Дипломдық жұмыстарды (жобаларды) дайындау және ресімдеу бойынша әдістемелік нұсқаулар


 Дипломдық жұмысты (жобаны) жазу ретіне қойылатын талаптар



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата10.03.2023
өлшемі0,65 Mb.
#73228
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7
 
Дипломдық жұмысты (жобаны) жазу ретіне қойылатын талаптар 
3.1 
Дипломдық жұмыс (жоба) соңғы оқу жылы ішінде орындалады. 
Дипломдық жұмысты (жобаны) дайындауға кететін уақыт шығындары 
бакалавриаттың тиісті білім беру бағдарламасының оқу жоспарымен және 
академиялық күнтізбесімен анықталады. 
3.2 
Дипломдық жұмысты (жобаны) жазу үшін әрбір студентке 
кафедраның ұсынуымен ғылыми жетекші тағайындалады, ол UNIVER жүйесінде 
көрсетіледі. 
3.3 
Дипломдық жұмыстардың (жобалардың) ғылыми жетекшілері 
болып профессорлар, доценттер (қауымдастырылған профессорлар), аға 
оқытушылар (3 жылдан астам жұмыс өтілі бар) тағайындалады. 
3.4 
Дипломдық жұмыстар (жобалар) тақырыптарының ғылыми 
жетекшілігін кафедра ПОҚ, кафедра меңгерушілері арасында бөлу кезінде
сондай-ақ біліктілігі, жұмыс өтілі, ПОҚ-да орындалатын ғылыми жобалардың 
болуын ескере отырып, бірқалыпты принципін басшылыққа алу қажет. 
Дипломдық жұмыстың (жобаның) ғылыми жетекшісі: 
 дипломдық жұмысты (жобаны) орындауға тапсырма береді; 
 студентке дипломдық жұмысты (жобаны) жасаудың толық мерзіміне 
күнтізбелік кестені құрастыруға көмектеседі; 
 студентке керекті негізгі әдебиеттерді, анықтама және мұрағаттық 
материалдарды, типтік жобалар мен тақырып бойынша басқа да мәліметтерді 
ұсынады; 
 дипломдық жұмыстың күнтізбелік кестесінің орындалуын бақылап отыру 
үшін кеңес беру кестесін анықтайды; 
 дипломдық жұмыстың (жобаның) барлық тарауларының көлемін анықтап, 
студент пен кеңес берушілердің жұмысын үйлестіріп отырады. 
3.5 
Рецензент ретінде жоғары оқу орындарының профессорлары, 
доценттері, оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері, сондай-ақ басқа 
ұйымдардың жоғары білікті мамандары мен ғылыми қызметкерлері 
тағайындалады. Рецензенттер студент орындаған жұмыстың (жобаның) тиісті 
бөлімдерін тексереді және дипломдық жұмысқа (жобаға) пікір жазады. 
3.6 
Кафедра меңгерушісі дипломдық жұмысты (жобаны) орындау 
бойынша студенттің мерзімді есебінің мерзімін белгілейді. Бұл мерзімде студент 
бітіруші кафедра алдында есеп береді, ол дипломдық жұмыстың (жобаның) 
дайындық дәрежесін белгілейді. 
3.7 
Дипломдық жұмыс (жоба) білім беру бағдарламасы бойынша 
әдебиеттерді терең зерделеу негізінде орындалады (оқулықтар, оқу құралдары, 
монографиялар, мерзімді әдебиеттер, дәрістік курстар, ғылыми журналдар, соның 
ішінде шет тілдерінде, нормативтік әдебиеттер және т.б.). 
3.8 
Дипломдық жұмыстың негізгі мәтінішығармашылық ойын, зерттеу 
әдістерінің негіздемесін, есептеу әдістері мен компьютерлік технологиялар 
арқылы алынған есептеулерді, жүргізілген тәжірибелердің сипаттамаларын, 
оларды талдау мен қорытындыларын, нұсқаулардың техникалық-экономикалық 


салыстыруын толық ашып, иллюстрациялар, графиктер, эскиздер, диаграммалар, 
схемалар және т.б. өңделуі керек. 
3.9 
Дипломдық жұмысты (жобаны) студент ЖОО-да, сондай-ақ 
кәсіпорында, ұйымда, ғылыми, жобалау-конструкторлық және басқа да 
ұйымдарда диплом алдындағы тәжірибе базасы ретінде орындай алады. 
Диплом алдындағы тәжірибенің нәтижесі одан әрі жұмыс істеу үшін 
тәжірибелік материалдарды іріктеу, сондай-ақ тәжірибеден өту орнынан 
мінездеме болуы тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет