Парафин шөгінділерімен күресудің термобарохимиялық әдісі.
Ақінген кен орынын игеруде ұңғыма түп аймағына жылулық әсер ету парафинді және шайырлы мұнай беретін ұңғыларда жүргізіледі. Мұндай ұңғыларды өңдіру барысында мұнай температурасының түсуі есебінен оны құрайтын компоненттердің фазалық тепе-теңдігі бұзылып, парафиндер мен шайырлардың еру қасиеті төмендейді де, ұңғыма түп аймағында, ұңғыма қабырғасында және көтергіш құбырларда шөгеді. Кеуектердің бітелуінен қабаттың фильтрациялық қасиеті төмендеп, ұңғыма өнімділігі де азаяды.
Ұңғыма түп аймағын ысытқан кезде, құбырлардағы, ұңғы қабырғасындағы, фильтрациялық аймақ пен кеуектердегі парафин-шайырлы шөгінділер балқып мұнай ағынымен жер бетіне шығады. Сонымен қатар, тұтқырлық төмендейді және мұнайдың қозғалғыш қасиеті артып, оның қабаттағы да қозғалысы жақсарады.
Қазіргі таңда әртүрлі тиімділігі жоғары жылулық әдістер қолданым тапқан. Олардың негізгі мақсаты жылу көзін тікелей ұңғының түп аймағына жеткізіп, оны белгілі температураға дейін қыздыру. Бұл жағдайда жер бетінен берілетін жылуға қарағанда жылуды жоғалтудан құтылуға болады.
Ұңғыма түп аймағын негізінен тереңдік электрқыздырғыштармен және газ қыздырғыштармен, ыстық мұнаймен, мұнай өнімдерімен, сумен және бумен, және де термохимиялық әсер ету арқылы қыздырады.
1960-1990 жылдар арасында асфальт-шайырлы шөгінділерін жою мақсатымен қысым аккумуляторымен АДС қамтылған термохимиялық әсер кеңінен қолданылған. Ұңғыма түп аймағы жылулық, порохтық зарядтардың жануынан болған химиялық және 30-150 кг отынның 1-5 сек арасындағы жанып үлкен көлемдегі порохтық газдар себебінен соққыламалы-механикалық әсерге ұшырайды. Соңғы фактор үшін ұңғыма туп аймағында әртүрлі бұзулуларға әкелетін. Сондықтан көптеген өндіріс орындары бұл әдістен бас тартып басқа термоимплозия, термогазохимиялық сынды термохимиялық әдістерге көшті.
Термобарохимиялық әдісте зарядтарды жағу ұзақ уақытқа (0,5 сағат) созылғаннан кейін ұңғыма түп аймағына оптималды әрі тиімді әсер тигізеді [2].
Термобарохимиялық әдіс (ТБХӨ) технологиясында ұңғыны өңдеудің үш әдісі ұштасады: порох зарядтарын қолданатын термогазахимиялық әсер, химиялық әсер, және имплозионды қондырғылар арқасында гидроимпульстік және депрессиондық әсер[6].
Қарастырып отырған технологиялар ұңғыманы өңдеудің толық циклін қамти алады – органикалық шөгінділерді балқытуға қажетті жылулық әсер, бейорганикалық минералды шөгінділерді жоятын химиялық және гидроимпульстік, ұңғыма түп аймағындағы жылжымалы шөгінділерді жойып, тереңдік сораптық құрал-жабдықтардың кедергісіз жұмысын қамтамасыз ететін депрессионды әсер. ТБХӘ технологиясын қолданғандағы ұңғы өнімділігінің артуы 3 есе және одан да көп.
ТБХӘ технологиясының негізгі ерекшеліктері:
Өңдеу СКҚ немесе геофизикалық кабельмен түсірілетін құрал–жабдықтар жиынтығымен атқарылады.
Ұңғыманың түп аймағы бірмезгілде келесідей әсерге ұшырайды:
термогазохимиялық (ТГХӘ) әсер – перфорация интервалында АДС-5 қысым аккумуляторы негізінде порохты зарядтарды жағу. Жанатын отынға жану жылдамдығының төбен сызықтарына тән, ТБХӘ-ні ұзақ уақытқа дейін қамтып тұра алатын 10-30 минут
химиялық әсер-отынның ыссы жану өнімдерінен қызған ыстық газтәрізді химиялық реагенттер перфорация интервалынабірегей газсұйық ағынымен келеді.
Термобарохимиялық технологияның техникалық ерекшеліктері.
Достарыңызбен бөлісу: |