бастапқы звено деп аталады.
Кинематикалық жұп – өзара салыстырмалы қозғалыстағы жанасқан
екі звеноның қозғалмалы қосылысы.
Кинематикалық жұптар еркіндік дәрежесінің және байланыс
шарттарының санына, сондай - ақ жанасушы звенолардың элементтерінің
түрлеріне байланысты бөлінеді (классификацияланады).
1.1
Кинематикалық жұптардың еркіндік дәрежесі және байланыс
санына қарай классификациясы (бөлінуі)
Механикалық жүйенің еркіндік дәрежесінің саны (Н) деп жүйенің
тәуелсіз орын ауыстырулар санын айтады. Кеңістікте еркін қозғалатын қатты
дененің еркіндік дәрежесі алтыға тең: үшеуі қозғалмайтын координаттар
осьтерінің бойымен мүмкін орын ауыстыруы, ал үшеуі - осы осьтердің
айналасында айналуы.
Кинематикалық жұпқа кіретін звенолар үшін олардың салыстырмалы
қозғалысындағы еркіндік дәрежесі әрқашанда алтыдан кем. Себебі
кинематикалық жұп звеноларының тұрақты жанасу шарты мүмкін
қозғалыстар санын азайтады. В.В.Добровольскийдің ұсынуы бойынша
кинематикалық жұптар еркіндік дәрежесінің саны бойынша бір-, екі-, үш-,
Достарыңызбен бөлісу: |