғауға 10 күн қалғанға дейінгі
мерзімнен кешіктірілмей табыс етілуі керек.
Диплом жұмысының соңғы нұсқасын алғаннан кейін ғылыми жетекші
сарапшы ретінде қатысады. Ол диплом жұмысына қол қояды және жазбаша
пікір жазады, бұнда диплом жұмысының сапасы жан-жақты сипатталады, оң
жақтары белгіленеді, диплом жазушымен түзетілмеген бұрын берілген
кемшіліктерге ерекше мән беріледі, студенттің диплом жұмысын жазуы кезінде
жұмысқа қабілеттілігі, қабілеті, жылдамдығы, арнайы дайындық деңгейі,
дербестігі, творчествалық дәрежесі сипатталады. Сонымен бірге жетекші
диплом жұмысына баға қоймайды, тек қана Мемлекеттік аттестациялық
комиссияда қорғауға ұсынады немес ұсынбайды.
12
4 ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫН ОРЫНДАУ
4.1 Диплом жұмысын жазуға дайындық
Еңбек шығынын үнемдеу мақсатында диплом жұмысының бірінші
фрагментін жазбастан бұрын оны рәсімдеуге қойылатын талаптарды зерделеу
қажет.
Диплом жұмысын жазуға дайындықты диплом жазушыға таңдалған
тақырыптың зерттелу пәнін бағалауға көмек беретін, ғылыми статьялар және
оқу құралдары, монографияларды қоса, әдебиеттермен танысудан бастау керек.
Көздер және әдебиеттермен жұмыс жасау процесінде сол немесе басқа
зерттелетін мәселеге жататын, фактілер мен оқиғалар бойынша көшірмелер
жасау ұсынылады. Көшірмелерді беттің бір жағына жасау мақсатқа лайық, бұл
көпшілік жағдайда материалдарды топтауды және өңдеуді жеңілдетеді. Бұл
кезде көшірме жасалынған, әдебиеттер мен көздердің шығарылуын нақты
көрсету қажет.
Студент-диплом жазушы өзінің жұмысында құжаттардың дұрыстығын
тексеру керек, оны құрушыларға кімдердің көзқарастарына сүйенген, осы
құжаттардың қолданылғаны анық па және қандай мақсатта қолданылған.
Көздер мен әдебиеттерді зерделегеннен кейін диплом жұмысының толық
жоспарын құру қажет және оны ғылыми жетекшімен келісу қажет. Жоспар
жұмыс барысында анықтала түседі. Оның соңғы нұсқасы негізгі көздер мен
әдебиеттерді өңдегеннен кейін құрыларды, ғылыми жетекшімен бекітіледі және
міндетті құжат болып табылады, өзгеріс жасау тек жетекшінің келісімімен ғана
болады.
Кіріспе, бөлімдер және қорытындыны жазу шамасы бойынша диплом
жазушы оны жетекшіге көрсетеді және диплом жұмысына дайындықтың
бекітілген кестесіне, мерзімдеріне оның ескертуі есебімен оны қайта түзейді.
4.2 Диплом жұмысының құрылымы және мазмұны
Диплом жұмысының құрылымы
Достарыңызбен бөлісу: |