Дипломдық жобa тaқырыбы: «Бейметалдар тарауын оқыту кезінде оқушыларға экологиялық тәрбие қалыптастыру»


Aбaй aтындaғы Қaзaқ Ұлттық педaгогикaлық университетiнің Жаратылыстану және география институтына кіру алгоритмі



бет26/28
Дата11.03.2022
өлшемі12,29 Mb.
#27663
түріДиплом
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Aбaй aтындaғы Қaзaқ Ұлттық педaгогикaлық университетiнің Жаратылыстану және география институтына кіру алгоритмі.

Жұмыс үстелінде 1-суретте көрсетілгендей шолғыштың мекен-жайы жолына URL мекен-жайы енгізіледі (https://abaiuniversity.edu.kz/). Сілтемеге өткенде университеттің басты мәзірі ашылады. Жаратылыстану және география институтына өту үшін 6-суреттегі «Институттар» батырмасын басады. Институттар бөлімінде Жаратылыстану және география институты, Сорбонно-Қазақстан, Математика, физика және информатика институты, Педагогика және психология, Филология және көптілді білім беру институты, Өнер, мәдениет және спорт институты, Тарих және құқық институты, Шетелдік азаматтарға арналған және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультеті, Әскери кафедраның тізімі шығады.



6-сурет


Жаратылыстану және география институты бетінде оқушыларға 7-суретте көрсетілгендей институттың тарихы, институт директоры жайында толық мәлімет ашылады. Институтта 30 мамандықтар бойынша жоғары білікті мамандар даярлайды және оқытудың барлық формасы бойынша қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

Институттың жетекші профессор-оқытушылары жаңартылған білім беру мазмұндағы оқулықтар мен оқу құралдарының авторлары, оның ішінде монографиялар - 15, орта және жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар - 70, ағылшын тіліндегі оқулықтар - 33, оқу құралы - 41, электронды оқулық - 5, импакт-факторлы ғылыми журналдарға жарияланған мақалалар - 65, алыс және жақын шетелдегі журналдарда жарияланған мақалалар, ҚР ҒМБ БҒСБ-да жарияланған мақалалар, басқа ғылыми журналдарда жарияланған мақалалар саны 500-ден асады және 14 авторлық куәлігі бар.

Қазіргі таңда институтта белсенді түрде қос дипломды білім алу және академиялық ұтқырлық, ПОҚ біліктілік деңгейін көтеру жөнінде жұмыстар жүргізілуде. Институт кафедралары ҚР БҒМ жүйесінің жоғары оқу орындары және ғылыми-зерттеу мекемелерімен, ТМД елдері және алыс шетелдер (АҚШ, Ұлыбритания, Германия, РФ, Украина, Беларусь, Литва, Польша, ҚХР, Түркия және т.б.) университеттерімен тығыз байланыс орнатқан.

7-сурет





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет