Сіңіру бөлімі:Контактілік аппаратынан соң, SO3 және SO2 аз көлемінен тұратын газ абсорбциялық бөліміне түседі. Онда SO3 моногидратты сорғышта H2SO4 моногидратымен 98,3 %-ға дейін жұтылады.
Газ мұнараның төменгі жағындағы газ қорабына өтеді. Насос арқылы қышқыл қысымды бакқа беріледі. Ол жерден сорғыштың барлық қимасы бойынша таралады. H2SO4 тазартылғаннан кейін мұнараның төменгі жағында жиналады да, өз бетінше жинағышқа беріледі. Сонан соң, тоңазытқыштар арқылы насос көмегімен қайтадан тазартылуға жіберіледі. Құрамында азғана SO2 және SO3 бар, сондай-ақ, бүркінді қышқылдан тұратын өңделген газ қоспасы сорғыштан шығып, артқы бүркінді ұстағышқа бағыттылады. Сонан соң, металлургиялық цехтың құбырана шығарылады.
Бүркінді ұстағыштағы конденсат моногидратты сорғыштың жинағышына ағып келеді. Онда H2SO4 (98,3 %) тұрақты концентрациясын ұстау үшін, бірінші құрғату мұнарасы циклінен қышқыл беріледі. Сорғышты тазарту циклінде түзілетін қышқылдың артық бөлігі кептіргіш мұнараның І және ІІ жинағыштарына шығарылады. H2SO4 (98,3 %) моногидраты бірінші құрғату мұнарасының циклінен қоймаға түседі.