Жасанды және табиғи жарықтануды ұйымдастыру
Оператор пультін жарықтандыруға үлкен талаптар қойылады, олар мыналар:
Жұмыс орнының жарықтану деңгейі жоғары болуы қажет;
Жарықтың біркелкі түсуі;
Көлеңкелердің жоқ болуы;
Жарықтанудың уақыт боынша тұрақты болуы;
Электр және өрт қауіпсіздігі, қарапайымдылығы, ыңғайлылығы.
Бөлменің бір жағында табиғи жарықтану қолданылады. Қолмен жасалған жарықтануда ең алдымен люменесценттік шамдар қолданылады, олардың жарық қайтаруы өте жоғары болып табылады. Біздің жағдайда ең орындысы люминесцентті лампа ЛБ және ЛТБ қолданылады, қуаттары 20, 40 немесе 80 Вт Қалыпты еңбек жағдайлары үшін жұмыс орнының дұрыс
жарықтандырылуының мәні зор.
ТТС басқару пультінің бөлмесі күндіз табиғи жарықпен жарықтандырылады, бірақ жұмыс кезекті-тәулікті жоспарда орындалғандықтан кешкі және түнгі уақытта жарықтандыру жасанды болып келеді.
Өндіріс ғимараттарының жарықтануы келесі негізгі талаптарға жауап беруі тиіс: жарықтану жеткілікті және біріңғай болуы керек, шектен тыс жарық, қалың және тез көлеңке тудырмау керек, жарық ағынының дұрыс бағыты.
Жасанды жарықтануды есептеу
Жалпы бірқалыпты жарықтануды есептеуде негіз ретінде жарық ағыны әдісін алуға болады. Бір шамның жарық ағыны келесі формула бойынша анықталады
мұндағы ÅÍ
– нормаланған min жарықталғандық; S– жарықталатын
бөлменің ауданы; Z– min жарықтану коэффициенті; N– бөлмедегі шамдардың саны; 𝜂– лампалардың жарық ағынын пайдалану коэффициенті.
Лампалардың жарық ағынын пайдалану коэффициентін таңдау үшін бөлме көрсеткішінің мәнін білу қажет.
Бөлме көрсеткіші келесі формула бойынша анықталады:
𝑖 = 𝐴𝐵
𝐻𝑃(𝐴+𝐵)
(4.2)
мұндағы A – бөлме ұзындығы; B– бөлме ені; 𝐻𝑃– шамдардың орналасу биіктігі.
i = 106 3.5(10+6)
= 1,1.
Онда шамның жарық ағыны келесіге тең:
л
Ф = 200 ∙ 10 ∙ 6 ∙ 1,1 ∙ 1,4 = 8324 ЛМ.
6 ∙ 0,37
Формулаға кіретін шамалардың мәні СН және П 2-4-91 «Табиғи және жасанды жарықтану» бойынша қолданылады. 5[20] таблицасы бойынша ЛДЦ
40 лампасын таңдап аламыз: кернеу-108 В; колба диаметрі - 38 10 3 м; лампа
ұзындығы - 1214 10 3 м; лампаның жарық ағыны 1520 лм.
Лампа санын анықтаймыз
𝑁40𝑏𝑡
= 8324 ≈ 6
1520
Осыған сәйкес бірлампалы шамдарды таңдаймыз, олар 3,5 м биіктікте екі қатар болып орналасады. Қатардың жалпы ұзындығы 7,5 м, яғни қатар 1,25 м қабырғаға жетпейді.
Достарыңызбен бөлісу: |