Дипломдық жоба мамандығы Тау-кен ісі Қарағанды 2022 Мазмұны



бет12/22
Дата08.05.2023
өлшемі1,35 Mb.
#91082
түріДиплом
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22
Байланысты:
Äèïëîìäû? æîáà ìàìàíäû?û Òàó-êåí ³ñ³ ?àðà?àíäû 2022 Ìàçì?íû

3 Карьер алабын ашу

Кен орнын ашу дегеніміз – жер бетінен жер қойнауындағы кен шоғырына жетуді қамтамасыз етеін кен қазбаларды үңгілеу. Қазу тәсіліне байланысты Карьертық, және шақтылықашу болып бөлінеді. Карьертық ашу күрделі орлар, жарма орлар , жартылай орлар және кейде жер асты қазбалар штольнялар және кенқұдықтар арқылы орындалады. Жекелеген жағдайда орсыз ашулар да болады. Орлар жазық жерлердегі кен орындарды ашуда, ал жартылай орлар таулы аймақтардағы кен орындарды ашуда қолданылады. Карьер нобайына сәйкес ашу қазбасының орналасуына, қызмет ететін деңгейжиектердің санына, пайдалануы мен тұрақтылығына байланысты ашуды сыртқы немсе ішкі, топтық немесе жалпылама, жеклеген немесе қосарланған және тұрақты немсе сырғумалы күрделі орлармен орындайды.


Кен орнын Карьер алабының нобайынан тыс орналасқан сыртқы орлармен және оржолдармен ашу 2-3 деңгейжиектермен шектеледі, себебі тау-кен құрылыс жұмыстарының көлемі Карьер нобайында орындалатын тау-кен жұмыстарының көлеміне қосылады. Карьер алабының нобайында орналасатын ішкі орларды үңгілеу жұмыстары жалпы тау-кен жұмыстар көлемінің бөлігі болып табылады; тау-кен құрылыс жұмыстар шығыны азаяды. Бірақ оларды қолдану трассаны күрделендіреді, Карьерты тұтыну кезінде кен массаны тасымалдаудың шығындарын жоғарылатады.


3.1 Аршынды туралы жалпы мәлімет

Пайдалы қазылымды ашық тәсілмен өндіру барысында карьердің жұмыс деңгейжиектерінде орнласқан үңгубеттерден жер бетіндегі немесе Карьертағы қабылдау пункттеріне тасымалданады.


Қабылдау пункттеріне аршынды жыныстар үшін ішкі және сыртқы үйінділер және пайдалы қазылым үшін кен қоймалар мен байыту фабрикалары жатады. Карьердің жұмыс деңгейжиектердің және кен массаны жер бетіндегі қабылдау пунттердің әртүрлі биіктік белгілері болады. Осылай, Карьертық кқөліктің сенімді және экономикалық жұмысын қамсыздандыратын Карьердағы тасымал коммуникацияларды жобалау барысында, оларды тек план бойынша ғана емес профильде де оңтайлы орналастыру міселесі туындайды. Бұл мәселе Карьер алабын ашуды жобалауда шешіледі.
Карьер алабын ашу аршынды жыныстарды үйінділерге, ал пайдалы қазылымды жер бетіндегі қабылдау пункттеріне жеткізу мақсатында карьердің жұмыс деңгейжиектерінен жер бетіне дейінгі тасымал коммуникацияларды орналастыру мақсатында үңгіленетін тау кен қазбалары арқылы орындалады. Тау кен ашу қазбалары жер бетінен немесе ашылған аралық жұмыс деңгейжиегінен басталып, ашу деңгежиегінің жұмыс алаңының биіктік белгісінде аяқталады.
Ашу тәсімін, жүйесін және тәсілін ажыратады. Ашу тәсілі ашу қазбалардың түрімен сипатталады. Көптеген жағдайларда карьердің жұмыс деңгейжиектерін ашуда ашық кен қазбаларын қолданады. Жер асты қазбалары не жер асты және ашық кен қазбалары арқылы ашу өте сирек орындалады. Кейбір жағдайларда жекелеген деңгейжиектерді ашу кен қазбаларынсыз да орындала береді.
Ашу тәсімі- белгілі уақыт аралығында карьердің жұмыс деңгейжиектері мен кен массаны жеткізу деңгейжиектерімен тасымал байланысын қамтамасыз ету мақсатында жргізілген барлық ашу қазбалардың жиынтығы. Ашу тәсімі тау кен жұмыстарының фактылы жағдайындағы ашу қазбалардың орналасу жағдайларымен, санымен және түрімен сипатталады.
Ашу жүйесі- карьердің қызмет ету мерзімі аралығында ашу тәсімдерінің өзгеру кезектілігі.
Ашу жүйесі кен орнын қазу барысында карьердің жұмыс деңгейжиектерін ашуда қолданылатын барлық ашу қазбалардың жиынтығын сипаттайды.
Карьертық көліктердің негізгі түрлерін қолдану арқылы карьердің жұмыс деңгейжиектерін ашу арнайы еніс қазбаларды жүргізуді қажет етеді. Сол қазбалардың параметрлері Карьертық көліктің техникалық мүмкіндіктеріне сәйкес болу қажет және оның қозғалыс қарқындылығы мен жанас жыныстардың физика-техникалық параметрлерін ескеру керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет