Компьютерлік графика туралы
Компьютерлік графика – әр түрлі кескіндерді (суреттерді, сызбаларды, мультипликацияларды) компьютердің көмегімен алуды қарастыратын информатиканың маңызды саласы.
Дербес компьютерді пайдаланушылардың қатарында компьютерлік графикамен айналысатындардың саны күн санап артып келеді. Қазіргі кез-келген мекемеде кей уақытта газеттер мен журналдарға жарнамаларға тапсырыс беру немесе жарнамалық парақшалар мен буклеттер басып шығару қажеттілігі туындайды. Олардың кейбіреулері осындай жұмыстарды арнайы дизайнерлік бюролар мен жарнамалық агенттіктерге тапсырса, кейбіреулері қолда бар программалық құралдарын пайдаланып, өз күштерімен жасауға тырысады.
Қазіргі танымал программалардың ешқайсысы компьютерлік графикасыз жұмыс істемейді. Статистикаға сүйенсек, жаппай қолданыста жүрген программаларды жасап шығарушы программистік ұжымның қызметкерлері өз жұмыстарының 90 % уақытын осы графикамен шұғылдануға жұмсайды екен.
Графикалық программаларды кез кезде қолдану қажеттілігі.Интернеттің және бірінші кезекте миллиондағн интернет парақтарын бір «өрмекпен» байланыстырєан World Wide Web қызметінің пайда болуынан туындады.Өйткені компьютерлік графикасыз безендірілген web-парақтың бүкіләлемдік желіде басқалардың көзіне түсіп, танымал болуы екіталай.
Қазіргі компьютерлік графика тек көркемдеу мен безендірумен үшін ғана емес, ғылым мен медицинаның барлық саласында, коммерциялық және алуан түрлі ақпаратты көрнекі түрде көрсету үшін сызбалар, графиктер, диаграммалар жасау үшін қолданылады.
Конструкторлар автомобильдің немесе ұшақтың жаңа үлгілерін құрастырған кезде олардың соңғы көрінісін алу үшін графикалық объектілерді қолданады. Архитекторлар монитор экранында болашақ ғимараттың кез келген кескінін жасап, оның жер бедерімен қалай жанасатынын алдын-ала болжай алады (Сурет 1).
Сурет 1. Компьютерлік графика
Adobe Photoshop бағдарламасынын мүмкіндіктері
Adobe Photoshop - суреттерді, мәтіндерді өзгертуге, түрлендіруге, сақтауға арналған ең танымалы графикалық бағдарлама болып табылады. Adobe Photoshop графикалық бағдарламасы түстер палитрасымен жұмыс істеуге, суреттерді еңгізуге және шығаруға, контурларын ерекшелеуге, түс тандауға, сурет фильтрін тандауға, өлшемі мен кеңейтілімін өзгертуге, суреттерді түстендіруге және басып шығаруға мүмкіндік береді.
Adobe Photoshop интерфейсі бағдарламамен өзара әрекеттесу әртүрлі деңгейдегі қолданушыларға арналып ойластырылған. Бағдарламамен жұмыс істеу: командаларды тышқанды басу арқылы жүзеге асыру және пернетақтада белгілі бір перне комбинацияларын басу арқылы операцияларды жүзеге асыру. Операцияларды жүзеге асырудың екі түрі де бір бірінен оңайлығымен және функцияны орындау жылдамдығымен ерекшеленеді. Әдеттегідей: бағдарламамен енді жұмыс ісеуді бастаған адам меню арқылы жұмыс істегенді таңдайды, ал маман пернетақта арқылы.
Adobe Photoshop бағдарламасындағы кез-келген сурет растрлық болып табылады. Ол сканер арқылы еңгізілсін, басқа бір бағдарламадан еңгізілсін немесе фотошоп бағдарламасы арқылы жасалсын ол – растрлық болып табылады. Растрлық суреттер - кішкене тік төртбұрышты түстер қосындысынан тұрады. Әрбір нүкте - пиксель деп аталады. Ол белгілі бір түсті немесе реңді көрсетеді. Пиксельді суретті үлкейту арқылы пиксельдерді бөлек - бөлек өзгертуге болады.
Сонымен Adobe Photoshop пиксельдік бейнелерді құруға және өзгертуге байланысты кез келген жұмысты атқаруға мамандандырылған бағдарлама. Төменде бағдарламаны пайдаланушылар келтірілген:
Суретші - иллюстратор (мультипликатор). Бұл салада жұмыс істейтін маман әртірлі композициялық суреттерді салудан бастап оны сақтап, басқа суреттермен байланыстырып, сканерден алынған бейнелермен комбинация жасап оған көптеген фильтірлер қолдануына болады.
Суретші - дизайнер. Бұл бағдарлама арқылы сәретші - дизайнер өзінің шығармашылық диапазонын кеңейтіп, тимді нәтижелерге жетуіне болатынына сөзсіз сенемін.
Полиграфист негізінде баспаға басар алдындағы жұмыспен, яғни сканерден бейнені шығару, корректировка, түс таңдау, CMYK режимінде редакторлауға және дуплекстермен жұмыс жасаумен айналысады. Photoshop осы жұмыстармен және бұдан да көп жұмыс түрімен айналысуына мүмкіндік береді.
Фотограф немесе ретушер. Егер жұмысқа қажетті керекті сыртқы құрылғылар, яғни сканер, циферлік фотоапарат болса бұл маман иесі шексіз мүмкіндікке ие болып отыр. Ескере кететін жай егер Photoshop сияқты күшті бағдарлама болмаса жоғарыда аталған құрылғылар мүмкіндіктерін толығымен пайдалану қиын болар еді.
Photoshop - кәсіби фотографтардың да, әуесқойлардың да өмірін жеңілдетеді, тіпті нашар смартфонға түсірілген суреттерді де жөндеуге болады. Шынында да, бағдарламада фотосуреттердің барлық параметрлерін өңдеуге болады: толып кеткен көкжиек, перспективаның бұрмалануы, нашар жарықтандыру, төмен контраст немесе жағымсыз түс реңктері (Сурет 1).
Сурет 1. Фотосуреттерді жөндеу
Толып жатқан көкжиек пен нашар жарықтандыру фотографтың жалғыз қиындықтары емес. Кейде модельдің бетіндегі безеу проблемаға айналады, ал кейде фондағы объектер көркемдік кадрға үйлеспей қалады. Бірақ фотошоптын көмегімен фотосуреттердегі кемшіліктерді жою оңай. Бетіндегі безеулер, маңдайдағы шаштар, аспандағы құстар немесе ескі суреттердегі жарықтар. Фотопортреттермен жұмыс жасай отырып, ретушерлер көбінесе терінің өңін тегістейді, еріннің, шаштың немесе киімнің реңктерін өзгертеді. Бұл үшін пайдаланылуы мүмкін әсерлер размытия және перекрашивание жекелеген объектілерді кейіннен қолданса болады. Бағдарламада суретті жақсартуға және барлық кемшіліктерді жоюға болады (Сурет 2).
Сурет 2. Фотосуретті өндеу
Photoshop — тың тағы бір мақсаты-әртүрлі суреттердің фрагменттерін бір-біріне біріктіру, коллаждар мен фотомонтаж жасау.
Коллаждар-суреттердің кез-келген фрагменттері. Олар бір жарық көзі мен перспективамен біріктірілмеген, бірақ олар бір-бірімен әдемі көрінеді. Мудбордтар, көптеген жарнамалық материалдар немесе интерьер плакаттары осылай жасалады. Коллаж жасау кезінде олар жақсы композицияға және түстердің жағымды үйлесіміне ұмтылады. Мұндай суреттер реализмді талап етпейді.
Сурет 3.
Коллаждан айырмашылығы, фотомонтаж-бұл барлық объектілер перспективаның бір ережелеріне бағынатын және бірдей жарықтандырылған сурет. Мұндай суреттер әдемі көрінеді Олар үшін қолайлы суреттерді таңдау оңай, ал біріктіру үшін олар маскаларды пайдаланады немесе әртүрлі суреттерде қажетті фрагменттерді бөліп алып, оларды біріктіреді. Орнату үшін фотосуреттерді өте мұқият таңду қажет, жарық және көлеңкелер мен перспективалар ұқсас болуы үшін. Әрине, содан кейін мұның бәрі бағдарламадағы құралдармен ішінара реттеледі. Бірақ неғұрлым көп өңдеу керек болса, реализмге жету соғұрлым қиын болады.
Сурет 4. Фотомонтаж
Достарыңызбен бөлісу: |