Дипломдық жұмысым жайлы Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер тізімі Кіріспе



бет3/4
Дата28.06.2022
өлшемі1,12 Mb.
#37378
түріДиплом
1   2   3   4
Байланысты:
Diplomdy 1179 zh 1201 mys

Дипломдық жұмысым жайлы

Дипломдық жұмысты бастамас бұрын түрлі идеялар ойға келді, Adobe Photoshop бағдарламасының мүмкініндіктері орасан зор. Интернеттен әр түрлі жанрдағы жұмыстарды көріп өзіме бірнеше тың ой түртіп алдым.






Басында әр-түрлі идеялар болды және оны реализациялауда біршама қиындықтар болды. Менің бірінші жасаған жұмысымда табиғат туралы болды. Адам мен табиғат бірін бірі толықтырып тұрады. Картинанын орталық бөлігіне өзімді бейнеледім, артқы фонда таулар мен әсем табиғат көрінісі көрсетілген. Аспанда әуе шарлары ұшып жүр. Алдынғы планда қойлар жайлып, көбелектер ұшып жүр. Бұл картинамнын негізгі идеясы адам мен табиғаттын бірі бірімен байланысын көрсеткім келді. (Сурет 1).

Сурет 1. Адам мен табиғат үндестігі


Екінші композициялық жұмысымда фантазиялық шешімдерге мән бере отырып ойластырдым. Мен реализмды емес фантазияға, түске, детализацияға көп мән бергім келді. Бұл жұмысым фотомонтаж әдісімен орындалғандықтан, соған байланысты бір композициялық шешімді ойластырдым. Ол аспанда ұшып жүрген киттер туралы болды. Бұл композицияның ішінде біз ұшып жүрген екі китті және сол киттреге қарап тұрған қызды, үлген жарық айды, ағып бара жатқан жұлдыздарды, талды, қалын бұлттарды байқаймыз.


Артқы планда үлкен көлемде жарық беріп тұрған ай мен алыста орналасқан планета және құйрықты кометаларды орналастырдым.


Дипломдық жұмысымда өмірде кездеспейтін құбылыстарды көрсету арқылы адамнын ішкі жан дүниесінде болып жатқан қиял ғажайып көріністі суретегім келді.
Картинанын ортасында аспанда жүзіп келе жатқан киттерді бейнеледім. Алдынғы планда бұлтпен таласқан заңғар таудын ең биік шынынада тұрған бой жеткен қыз ұшып келе жатқан киттерге қарап таңғалып тұр.
Қыздын артқы жағында таудын басында өскен зәулім ағаш бейнеленген. Аспанмен таласқан бұлттар киттердін астында бейне бір терең мұхит сияқты көсіліп жатыр.
Дипломдық жұмысымнын бірінші кезенінде фон ретінде аспан бейнеленген фотоны алдым, екінші кезенде бұлттарды алып картинанын астынғы бөлігіне орналастырдым.
Үшінші кезенде айдын суретін алып келіп оған әр-түрлі жарық беретін әсерлерді пайдаландым. Төртінші кезенде киттерді кесіп алып бірнешеуін аспанға қойып оғанда әсерлер бердім. Одан кейінгі кезенде тал мен қызды алып келіп картинанын алдынғы планына қойдым.
Артқы планға кометалар мен планетаны қойып түнгі аспанға үйлестіріп және жалпы картинаға көкшіл әсер беріп, айдан түскен жарықты бұлттардын бетіне көрсеттім.
Әр детальмен жеке-жеке жұмыс жасап жарық көлеңкелерін көрсетіп, жалпы бір түстік шешімге бағындырдым.
Бұл картинамда менің көз қарасыммен фантазиялық ұшқыр ой қиял ұштасып жатыр. Өмірде кездеспейтін құбылыстар көз алдында өзгеріп суда жүзетін киттер аспанда қалықтап космоста сапар шегіп келе жатқаны бір керемет емес па?!
Адманың ой қиялы шексіз, ұшқыр, жылдам болып келеді, мен де осы жұмысым арқылы түпсіз терең қиял ұшар биігіне қонған, еркін самғаған қыран құстай сезінем.

Сурет 2. Ғажайып әлем






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет